• Мое избранное
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 4 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4175

Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 276 Қаулысымен (01.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2014 жылғы 28 қарашадан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2014 жылғы № 167 Қаулысына сәйкес
Редакция 27.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңның 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Заңның 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 276 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.): 
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстанның тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
5. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2006 жылғы 25 ақпандағы
 N 62 қаулысының 1-қосымшасы
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 276 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
«Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң ) және «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн (бұдан әрі - тізілімдер жүйесі) құрайтын құжаттардың тізбесін, тізілімдер жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу шарттарын, тізілімдер жүйесіндегі жеке шоттан жасалатын үзінді көшірмелердің нысанын және мазмұнын белгілейді, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне енгізілетін мәліметтерді айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 276 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 № 126 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
1. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 276 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 215 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шот;
2) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты – бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын тiзiлiмдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған, мәмiлелердi тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi – бағалы қағаздарды ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгiлi бір күнге осы ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын);
4) жалпы өкілдің жеке шоты – бірнеше адамға меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) есепке алу жүзеге асырылатын тізілімдер жүйесіндегі жалпы меншіктің қатысушыларының жалпы өкіліне ашылған жеке шот;
5) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
6) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
7) операциялық күн – тiркеушi бұйрықтарды қабылдауды, өңдеуді, жеке шоттар бойынша операцияларды тiркеудi және ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
8) орналастырылған пайларды есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының жеке шоты – инвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылатын тiзiлiмдер жүйесiндегi жеке шот;
9) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
10) тiзiлiмдер жүйесiндегi операция – тiзiлiмдер жүйесіне деректерді енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тiзiлiмдер жүйесіне ақпарат дайындау және беру нәтижесі болып табылатын тiркеушiнiң iс-әрекеттерiнiң жиынтығы;
11) тіркеуші – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
12) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
13) ұстаушылары талап етпеген орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған, тиісті бұйрықты (бұйрықтарды) ұстаушы (ұстаушылар) ұсынбауына байланысты ұстаушы (ұстаушылар) ақы төлеген, бірақ оның (олардың) жеке шотына (шоттарына) есепке алынбаған эмитенттің жеке шоты;
14) ішкі бақылау – тіркеушінің органдары және уәкілетті қызметкерлері жүзеге асыратын, тіркеушінің, оның бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге, тіркеуші қызметінің нәтижелері туралы дәйекті есептілікті беруге, тіркеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасын және тіркеушінің ішкі құжаттарын сақталуына, сондай-ақ тіркеушінің органдарын және басшы қызметкерлерін тіркеушінің қызметіне тәні тәуекелдер туралы уақтылы хабардар етуге бағытталған рәсімдер жиынтығы;
15) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шот;
16) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары – айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары.
1-1. Тiркеушi iшкi бақылауды тiркеушiнің басқару органы бекіткен, мыналар:
1) iшкi бақылау объектісі;
2) тiркеушiнің iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлеріне қойылатын талаптар;
3) тiркеушiнің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жүзеге асыратын iшкi бақылау рәсімдері, оларды жүргізудің мерзімдері мен тәртібі;
4) тiркеушiнің iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерінің тiркеушiнің органдарын iшкi бақылаудың нәтижелері туралы хабардар етуінің тәртібі және мерзімдері айқындалатын өзінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
1-1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 № 126 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
1-2. Тiркеушiнің басқару органы ішкі аудит қызметін құруды қамтамасыз етеді және ішкі аудит қызметінің ішкі аудит саласындағы өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.
Ішкі аудит қызметінің қызметі мәселелері бойынша тiркеушiнің басқару органы бекіткен ішкі құжаттарында мыналар:
ішкі аудит қызметінің құрамы, оның функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері;
ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптар;
ішкі аудит объектісі;
ішкі аудит қызметінің тексерістерді жүргізу ауқымы мен жиілігі;
ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптар;
ішкі аудит қызметінің тіркеушінің басқару органына тексерістердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну мерзімдері мен нысандары айқындалады.
1-2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 № 126 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
1-3. Тіркеушінің ішкі бақылауды және (немесе) ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлері ішкі бақылаудың және (немесе) ішкі аудиттің объектісі болып табылатын қызметтің түрлерін жүзеге асырмайды.
1-3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 № 126 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
1-4.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-4-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 № 126 Қаулысымен (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
2. Номиналды ұстаушының операциялық күні бір күн ішіндегі кемінде жеті сағат жұмыс уақытын құрайды.
3. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленушілерге не орталық депозитарийге жеке шоттар ашылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 215 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)