Toggle Dropdown
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 қыркүйек N 1140
Редакция 30.12.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 86-бабына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшері бекітілсін.
2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеуден алынған қаражат белгіленген тәртіппен бюджеттің кіріс жіктемесінің тиісті кодына аударуға жатады.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 4 қыркүйектегі
N 1140 қаулысымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу
ставкаларының мөлшері
__________________________________________________________________
N Жабайы хайуанның атауы Әрбір дарағы, әрбір
р/с килограммы үшін зиянды
___________________________________________________________________
1 2 3 ___________________________________________________________________
1 Құлжа* (арғалы, арқар, үстірт қойы) 1500
15 Қоян (ақ қоян, толай, ор қоян) 5
27 Ақтөс және орман сусарысы* 200
33 Тян-шань қоңыр аюы* 700
38 Бұғылар (теңбіл бұғыдан басқасы) 200
43 Түркістан сілеусіні* 200
44 Сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа) 20
48 Бүрме ерінді жарқанат* 200
53 Суырлар (байбақ, қызғылт, сұр) 10
57 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына 100
енгізілген сүтқоректілердің басқа да түрлері
58 Сүтқоректілердің басқа да түрлері 5
60 Үлкен, кіші суқұзғын 1
65 Тарбақ (үлкен және кіші) 5
66 Үлкен және кіші әупілдек 5
67 Қызыл және қара мамыққаз 10
70 Күшіген (тазқара, ақбас, гималайлық күшіген) 10
71 Қаздар (қутұмсық қаздан өзгесі) 5
79 Қызыл жемсаулы қараша қаз* 200
80 Жамансары (кәдімгі, обалық, жүнаяқ, қысқы 10
87 Шалшықшы (кішісі және сүйір тұмсықтысы)* 200
88 Шалшықшы (ірі және орта) 5
91 Сұңқылдақ аққу, кішісі* 400
93 Құладын (батпақ құладынынан басқасы) 5
99 Аққұйрық субүркіт*, кезқұйрық субүркіт* 400
100 Қызғылт бірқазан*, бұйра бірқазан* 400
102 Ақ құйрық қызғыш* 200
106 Ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық 200
111 Жапалақ, байғыз (үкіден өзгесі) 2
115 Үйректер (Қазақстан Республикасының Қызыл 1
кітабына енгізілгенінен басқасы)
121 Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына 100
енгізілген құстардың басқа да түрлері
122 Басқа да құс түрлері 5
124 Сары қыран кесіртке* 1
126 Сары қыран әбжылан* 1
127 Әбжыландар (қызылжолақты, жолақты және 1
128 Қара шұбар жылан, сарыбас жыландар, құмжыландар 1
132 Бауырымен жорғалаушылардың ғылыми және 1
ағартушылық маңызы бар басқа да түрлері
134 Қосмекенділердің ғылыми маңызы бар басқа да 1
135 Қазақстан Республикасы: қызыл кітабына 3
енгізілген қоңыздар мен көбелектер
136 Ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа 0,5
137 Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына 3
енгізілген жарғаққанаттылар
138 Жабайы аралар (ұясы үшін) 0,5
139 Жәндіктердің ғылыми және коллекциялық маңызы 0,5
140 Қарақұрттар, шаяндар, эрезустер, тарантулдар, 0,2
аргиопалар мен өрмекші тектілердің ғылыми және
коллекциялық маңызы бар басқа да улы түрлері
Балық, теңіз сүтқоректілері және су
омыртқасыздарының түрлері
141 Сырдариялық жауырындық*, шортан тектес ақмарқа*, 100
каспий және арал албырты*, ақбалы сылан*,
аққайран*, арал және түркістан қаязы*, шармайы*,
каспий жыланбалық*, таймень**, балқаш алабұғасы -
балқаш және іле таралымы, пілмай* - арал және іле
142 Қортпа, уылдырықты пілмай (әрбір кг үшін) 14
143 Қортпа, пілмай қысыры (әрбір килограмм үшін) 6
144 Бекіре, шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары 10
145 Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары 4,5
146 Сүйрік (әрбір килограмм үшін) 6
147 Майқан (үскіш), хариус, табан, бахтаң, форель, 3
қаражамбас майшабақ (әрбір килограмм үшін)
148 Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, 0,5
тікенбалық, жалғызкөз-глосса, ақмарқа, долгин
майшабағы (әрбір килограмм үшін)
149 Сазан, тұқы, көксерке, өсімдікпен қоректенетін 0,3
балықтар (әрбір килограмм үшін)
150 Шортан, жайын, лақа, жыланбас, қаракөз, 0,2
қылышбалық, қызылқанат, беріш, көкбас, қызылкөз,
шемей, шерміш (әрбір килограмм үшін)
151 Табан, мөңке, торта, тарғақбалық, айнакөз, 0,1
алабұға, оңғақ, ақтұқты (әрбір килограмм үшін)
152 Каспий итбалығы (әрбір дарағы үшін) 50
153 Шаян (әрбір дарағы үшін) 0,1
154 Салин артемиясы, гаммарус және басқа су 3
омыртқасыздары мен цисталары (шикі өнімнің
әрбір килограмы үшін) ___________________________________________________________________
* Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген түрлерге жататын жануарлар
әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;
әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер аналығының эмбрионы үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген нұқсанды өтеу мөлшерінің 50 проценті (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады.