Bestprofi Logo

Қаулы № 18 от 2004-01-08г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі N 1140 Қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2015 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі N 1140 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 18 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі N 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 31, 407-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу ставкаларының мөлшерінде:

"лер" деген сөз мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгеріссіз қалады;

мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;

әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер аналығының эмбрионы үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген нұқсанды өтеу мөлшерінің 50 проценті (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание