• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 4 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4175

Осы редакция 24.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңның 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Заңның 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сай Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.): 
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстанның тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
5. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2006 жылғы 25 ақпандағы
 N 62 қаулысының 1-қосымшасы
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
 жүйесiн жүргізу ережесі
Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бағалы қағаздар рыногы туралы " (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң), "Акционерлік қоғамдар туралы " және "Инвестициялық қорлар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн (бұдан әрі - тізілімдер жүйесі) құрайтын құжаттардың тізбесін, тізілімдер жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу тәртібін, тізілімдер жүйесіндегі жеке шоттан жасалатын үзінді көшірмелердің нысанын және мазмұнын белгілейді, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне енгізілетін мәліметтерді айқындайды.
кіріспе өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 200 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер 
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі - белгілі бір күнге бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы және осы ұстаушыларды бірегейлендіруге мүмкіндік жасайтын мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрі және саны;
1-1) жеке шоттардың бірыңғай жүйесі – жүргізілуін тіркеушілер жүзеге асыратын, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі мәліметтердің жиынтығын көрсететін, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы; 
2) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты – тізілім жүйесінде бағалы қағаздардың меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын тіркелген тұлғаға ашылған, мәмілелерді тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша мәмілелерді есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот; 
3) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
4) жеке шоттардың бірыңғай жүйесі – жүргізілуін тіркеушілер жүзеге асыратын, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі мәліметтердің жиынтығын көрсететін, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы;
5) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары; 
6) операциялық күн - тіркеушінің бұйрықтарды қабылдайтын, өңдейтін, жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркейтін уақыт кезеңі; 
7) оригинатор – исламдық арнайы қаржы компаниясының активтерін сатып алу-сату шарты негізінде беретін және (немесе) исламдық арнайы қаржы компаниясының құрылтайшылары болып табылатын, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі (ұлттық басқарушы холдингтің келісімі бар болғанда) ислам банкі, ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг, заңды тұлғалар; 
8) ортақ өкілдің жеке шоты - тізілімдер жүйесіндегі ортақ меншікке қатысушыларының ортақ өкіліне ашылған жеке шот, ол бойынша меншіктеу құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылады; 
9) пайлық инвестициялық қордың пайларды орналастыруды есепке алуға арналған жеке шоты - тізілімдер жүйесіндегі жеке шот, ол бойынша айналыста болып табылатын пайлық инвестициялық қордың орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылады; 
10) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, қайталама бағалы қағаздар нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот; 
11) тізілімдер жүйесіндегі операция - тізілімдер жүйесіне деректер енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тізілімдер жүйесінен ақпарат дайындау және беру нәтижесі болып табылатын тіркеушінің іс-әрекеттерінің жиынтығы; 
12) уәкілетті орган - бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.12.2008 № 237, 27 (29.10.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).03.2009. № 63 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1-1. Тіркеуші ішкі бақылауды өз ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады. Ішкі бақылауды жүзеге асыруға тіркеушінің ішкі бақылау объектісі болып табылатын іс-қимылдарды тікелей орындайтын қызметкерлері жіберілуі мүмкін емес.
1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 28.03.2008 № 39 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1-2. Акционерлік қоғам ұйымдастырушылық - құқықтық нысанда құрылған тіркеуші эмитенттің, оның басшы қызметкерлерінің және жеке немесе аффилиирленген тұлғаларымен бірге осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлесінің) он және одан астам пайызын иемденетін эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) аффилиирленген тұлғасы болмауы тиіс. 
Басқа ұйымдастырушылық - құқықтық нысанда құрылған тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге осы Ереженің 1-4-тармағының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалармен шарт жасаспайды.
1-2-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.12.2008 № 237 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1-3. Тіркеуші жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді және тіркеушінің уәкілетті органымен бекітілгеннен кейін 30 күнтізбелік күннің ішінде жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есептілікті жариялайды. 
Тіркеуші аудит жүргізілгенде, аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) береді.
1-3-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.12.2008 № 237 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1-4. Акционерлік қоғам ұйымдастырушылық - құқықтық нысанда құрылған тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аффилиирленген тұлғаларды есепке алуды жүргізеді. 
Басқа ұйымдастырушылық - құқықтық нысанда құрылған тіркеуші мына тұлғаларды есепке алуды тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте жүргізеді: 
1) қ атысушыларды; 
2) тіркеушінің атқарушы органының, бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын жеке тұлғамен жақын туыстықта (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, ұлы, қызы), некеде тұрған, сондай-ақ жекжаттары болатын (ерінің (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, ата-анасы, ұлы немесе қызы) жеке тұлғаларды; 
3) тіркеушінің атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшелерін; 
4) осы тармақтың 1), 5), 6), 7), 8), 9) тармақ шаларында аталған заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының, бақылау кеңесінің мүшелерін;
5) тіркеушінің атқарушы органының, бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлғаларды; 
   6) тіркеушінің атқарушы органының, бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер не мүшелігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғаларды; 
7) оларға қатысты тіркеуші ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғларды; 
8) тіркеушімен бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлғаларды; 
9) тіркеуші қабылдайтын шешімдерді айқындайтын шартпен тіркеушімен байланысты тұлғаларды.
1-3-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.12.2008 № 237 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2. Номиналды ұстаушының операциялық күні бір күн ішіндегі кемінде жеті сағат жұмыс уақытын құрайды.
3. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды меншіктенушілерге не орталық депозитарийге жеке шоттар ашылады. Орталық депозитарийдің жеке шоттарында оның меншік құқығына тиесілі, сондай-ақ оның клиенттерінде номиналды ұстауда болып табылатын бағалы қағаздар есепке алынады.
2-тарау. Тізілімдер жүйесін қалыптастыру 
4. Тізілімдер жүйесін қалыптастыру бойынша тіркеушінің іс-әрекеті эмитент және бағалы қағаздарды ұстаушы, сондай-ақ Агенттік Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген) (бұдан әрі - № 238 ереже) бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінің 41 және 41-3-тармақтарында көзделген жағдайларда орталық депозитарий берген мәліметтерді қабылдаумен, тексерумен, өндеумен, тізілімдер жүйесіне енгізумен және тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтерді жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсету туралы орталық депозитарийге өкімді жіберумен сипатталады.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 04.10.2010 № 151 (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(ҚР ӘМ мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгiзiледi)