1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже бекітілсін.
Продукты: | Законодательство |
Тип документа: | Кодекс |
Отправить по почте
Осы редакция 28.06.2002 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 қараша N 1731
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 57-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) ауыл шаруашылығы аясында, сондай-ақ мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, суландыру және кәріз саласында басшылықты, сол сияқты заңдарда көзделген шектерде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу,астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды салааралық үйлестіруді іске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.05.2001. № 584
қаулысымен.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.09.2001. № 1222
қаулысымен.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Егер Министрлікке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабын білдіруге құқығы бар.
4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші болатын актілер шығарады.
5. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.