Bestprofi Logo

Қаулы № 21 от 2001-12-13г./Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 13 желтоқсан N 21

Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу мәселелерін реттейтін процессуалдық заңнама нормаларын сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1. Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу бірінші сатыдағы соттың іс жөніндегі іс-әрекетінің қажетті бөлігі болып табылады және ол тараптар ұсынған дәлелдемелер мен қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес тараптардың заңды құқықтары мен міндеттерін, олар ұсынған дәлелдемелерді сот отырысында толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеп, заңды және негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар тудырады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексінің (әрі қарай мәтін бойынша АІЖК) істі соттың қарауына әзірлеуді қамтамасыз ету жөніндегі 166-бабының 2-бөлігінде көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында судьялар арыздарды сот өндірісіне қабылдаған кезден бастап, сотқа берілген арыздардың дәлелдемелермен негізделгендігі АІЖК-нің 150 және 151-баптарының талаптарына сәйкес келуін ескерулері қажет.

2. АІЖК-нің 168-бабына сәйкес судья әр іс бойынша істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығаруы тиіс. Ұйғарымда, даудың санатын ескере отырып, оның сот отырысында уақытылы және дұрыс шешілуіне қажет болып табылатын нақты әрекеттер көрсетілуі керек.

Іс бойынша шығарылған сот актісі апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау тәртібінде бұзылып, іс бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына қайтарылған жағдайда да, осындай ұйғарым шығарылуы тиіс.

АІЖК-нің 344-бабының бірінші бөлігіне сәйкес істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарымға шағым немесе наразылық келтіруге болмайды.

Істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымды шығарғаннан кейін судья жауапкерге талап арыздың және оған қоса тіркелген құжаттардың көшірмелерін жібереді не тапсырады және белгіленген мерзімде талап арызға пікір (қарсылық) беруді міндеттейді. Пікірге уәкілетті адам қол қоюға тиіс және пікірдің түпнұсқасы мен көшірмелері іске қатысатын адамдардың санына сәйкес етіліп, олардың сот отырысы басталғанға дейін танысуына мүмкіндік беретіндей етіп белгіленген мерзімде сотқа ұсынылуға және АІЖК-нің 169-1-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

#$2-тармаққа өзгеріс енгізілі - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулысымен.

3. АІЖК-нің 14-бабына сәйкес, сотқа арыз қай тілде берілсе, сот өндірісі де сол тілде жүргізіледі деп есептеу керек. Егер талапкерден арыз берілген тілді өзгерту туралы өтініш келіп түссе, онда судья АІЖК-нің 14-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот талқылауы жүргізілетін сот өндірісінің тілі туралы ұйғарым шығаруға міндетті.

4. Судьялар азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеген кезде АІЖК-нің 47-бабында көрсетілген процессуалдық құқықтар мен міндеттерді, оның ішінде мәлімдеген талаптарын негіздейтін дәлелдемелер немесе оларға келтірілген қарсылықтарын ұсынуға міндетті және процессуалдық міндеттерді орындамаудың құқықтық салдары туралы талапкерлер мен жауапкерлерге түсіндіруі тиіс.

Талапкердің не жауапкердің өтініші бойынша дәлелдемелер сұратуға жәрдемдесе отырып, судья істі сот талқылауына дайындаған кезде, ол дәлелдемелердің бір-бірінен артықшылығы туралы пікірін білдіруге қақысы жоқ.

5. Мүлік туралы дауларды тараптардың аралық сотқа тапсыруға құқы бар екендігін, оны қалай жүзеге асыруға болатын процессуалдық тәртіпті және оның құқықтық салдарын түсіндіргені жөн. Алайда, тараптардың осындай құқықтары түсіндірілмегені туралы уәждері, азаматтық істің сот талқылауына тиісті түрде әзірленбеді деп саналмайды.

6. Егер істі соттың қарауына әзірлеген кезде тараптар жазбаша түрде жасалған және өздері қол қойған бітімгершілік келісімін ұсынса, судья АІЖК-нің 172-бабының бірінші бөлігіне, 49-бабына, 247-бабының

4) тармақшасына сәйкес бітімгершілік келісім шарттарын бекіту туралы ұйғарым шығарып, іс жөніндегі сот өндірісін қысқартуға құқылы. Мұндайда бітімгершілік келісімнің шарттарын ескере отырып, судья тараптар арасындағы сот шығындарын АІЖК-нің 110, 113-баптарына сәйкес бөлуге міндетті.

7. Егер азаматтық істі сот талқылауына дайындау барысында сотқа тараптардың атынан олардың өкілдері қатысса, онда судья АІЖК-нің 61-бабының бірінші бөлігінде аталған әр процессуалдық әрекетті жасау үшін тиісті түрде ресімделген уәкілеттіліктерінің бар-жоғын тексеруге міндетті.

8. Егер істі сот талқылауына дайындау кезінде талапкердің сол немесе басқа жауапкерлерге мәлімделген талап арызынан туындайтын басқа да талаптары, ал жауапкердің талапкерге қарсы талаптары бар екені анықталса, онда судья талапкердің қосымша талап ұсынуға, ал жауапкердің қарсы талап қоюға құқықтарын түсіндіреді, бұл ретте оларға аталған іс жүргізу әрекеттерін жасау немесе жасамау салдары туралы ескертілуге тиіс» (АІЖК-нің 15-бабының үшінші бөлігі ).

Жауапкердің қарсы талап арызы АІЖК-нің 157-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, онда оның арызын талапкердің арызымен бір өндірісте қарау үшін қабылдайды. Егер бұл арыздың мазмұны АІЖК-нің 157-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, онда судья АІЖК-нің 154-бабының негізінде қарсы талап арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады.

#$8-тармаққа өзгеріс енгізілі - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулысымен.

9. Егер талаптардың сипаты, олардың өзара байланысы және ортақ дәлелдемелерінің болуы, олардың неғұрлым тез әрі дұрыс шешілуіне мүмкіндік беретін жағдайда ғана бірнеше талаптарды бір өндіріске біріктіруге болады.

Талапкердің бір арызда біріктіріп берген талаптарын, егер судья олардың жеке қаралуын қажет деп тапса, оларды ажыратып қарауына болады.

Бірнеше талап арыздардың біріктірілуі немесе олардың ажыратылуы судьяның бөлек ұйғарымымен ресімделуі тиіс, оған АІЖК-нің 344-бабына сәйкес апелляциялық тәртіпте шағымдануға, наразылық келтіруге болмайды.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание