"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1441 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес «Аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 29.05.2015 жылғы № 18-2/501 Бұйрығын қараңыз
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1441 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесi
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және аңшылық шаруашылығын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
Аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн негiздеме
2. Жеке және заңды тұлғаларға аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) келiсiлген аңшылық алқаптарды бекiтiп беру туралы облыстық атқарушы органның шешiмi;
2) уәкiлеттi орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт негiздеме болып табылады.
Облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарды бекiтiп беру туралы шешiмi конкурстық комиссияның аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi шешiмiне немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар конкурсқа қатысушыларға аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың жеке меншiгiндегi немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде орналасқан аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi уәкiлеттi орган ұсынымының негiздемесiне сүйенедi.
3. Облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарды бекiтiп беру туралы шешiмiнiң негiзiнде уәкiлеттi органның аумақтық органы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы ұйымымен аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт жасасады.
4. Аңшылық шаруашылығын жүргiзу туралы шартта:
1) шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру нәтижелерi (қорықшылық қызмет штаты, аңшылық алқаптың алаңы мен шекарасының сипаттамасы, аңшылық алқаптың схема-картасы);
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1510 Қаулысымен (07.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану мерзiмi;
3) шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзу мерзiмi;
4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
5) жануарлар дүниесiн және олар мекендейтiн орындарды қорғау, молықтыру және орнықты пайдалану шарттары;
6) аңшылық алқаптарды бекiтiп беру конкурсына қатысу кезiнде аңшылық шаруашылығы ұйымы мәлiмдеген мiндеттемелер;
7) тараптардың жауапкершiлiгi көзделедi.
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығының паспорты аңшылық шаруашылығын жүргізу туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
5. Өзге учаскелерден басқа, бекiтiлуi жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру үшiн қажет және шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру материалының негiзiнде айқындалған мемлекеттiк орман қорының учаскелерi де құрамына енетiн аңшылық алқаптарында аңшылық шаруашылығын жүргiзу осы Ереженiң негiзiнде жүзеге асырылады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1510 Қаулысымен (07.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Аңшылық алқаптарын шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган мынадай көрсеткiштер бойынша аңшылық шаруашылығы санаттарын айқындайды:
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1510 Қаулысымен (07.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
___________________________________________________________________
Аңшылық | Аңшылық | Аң аулау | 1 (бiр) | Аңшылық
шаруашы-| шаруашылы- | объектiлерiне | қорықшыға | алқаптарды
лықтары-|ғының алатын| жатқызылған | күзетiлетiн | бекiтiп
ның са- | алаңының | мекендейтiн |алаңды бекiтiп| берудiң
наттары | нормасы | жануарлар | беру нормасы | ұсынылатын
| (гa) | түрлерiнiң | (га) |мерзiмi (жыл)
| | шектi мөлшерi | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5
___________________________________________________________________
I санат 1500-5000 49
____________________________
кемiнде 5000 тұяқты жануар-
лар түрлерi -
кемiнде 3,
ұсақ және
қанатты
құстың
түрлері -
кемiнде 5
II санат кемiнде тұяқты жануар- 5000-10000 40
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |