1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі бекітілсін.
-
Продукты:
Судебная практика
Отправить по почте
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 2030 Қаулысы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі бекітілсін.
2. "Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының шығындарын өтеу және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету ережелері мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түскен қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы N 965 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 37, 410-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 2030 қаулысымен бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.12.2011 № 1702 (03.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) амбулаториялық-емханалық көмектің жан басына шыққандағы кешенді тарифі – пилотты іске асыру шеңберінде және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен қаражат шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған денсаулық сақтау ұйымдарындағы бастапқы медициналық-санитариялық көмек пен консультациялық-диагностикалық көмек тарифін қамтитын, медициналық қызметтер кешенінің бір тұрғынға шыққандағы есеппен құны;
2) базалық тариф – медициналық көмек көрсету нысанына қарай медициналық қызмет бірлігінің құны;
3) бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша құрауыш – бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін, бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік;
4) бір онкологиялық науқасқа арналған кешенді тариф – онкологиялық тіркелімде тіркелген, медициналық қызметтер кешенінің бір онкологиялық науқасқа шаққандағы есеппен құны;
5) емделіп шығу жағдайы – стационарда және стационарды алмастыратын жағдайларда пациентке түскен сәттен бастап шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
6) жан басына шыққандағы норматив – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, медициналық қызметтің нақты көлемімен қамтамасыз ету үшін бір адамға есептегендегі шығындар нормасы;
7) жасы-жынысы бойынша түзету коэффиценті – халықтың әртүрлі жыныс-жас санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылық ескерілетін коэффицент, оны есептеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
8) клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) – тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін, емдеуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біркелкі топтары;
9) тариф – денсаулық сақтау ұйымында көрсетілген медициналық қызмет бірлігінің құны;
10) тарификатор – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін медициналық қызметтерге арналған тарифтердің тізбесі;
11) шығын сыйымдылығы коэффициенті – бір медициналық қызмет құнының (қызметтер тобы) базалық тарифке арақатынасы.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тарифті, базалық тарифті, шығын сыйымдылығы коэффициентін бекітеді.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібі
4. ТМККК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі – денсаулық сақтау ұйымдары) шығындарын өтеу мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, шарт негізінде жүзеге асырылады.
ТМККК көрсететін мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі – лизинг бойынша денсаулық сақтау ұйымдары) қаржылық лизинг шартымен лизингілік төлемдерді төлеуіне арналған шығыстардан басқа күрделі шығыстарды қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарының ТМККК көрсету жөніндегі қызметіне байланысты шығындардың түрлері денсаулық сақтау ұйымдарында өтеледі.
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын өтеу бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен қаражат шегінде жүзеге асырылады.
6. Күрделі сипаттағы шығыстар ТМККК көрсететін мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарына Қазақстан Республикасының бюджеті шығыстарының экономикалық жіктемесінің тиісті ерекшелігі бойынша көзделеді.
7. Шығындарды өтеу пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі – пилоттық денсаулық сақтау ұйымдары) тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
8. Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады, бұл ретте денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған жан басына шаққандағы нормативті қызмет көрсету учаскесінің географиялық ұзындығын, халық тығыздығының төмендігін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі кемітуі немесе ұлғайтуы мүмкін.
9. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша құрауыштың шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
10. Жедел медициналық жәрдем мен санитариялық авиацияның шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
11. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
Шығын сыйымдылығының орташа коэффициенті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
12. Пилоттық денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
13. Стационарлық көмектің бір емделіп шығу жағдайы үшін шығындарды өтеу стационарлық көмектің бір емделіп шығуы үшін тарифтер бойынша шығыстарды төлеу жолымен жүзеге асырылады, олардың құрылымы осы Ережеге 4-қосымшада берілген.
КШТ бойынша стационарлық көмектің бір емделіп шыққан жағдайының құны осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.
14. Тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шығындары өтеуді жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған нозологиялар тізбесі бойынша күндізгі стационардың бір рет емделіп шығу жағдайы үшін шығындарын өтеу стационарлық көмектің бір емделіп шығу жағдайы үшін тарифінің 1/4-ін құрайды.
Үйдегі стационардың бір емделіп шығу жағдайы үшін шығындарын өтеу стационарлық көмектің бір рет емделіп шығу жағдайы үшін тарифінің 1/6-ін құрайды.
15. Онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес айқындалады. Онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
16. Лизинг бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына лизингілік төлемдерді өтеу бойынша қаржыландыру көлемі осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Лизинг бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына лизингілік төлемдерді өтеу республикалық бюджетте көзделген қаражатты шарт негізінде медициналық қызметке ақы төлеу жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің денсаулық сақтау ұйымының есебіне аударуы жолымен жүзеге асырылады. Лизингілік төлемдерді өтеуге бағытталған қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған, қызметінің негізгі мәні медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу және оларды одан әрі қаржылық лизинг шартымен денсаулық сақтау ұйымдарына беру болып табылатын ұйыммен жасалған қаржылық лизинг шарттарының шеңберінде ғана пайдаланылады.
Лизинг бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының лизингілік төлемдерді өтеуіне қаражат жеткіліксіз болған жағдайда ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерден алынған қаражатты қоспағанда өз қаражаты есебінен лизингілік төлемдерді өтейді.
17. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың денсаулық сақтау ұйымдарын еркін таңдау құқығын іске асыруды, ұсыну нысандары мен тәртіптерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін атқарылған жұмыстардың (қызметтердің) актілері мен шот-тізілімдердің негізінде тарифтер бойынша медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін есепке ала отырып жүзеге асырылады.
18. Пациентті қалпына келтіріп емдеуге және медициналық оңалтуға ауыстыру жағдайларын қоспағанда, медициналық ұйымның ішінде аурулар бейіні бойынша пациентті бір бөлімшеден басқа бөлімшеге ауыстыру кезінде оны емдеу үшін ақы төлеу бір емделіп шыққан жағдай ретінде жүзеге асырылады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесіне 1-қосымша
Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау формуласы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |