• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 21.01.2015 г

Отправить по почте

"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 18 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 2 Нормативтік қаулысы

Осы Нормативтік қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қаңтардан бастап ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен сәйкес келтіру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың кейбір нормаларын сот тәжірибесінде біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 18 нормативтік қаулысына (2006 жылғы 16 қаңтардағы, 2007 жылғы 16 шілдедегі және 2008 жылғы 22 желтоқсандағы өзгерістермен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтағы өзгерістің қазақ тіліндегі мәтінге қатысы жоқ;
2) 2-тармақтың екінші абзацында «жеке нотариустар» деген сөздерден кейін «, жеке сот орындаушылар,» деген сөздермен толықтырылсын;
«ӘҚБтК-нің 46-бабының екінші бөлігіне сәйкес, шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіруді тек әкімшілік қамау түрінде негізгі әкімшілік жазамен қатар ӘҚБтК-нің 391-1-бабының үшінші бөлігі, 394-бабының екінші бөлігі бойынша қосымша әкімшілік жаза ретінде қолдануға жол беріледі.»;
4) 9-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«ӘҚБтК-нің 636-бабында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды адамдар тобы айқындалған. ӘҚБтК-нің 32-тарауында әкімшілік істердің қайда қарауға жататындығы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың тізбесі белгіленген.
ӘҚБтК-нің 640-бабының бірінші бөлігінің мазмұны бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап үш тәулiктің iшiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлетті мемлекеттік органға, лауазымды адамға жiберiледi. Заңның осы талабы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған лауазымды адамның өзі істі қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқығы болмаған жағдайларда, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған адамның істерді қарауын болдырмайтын, ӘҚБтК-де көзделген өзге де жағдайларда қолданылады.
Өзге жағдайларға, мысалы, ӘҚБтК-нің 539-бабының бесінші бөлігінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізілетін адамның арызы бойынша ӘҚБтК-нің 2-тарауының Ерекше бөлігінде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы істі судья қарайтындығы туралы талаптарын орындау жатады.
Құқық бұзушының істің шешілуі үшін елеулі маңызы бар өтінішін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде қанағаттандыру мүмкін болмаса, лауазымды адамды сол жерде әкімшілік жаза қолдану құқығынан айырады.
ӘҚБтК-нің 27-бабының үшінші бөлігінде, 539-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде, 541-бабында көзделген жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ӘҚБтК-нің 642-бабында белгіленген ережелерді сақтай отырып, мамандандырылған әкімшілік сотқа немесе аудандық сотқа қарау үшін жіберілуге тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған лауазымды адам ӘҚБтК-де тікелей көзделген әрі істі қарауды және сол жерде жазалау шарасын қолдануды болдырмайтын жағдайларды қоспағанда, әкімшілік істі өзі қарауға құқылы.»;
«Кәмелетке толмағанның айыппұл төленуі мүмкін дербес табысының немесе мүлкінің болуы немесе жоқтығы туралы мәліметті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іспен бірге ұсынады. Мұндай мәліметтердің берілмеуі материалдарды хаттама жасаған лауазымды адамға ӘҚБтК-нің 646-бабы 1-бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес қайтаруға негіз болып табылады.»;
6) 12-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Егер ӘҚБтК-нің бабының диспозициясында жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік көзделсе және осы зиянның ауырлығы көрсетілмесе, жәбірленуші сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан жағдайда, медициналық куәландыру актісі денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесі туралы деректер болмаса да осындай құқық бұзушылық салдарының туындауына дәлел бола алады. Бұл ретте ӘҚБтК-нің 605-бабының 5) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар өзге де растайтын құжаттардың (көрсетілген медициналық көмек туралы, уақытша еңбекке жарамсыз болу кезеңі туралы анықтамалар, жәбірленушінің емделуден өткендігі туралы деректер және т.б.) негізінде белгіленуі мүмкін.
Медициналық куәландыру актілері, соның ішінде алкогольден немесе есірткіден мастану жағдайын анықтау туралы куәландыру актісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдеме болып табылатындықтан, ол іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен бірге зерттелуге әрі бағалануға тиіс және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен даулауға жатпайды.»;
«Хаттаманы жасаған лауазымды адам ӘҚБтК-нің 607, 618-баптарын бұзып, ӘҚБтК-нің 584-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қатысуы міндетті адамдардың сотқа келуін қамтамасыз етпеген және соттың істі ӘҚБтК-нің 584-бабының үшінші бөлігінің және 647-бабының үшінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып қарауына мүмкіндігі болмаса, судья ӘҚБтК-нің 646-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасының негізінде істі қарауға дайындау кезінде аталған адамдарды әкелу туралы ұйғарымды дереу орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, толық емес деген себеппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істі қарау кезінде толықтырылмайтын басқа да іс материалдарын хаттама жасаған лауазымды адамға қайтару туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
8) 15-тармақта «, жауаптылыққа тартылған адамның әрекетінде нақты әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмаса,» деген сөздер алып тасталсын;
«Сот азаматтық немесе қылмыстық іс бойынша сот талқылауы барысында (тиісінше Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 121-бабы және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 327-бабының алтыншы бөлігі) ӘҚБтК-нің 578-бабының екінші бөлігіне сәйкес тікелей сол сот отырысында ӘҚБтК-нің 648-бабының 1-1-бөлігінде және екінші бөлігінде белгіленген ережелерді сақтай отырып, ӘҚБтК-нің 513-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға құқылы.»;
10) 18-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Ішкі істер органдарының лауазымды адамдары олардың өкілеттіктеріне кірмейтіндіктен, айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуды жүзеге асыруға құқылы емес.»;
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының қаулысына шағым беру, наразылық келтіру және оларды қарау тәртібі азаматтық іс жүргізу заңнамасымен анықталады (Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 26-тарауы ).
«ӘҚБтК-нің 658-бабының талаптарына сәйкес келмейтін шағымдар, наразылықтар оларды қарауға құқығы бар соттың қарауынсыз қайтарылуы мүмкін. Сот мұндай шешімді сот актісіне шағым беру немесе наразылық келтіру үшін ӘҚБтК-нің 657-бабында белгіленген мерзім өтіп кеткен жағдайда және шағымданған қаулы шығарылған адамның өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініші болмаған не осы мерзімді қалпына келтіру үшін негіз болмаған кезде қабылдай алады.»;
«Уәкілетті органның лауазымды адамының қаулысына шағымды, наразылықты қарау нәтижелері жөніндегі мамандандырылған әкімшілік немесе аудандық соттың ұйғарымы, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша мамандандырылған әкімшілік немесе аудандық соттың қаулысына шағым, наразылық жөніндегі облыстық және оған теңестірілген соттың ұйғарымы қабылданған сәттен бастап заңды күшіне енеді. Мұндай ұйғарымды, сол сияқты мамандандырылған әкімшілік немесе аудандық соттың не кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттың заңды күшіне енген қаулысын тек ӘҚБтК-нің 665-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тәртібімен қайта қарауы мүмкін.»;
13) 25-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Механикалық көлік құралын жүргізуші жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға жол беріп, абайсызда әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде, жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіргенде ӘҚБтК-нің 468-1-бабында көзделген жауапкершілік туындайды.
Егер механикалық көлік құралын жүргізуші жоғарыда аталған заңға қайшы әрекеттердің нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірумен қатар көлік құралын, жүктерді, жолдарды, жол мен басқа да құрылыстарды немесе өзге де мүлікті зақымдау түрінде материалдық залал келтірсе, не үшінші тұлғаның денсаулығына жеңіл зиян келтірсе, онда оның әрекеті ӘҚБтК-нің 468-бабының тиісті бөліктерінде және 468-1-бапта көзделген құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ӘҚБтК-нің 63-бабына сәйкес саралауға жатады.
ӘҚБтК-нің 468-бабының екінші бөлігімен көзделген жауапкершілік бойынша жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиян деп, оның денсаулығының шамалы бұзылуына әкеп соқтырған немесе соқтырмаған жеңіл зиянды түсіну керек.
Жол полициясы органының лауазымды адамы жол қозғалысының қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде ӘҚБтК-нің 577, 615-баптарының, 618-бабының бірінші бөлігі 5) тармақшасының ережелеріне сәйкес тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану тәртібімен ғана көлік жүргізу құқығын беретін куәлікті алып қоюға құқылы.»;
«25-3. Көлік құралын, өздігінен жүретін машинаны немесе өзге де механикалық көлік құралын, кемені, әуе кемесін жүргізуге байланысты арнаулы құқықтан айыру түрінде әкімшілік жаза қолданылатын құқық бұзушылықтың анықталған мән-жайларына қарай, қаулының қарар бөлігінде аталған қозғалыс (техника) құралдарының белгілі бір түрін жүргізу құқығынан айыру туралы нақты көрсетіледі.
Қаулыдағы көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру туралы нұсқау ӘҚБтК-нің 461 және 567-баптарына де көрсетілген автомобильдердің барлық түрлерін, тракторларды және өздігінен жүретін өзге де машинаны, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен басқа да механикалық көлік құралдарын жүргізуге (пайдалануға) рұқсат ететін арнаулы құқықтан айыруды білдіреді. Қаулыдағы кемені, соның ішінде шағын кемені жүргізу құқығынан айыру туралы нұсқау ӘҚБтК-нің 450-бабына де көрсетілген жүзу құралдарын пайдалануға рұқсат ететін арнаулы құқықтан айыруды білдіреді. ӘҚБтК-нің 445-бабы бойынша арнаулы құқықтан айыру түріндегі жазаны қолдану кезінде әуе кемесін жүргізу құқығынан айыру туралы нақты көрсетілуге тиіс.»;
16) 25-4-тармақ екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылып, 25-5-тармақ деп есептелсін:
«ӘҚБтК-нің 484-бабына қатысты көлік құралдарын пайдалану ережелерін жиі бұзу деп адамның әрқайсысы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, тиісінше көрсетілген баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде аталған кез келген үш әрекетті жасауын түсіну керек. ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарына көлік құралдарын пайдалану ережелерін немесе жол қозғалысы ережелерін жиі бұзғандығын куәландыратын, заңды күшіне енген қаулылардың көшірмелері тіркелуі тиіс.»;
19) 25-7-тармақта «түрі мен мөлшерін» деген сөздер «түрін» деген сөзбен ауыстырылып, 25-7-тармақ 25-10-тармақ деп есептелсін;
«25-7. Құқық бұзушы субъектінің ӘҚБтК-нің 532-бабында көзделген салық кезеңінде мәмілелерді тиісті немесе уақытында ресімдеусіз не осындай мәмілені тиісті мемлекеттік тіркеусіз салық салу объектісі болып табылатын мүлікті иеліктен айыруы, осы субъектінің қаржы бақылау шараларын бұзғаны үшін жауапкершілігін жоққа шығармайды.»;
«25-8. ӘҚБтК-нің 354-3-бабында көзделген мерзімнің басталуы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсыру үшін қажетті және жеткілікті тіркеу объектісін куәландыратын құжаттардың (құрылыстың техникалық төлқұжаты, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты) нақты қолда болуы мен уәкілетті органдардан адамның алуын ескере отырып, жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауына негіз болған заңдық фактінің пайда болған сәтінен (атап айтқанда, шарттың нотариалдық куәландырылуы, сот шешімінің күшіне енуі, өзге құқық белгілейтін құжат алуынан) бастап саналады.»;
23) 25-9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылып, 25-12-тармақ деп есептелсін:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарағанда және әкімшілік жаза шараларын белгілегенде ӘҚБтК-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың нормаларын дұрыс қолдану керек және әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күнге назар аудару қажет. Қылмыстық сипаттан арылуға және жасаған әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызылуына байланысты қылмыстық ісі қысқарған адам, егер ӘҚБтК-нің 69-бабының бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өтіп кетпесе, ӘҚБтК-нің 2-тарауының Ерекше бөлімінің бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс.»;
24) 25-10-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылып, 25-13-тармақ деп есептелсін:
«Құқық бұзушының әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде заңда көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері болған сәттен бастап әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған деп саналады.
Егер заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес міндет белгілі бір мерзімде орындалуға тиіс болған жағдайда, осы мерзім өткен сәттен бастап құқық бұзушылық құрамы болды деп есептеледі.
Заңды тұлғаның және оның лауазымды адамының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі туралы ӘҚБтК-нің 69-бабы бесінші бөлігінің ережелері қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы не оны қысқарту туралы шешім қабылданған адамға қатысты ғана қолданылады.»;
27) 25-13-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылып, 25-16-тармақ деп есептелсін:
«Егер адам осындай қызметке қойылатын талаптарды бұзып, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, онда сот осындай қызметті тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Егер адам лицензияланатын қызмет түрін тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін не өзге де арнаулы рұқсатты талап ететін қызметті осындай арнаулы рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, онда сот заңда көрсетілген мерзімге осындай қызметке тыйым салу түрінде қосымша әкімшілік жаза тағайындауға құқылы. Соттың мұндай шешімі адамға тыйым салу мерзімі кезеңінде тиісті лицензия немесе өзге де арнаулы рұқсат алуға мүмкіндік бермейді.»;
«25-17. ӘҚБтК-нің 320-бабының бірінші бөлігінде заңсыз айналымға қатысқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ең төменгі мөлшері белгіленбеген. Сондықтан есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз әзірлеу, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе жөнелту, олардың мөлшері «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерден аспаған жағдайда да әкімшілік құқық бұзушылық құрамын құрайды.»;
«25-18. Ойын бизнесі туралы заңнаманы бұзуға кінәлі құқық бұзушылардың меншік құқығына тиесілі емес ойын жабдықтарын, заңдастырылған белгілерді тәркілеуді көздейтін ӘҚБтК-нің 338-1-бабының бөліктері санкцияларының императивтік сипатын ескере отырып, соттар осындай істерді қараған кезде ойын жабдықтары мен заңдастырылған белгілерді әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы ретінде тәркілеуді қолдануға міндетті.»;
«25-19. Заңсыз құрылыс салған кінәлі адамға заңсыз тұрғызылған құрылысты ысырып тастау түрінде қосымша әкімшілік жаза қолданған кезде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның, «Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесінің» талаптары бұзылғандығын, заңсыз тұрғызылған құрылыстың құрылыс жөніндегі нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіндігін, әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамның құқық белгілейтін құжаттарды алу мақсатында, сондай-ақ АК-нің 244-бабындағы тәртіппен өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы өтінішпен тиісті органдарға жүгіну құқығын жоймағандығын ескеру керек. Заңсыз тұрғызылған құрылысты ысырып тастау бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының орындалуы заңнамалық актілерде (атап айтқанда, ӘҚБтК-нің 583-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы, 659, 675-баптары, АІЖК-нің 159-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы, 396-бабы, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заң ) көзделген негіздер бойынша және жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
«25-20. ӘҚБтК-нің 147-бабының екінші бөлігі бойынша адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау кезінде соттар бәсекелестікті шектеуге бағытталған нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін келісілген деп тану үшін монополияға қарсы заңнамада көзделген шарттардың болуы қажет екендігін назарға алуы керек (атап айтқанда, «Бәсекелестік туралы» Заңның 11-бабының екінші бөлігі).
Нарық субъектілерінің қатар жасалған әрекеттері осындай шарттардың бірі болып табылады. Екі немесе бірнеше нарық субъектілерінің үш ай мерзім ішінде жасаған және нәтижесінде осы субъектілердің әрқайсысы келісілген іс-әрекеттердің болмауы салдарынан көзделмеген пайда алған іс-әрекеттерін қатар жасалған деп түсіну керек. Бұл ретте осы субъектілердің іс-әрекеттері олардың әрқайсысына белгілі болуы және олар осы субъектілерге тең дәрежеде ықпал ететін қандай да бір мән-жайлардың салдары болып табылмауға тиіс.
Оларды бірінші жасаған нарық субъектілерінің әрекеті басталған күндер мен басқа нарық субъектілері жасаған осындай әрекеттер басталғанға дейінгі күндердің арасындағы шекті уақыт кезеңін үш ай мерзім деп түсіну керек. Үш ай мерзім өткен соң екінші және кейінгі нарық субъектілері қатар жасаған әрекеттер келісілген деп саралана алмайды.».
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы                   Б. Бекназаров
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы,

жалпы отырыс хатшысы                       Ж. Бәйішев