қаулысымен.
-
Продукты:
Законодательство
-
Тип документа:
Кодекс
Законодательство
Кодекс
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 8 қаңтар N 8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.07.1999. № 1020
қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 8 желтоқсандағы N 3783 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң штат саны 30 адам болып, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi қызметкерлерiнiң санын қысқарту есебiнен 13 адам санында бекiтiлсiн.
4. 3 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi алқасының құрамы 9 адам болып бекiтiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң аппаратын ұстауға қажеттi қаржы бөлсiн.
7. Облыстардың, Алматы қаласы мен астананың әкiмдерi "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңын көшi-қон және демография жөнiндегi аумақтық органдар құру бөлiгiнде атқаруды қамтамасыз етедi.
8. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулының 2-қосымшасына: "Еңбекәлеуметминi" деген жолдағы "174" деген сан "161" деген санмен ауыстырылсын. 9. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бiр айлық мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын шығарылған актiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 8 желтоқсандағы N 3783 Жарлығына, сондай-ақ осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 8 қаңтардағы N 8 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi туралы ЕРЕЖЕ Миссиясы
Халық көшi-қон саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру және халық санының өсуi жөнiндегi саясатты қамтамасыз ету.
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, өз қызметiн басқа республикалық атқарушы органдармен, облыстардың, Алматы мен астананың әкiмдерiмен өзара iс қимылда жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы, есеп айырысу шоты және банк мекемелерiнде өзге де /оның iшiнде валюталығы да/ шоттары, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған елтаңбалы мөрi, сондай-ақ басқа да мөрлерi мен мөртаңбалары бар.
4. Агенттiк аппаратын қаржыландыру республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
II. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары
5. Агенттiк қызметiнiң негiзгi басымдықтары мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген адамның тұратын орнын таңдау, еңбек бостандығы, қызмет және кәсiп түрiн таңдау бостандығы, кету бостандығы, жүрiп-тұру бостандығы құқығын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық нормаларға және Көшi-қон жөнiндегi халықаралық ұйымның ұсынымдарына сәйкес республиканың қазiргi заманғы әлеуметтiк-экономикалық жағдайын, оның тарихи өткенi мен дәстүрлерiн, даму перспективаларын ескере отырып көшi-қон саясатын iске асыру;
қазақтардың өздерiнiң тарихи отанына оралуына жан-жақты жәрдемдесу, оларды орналастыруды ұйымдастыру және байырғы ұлт өкiлдерiне атаулы көмек көрсету мен әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң кешендi басқа да шараларын жүзеге асыру;
мүмкiн көшi-қон болжамына негiзделген орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi iс-қимыл бағдарламаларындағы әлеуметтiк-экономикалық ынталандыруларды жасау негiзiнде елдiң iшiнде де, сондай-ақ одан тыс жерлерде де бей-берекет және тәртiпке келтiрiлмеген процестердiң алдын алуға жәрдемдесу және көшi-қон лектерiн әлеуметтiк экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруiне байланысты бағыттау;
көшiп-қонушыларды жаңа тұратын жерiнде олардың жеке өздерiнiң қатысуымен және әрбiрiне мемлекеттiк қолдау көрсетiп, бiрiншi кезекте экологиялық және табиғи апаттар аймағынан келген қоныс аударушыларды жайластыру;
босқындарды халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды өздерiнiң келген елдерiне кетiруге немесе мәжбүрлеп қайта оралуына тыйым салу;
басқа елдермен халықтың көшi-қоны, оның iшiнде жасырын көшiп-қонуды азайту саласындағы мәселелер бойынша ынтымақтастық жасау;
демографиялық процестерге талдау жасау және болжамдау, республика халқының санын өсiру жөнiндегi саясатты қамтамасыз ету.
III. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi
6. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
халықтың санын өсiрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк көшi-қон және демографиялық саясатты әзiрлеу және iске асыру;
республикада халықтың көшi-қоны саласындағы барлық жұмысты үйлестiру;
халықтың көшi-қоны және демография саласында заң жобаларын, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, қолданылып жүрген заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
мемлекеттiк көшi-қон және демографиялық бағдарламалардың жобаларын әзiрлеу, оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен көшiп-қонушыларға атаулы көмек пен қолдау көрсету;
репатрианттарға және басқа да көшiп-қонушыларға республикалық жер және мемлекеттiк тұрғын үй қорынан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер учаскелерi мен тұрғын үй алуға жәрдемдесу;
басқа мемлекеттермен, олардың үкiмет органдарымен халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша келiсiмдердiң (шарттардың) жобаларын әзiрлеу; репатрианттарды қабылдауды және уақытша орналастыруды ұйымдастыру, жаңа тұратын жерлерiнде жайласуына көмектесу. Босқындармен және басқа да қоныс аударушылармен жұмыс iстеу; республика аумағына келген адамдардың заңдарға сәйкес құқықтық мәртебесiн тану; елдегi көшi-қон процестерiн басқару; белгiленген тәртiппен халықаралық және шетел ұйымдарымен көшi-қон мәселелерi бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру. IV. Агенттiктiң функциялары
7. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындауды жүзеге асырады:
елдегi көшi-қон процестерiне талдау жасайды және болжамдайды және бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдарды хабардар етедi;
халықтың көшi-қонын реттеу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
халықтың көшi-қоны мен демографиясы саласында республикалық және мемлекетаралық тұжырымдамалар мен бағдарламалардың негiзгi бағыттарының жобаларын әзiрлейдi, оларды орындауды қамтамасыз етедi;
республикада iшкi және сыртқы көшi-қонның, демографиялық жағдайдың ағымдағы және ұзақ мерзiмдi болжамдарын әзiрлейдi;
көшi-қон проблемалары жөнiндегi заңдардың iске асырылуына бақылау жасайды. Министрлiктер мен ведомстволардың, ұйымдардың қолданылып жүрген заңдар мен Қазақстан Республикасының көшi-қон мәселелерi жөнiндегi нормативтiк актiлерiне қайшы келетiн бұйрықтарының, нұсқаулықтарының, нұсқауларының күшiн тоқтата тұру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
шетелдегi қазақ диаспорасының тарихи отанына ерiктi түрде қоныс аударуына байланысты проблемаларды зерделейдi;
Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң қарауына көшiп келу квотасын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
көшi-қон және демография жөнiндегi аумақтық органдармен бiрлесiп;
босқындарды, репатрианттарды (оралмандарды), реэмигранттарды және мәжбүрлi қоныс аударушыларды бекiтiлген көшiп келу квотасының шегiнде қоныс аудартуды, қабылдауды және жайластыруды;
көшiп-қонушыларды тiркеудi және есепке алуды, оларға белгiленген тәртiппен сараланған жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеудi ұйымдастырады;
ұйымдардың өтiнiштерiн қарайды және Қазақстан Республикасына шетел жұмыс күшiн тартуға /жұмысқа қабылдауға/ лицензия бередi. Тартылған жұмыс күшiнiң лицензияның қолданылу мерзiмi iшiнде пайдаланылу тиiмдiлiгiн талдайды;
Қазақстанның шетелдегi өкiлдiктерiнiң, мемлекеттiк және жергiлiктi басқару органдарының, сондай-ақ жекелеген ұйымдардың шетелдiктер мен олардың отбасы мүшелерiнiң белгiленген көшiп келу квотасына сәйкес қоныс аударуы туралы өтiнiштерi туралы ұсыныстарын зерделейдi және қорытындылар әзiрлейдi;
облыстардың, Алматы қаласы мен астананың көшi-қон қызметтерiнiң жұмысына басшылық жасайды және олардың жұмысын үйлестiредi;
белгiленген тәртiппен репатрианттарды /оралмандарды/ олардың жұмыспен қамтылуын ескере отырып, жинақы орналастыру мәселелерiн қарайды және шешедi;
көшi-қон проблемаларын шешуге заңдарға сәйкес берiлген қаржы қаражаты мен материалдық ресурстарды бөледi. Бөлiнген қаражаттың пайдаланылуына бақылау жасайды, қажет болған жағдайларда көшi-қон және демографиялық бағдарламаларды жүзеге асырудың басымдықтары мен мерзiмдерiне сүйене отырып, жұмсалмаған қаражатты қайта бөледi;
халықаралық ұйымдармен демография және халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша ынтымақтастық жасайды, белгiленген тәртiппен олардың жұмысына қатысады;
белгiленген тәртiппен халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының конвенциялары мен басқа да халықаралық шарттарын бекiту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
азаматтардың хаттарын, арыздары мен ұсыныстарын қарайды, олар бойынша қажеттi шаралар қабылдайды, Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.
V. Агенттiктiң құқықтары
8. Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде:
орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша үкiмет органдарымен, ведомстволармен, кәсiпорындармен, мекемелермен, басқа мемлекеттердiң ұйымдарымен Қазақстан Республикасының аумағынан мәжбүрлi немесе ерiктi түрде кеткен отандастардың Қазақстан Республикасына қоныс аударуы мәселелерi бойынша, сондай-ақ еңбек көшi-қоны бойынша келiсiмдер жасауға;
көшiп келушiлердiң өздерiн репатрианттар /оралмандар/, реэмигранттар, мәжбүрлi қоныс аударушылар не босқындар деп тану туралы немесе оларға бұдан бас тарту туралы шешiмдер қабылдауға;
Қазақстан Республикасында саяси баспана алуға тiлек бiлдiрген адамдардың жазбаша өтiнiштерiн қарауға, қажеттi құжаттарды ресiмдеуге және саяси баспана беру туралы куәлiктер беруге;
Қазақстан Республикасындағы көшi-қон мен демографияның жай-күйiне ықпал ететiн қаржы-несие, инвестиция, салық, аймақтық саясат шараларын әзiрлеуге қатысуға;
көшi-қон және демография мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзуге;
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметiн жүзеге асыруға тиiстi рұқсаттар беруге;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнен Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша мәлiметтер сұратуға. Заңда белгiленген тәртiппен демография және халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша бастапқы есеп пен статистикалық есеп берудiң нысандарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
көшiп-қонушыларды әлеуметтiк қолдауға бағытталған қайырымдылық акциялары мен шараларын жүргiзудi ұйымдастыруға;
белгiленген тәртiппен конференциялар мен семинарлар өткiзуге, баспа қызметiн жүзеге асыруға, оның iшiнде демография және халықтың көш-қон проблемалары бойынша анықтама және басқа да баспа өнiмiн шығаруға құқығы бар.
VI. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру және оның жауапкершiлiгi
9. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын Төраға басқарады.
Агенттiк төрағасының Агенттiк төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын орынбасары болады.
Агенттiк төрағасы:
Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жеке жауап бередi;
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген қызметкерлердiң саны мен еңбек ақы қорының шегiнде Агенттiк орталық аппаратының штат кестесiн, оны ұстауға арналған шығыстар сметасын, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi бекiтедi;
өзiнiң өкiлеттiктерiнiң шегiнде республиканың бүкiл көшi-қон қызметтерi органдарының орындауы мiндеттi бұйрықтар шығарып, нұсқаулар бередi.
10. Агенттiкте алқа құрылады, оның санын Үкiмет, ал жеке құрамын - Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
11. Облыстарда, Алматы қаласы мен астанада көшi-қон және демография жөнiндегi басқармалар, аудандарда - көшi-қон бөлiмдерi құрылады. Көшi-қон және демография жөнiндегi басқармалардың бастықтарын Агенттiк төрағасының келiсiмi бойынша тиiстi облыстардың, Алматы қаласы мен астананың әкiмдерi қызметке тағайындап, қызметтен босатады. Көшi-қон және демография жөнiндегi облыстық басқармалардың, Алматы қаласы мен астана басқармаларының аппараттарын қаржыландыру жергiлiктi бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 қаңтардағы N 8 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Көшi-қонды басқару Көшi-қон және демографиялық бағдарламаларды талдау, әзiрлеу және iске асыру басқармасы Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi бөлiм
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |