Bestprofi Logo

Қаулы № 18 от 2004-11-26г./Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 Нормативтік қаулысы

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың кейбір нормаларын сот тәжірибесінде біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 8-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың принциптерін сақтамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізілген істі оның сипаты мен мәніне қарай жарамсыз деп тануға, осындай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдердің күшін жоюға не осы орайда жиналған материалдардың дәлелдемелік күшін жоқ деп тануға әкеп соғатынын назарда ұстаған жөн.

2. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын, заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарында ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді атқаратын адамдарды лауазымды адамдар қатарына жатқызу керек.

Жеке кәсіпкерлер, коммерциялық заңды тұлғалардың басшылары және олардың қызметкерлері лауазымды адамдар қатарына жатпайды, бірақ оған қарамастан олар ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді атқаруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда лауазымды адамдар сияқты әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің ерекше бөлігімен лауазымды адамның, сондай-ақ заңды тұлғаның жауапкершілігі көзделсе, соңғының жауапкершілігі, егер әрекетті заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган немесе адам жасаған, санкция берген, мақұлдаған жағдайда ғана туындайды (ӘҚБтК-нің 36-бабының екінші бөлігі).

Лауазымды адамдар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараған кезде жауаптылыққа тартылған адамдардың қызметтік өкілеттігін реттейтін құрылтайшылық құжаттардың, бұйрықтардың және өзге де актілердің ережелерін әрбір нақты жағдайда ескеріп отырған жөн.

Егер ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінің баптарында заңды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық тікелей көзделсе, жеке кәсіпкер де заңды тұлға сияқты жауапқа тартылады.

3. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу негізгі, сондай-ақ қосымша әкімшілік жаза шарасы ретінде (ӘҚБтК-нің 46-бабының екінші бөлігі) қолданылуы мүмкін.

ӘҚБтК-нің ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясы осындай жазалау шарасын көздеген жағдайда іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

Егер соттың белгілеген мерзімінде қажетті әрекеттерді (шараларды) жүзеге асыру - қызметті тоқтата тұру арқылы құқық бұзушылық жойылса немесе құқық бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаса не қызметіне тыйым салу түрінде оны жою мүмкін болмаса, көрсетілген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болады.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрудың (ӘҚБтК-нің 53-бабының үшінші бөлігі) нақты мерзімін көрсету міндетті болып табылады.

Егер ӘҚБтК-нің ерекше бөлім баптарының санкциясы көрсетілген жазалау шарасын көздемесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы мәселе соттың істі талап қою өндірісінің тәртібімен қарауына жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) тиісті талап арызын сот барлық мүдделі адамдардың қатысуымен он күндік мерзім ішінде қарайды (ӘҚБтК-нің 53-бабының екінші бөлігі). Осы орайда тиісті орган (лауазымды адам) талап арызға кінәлі адамға қатысты жазылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, соттың шешуіне жататын қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу мәселесі туралы немесе әкімшілік жауапқа тарту жағдайындағы қаулыны талап арызға қоса тіркеуге міндетті.

4. ӘҚБтК-нің 60-бабының алтыншы бөлігінің талабы бойынша бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бір негізгі немесе негізгі және қосымша әкімшілік жаза (қосымша әкімшілік жазалар) қолданылуы мүмкін. Осы себепті адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылықтан босатылатын болса, онда ол негізгі жазадан, сондай-ақ қосымша жазадан (жазалардан) босатылуға жататынын соттардың ескерулері қажет.

5. Егер адам бірінші рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, келтірілген материалдық залалды істі қарағанға дейін өз еркімен өтесе немесе мүліктік емес сипатта келтірілген зиянның орнын өзгедей жолмен толтырса (кешірім өтінсе, моральдық зиянды өтесе, жәбірленушімен татуласу үшін өзге де әрекеттерді және т.б. жасаса), жасаған әрекетіне өкініш білдіруіне байланысты (ӘҚБтК-нің 67-бабы ) әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.

6. Әкімшілік құқық бұзушылықтың формальды белгілері бар, алайда зиянның мөлшерінің аздығына байланысты қоғамға қауіп тудырмайтын әрекетті аз мөлшерлі құқық бұзушылық деп түсіну керек.

Материалдық залал келтірген құқық бұзушылықты жасаған адамды ӘҚБтК-нің 68-бабының негізінде әкімшілік жазадан босату туралы мәселені шеше отырып, осы залал мөлшерінің ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінің баптарында көзделген санкция мөлшерінен кем болуға тиіс екенін ескеру қажет.

Мүліктік емес сипатта зиян келтірген құқық бұзушылықты жасаған адамды жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша әкімшілік жазадан босату туралы мәселені шешу кезінде қол сұғылған объектіні, құқық бұзушылықты жасаудың нақтылы мән-жайы назарға алынуға тиіс.

Құқық бұзушының жеке басының беделі, оның материалдық немесе отбасылық жағдайы, сондай-ақ оның құқық бұзушылықтан туындаған жағдайларды жоюға бағытталған әрекеттері құқық бұзушылық қауіптілігі дәрежесінің төмендеуін айғақтайтын мән-жайлар болып табылмайды.

7. Адамды ӘҚБтК-нің 71-бабында көзделген негіздер бойынша әкімшілік жазадан босату туралы мәселені шешу кезінде объективті себептердің және мән-жайлардың салдарынан әрекеттің қоғамдық қауіптілік белгісінің жойылуын, мән-жайлардың өзгеруі деп түсінген жөн.

Жауаптылыққа тартылған адамның белгіленген жазаны орындауына кедергі келтіретін ауыруы деп оның тиісті дәрігерлік қорытындымен расталған, әкімшілік жазаны орындауға мүмкіндік бермейтін хал-жағдайын түсіну керек.

Адамды ӘҚБтК-нің 67, 68, 71-баптарының негіздерінде әкімшілік жауапкершіліктен босатқан жағдайда іс өндірістен қысқартылуға жатады.

8. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға байланысты мәселелерді қарау кезінде осындай жағдайдың әкімшілік жауапкершілікке адам тартылмауға тиіс болғанда, іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар туындағанда (ӘҚБтК-нің 580-бабы ), сондай-ақ адамды әкімшілік жауапкершілікке тартуға немесе әкімшілік жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін мән-жайлар кезіккенде (ӘҚБтК-нің 71, 581-баптары ) орын алуы мүмкін екенін соттардың ескергендері жөн.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың нәтижелері бойынша кінәлі адам ӘҚБтК-нің 35-бабына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартуға жататын болса, онда осы мәселені шешу үшін іс материалдары тиісті органдарға жолдануы, әкімшілік іс қысқартылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық өндірісі бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы шешім істі әзірлеу барысында, сондай-ақ оны мәні бойынша қарағаннан кейін де қаулы түрінде (ӘҚБтК-нің 646-бабының үшінші бөлігі) шығарылады.

9. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы уәкілетті лауазымды адам жасайды. Оның мазмұны ӘҚБтК-нің 635-бабының екінші бөлігінде баяндалған талаптарға сәйкес болуы тиіс, ал оларды сақтамау ӘҚБтК-нің 646-бабының бірінші бөлігінің 4) тармақшасының талабына сай, сондай-ақ материалдардың толық ұсынылмауы, оларды істі қарау кезінде толықтырудың мүмкін болмауы іс материалдарын хаттаманы жасаған органға (лауазымды адамға) кері қайтаруға әкеп соғады.

Іс материалдарын кері қайтару туралы шешім ұйғарым түрінде шығарылады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание