• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 мамырда № 6951 тіркелді

Осы редакция 18.05.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми дәрежелер беру ережесі бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                        Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2011 жылғы 31 наурыздағы
 № 127 бұйрығына 1-қосымша
Ғылыми дәрежелер беру ережесі
1. Осы ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын (бұдан әрі – диссертация) ұсынған докторанттарға ғылыми дәрежелер беру тәртібін белгілейді.
2. Диссертация философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасының нақты бір мамандығы бойынша біліктілікті айқындайтын ғылыми еңбек болып табылады.
3. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) докторантураны бітірген Қазақстан азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға диссертациялық кеңестердің (бұдан әрі – диссертациялық кеңестер) ұсынысы негізінде, Комитеттің консультативтік-кеңес беру ұйымы болып табылатын тиісті Сараптау кеңесінің қорытындыларын ескере отырып береді.
4. Докторанттар ғылыми дәрежелер алу үшін ұсынған диссертациялардың осы Ережеге сәйкестілігін бағалауды Комитет жүзеге асырады.
5. Диссертация ғылыми дәрежелері бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласындағы маман болып табылатын отандық және шетелдік ғылыми консультанттардың жетекшілігімен орындалады. Мемлекеттік құпиялары бар диссертация орындалған жағдайда шетелдік ғылыми консультант тағайындалмайды.
Диссертация төмендегі талаптардың біреуіне сәйкес болуға тиіс:
1) маңызды ғылыми мәселені шешетін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;
2) пайдаланылуы маңызды қолданбалы міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;
3) нақты ғылыми бағыттардың дамуы үшін теориялық және (немесе) тәжірибелік жаңа құнды ғылыми негіздерден тұратын нәтижелердің болуы.
6. Диссертация ізденушінің өзі жазған, автордың көпшілік алдында қорғауға ұсынатын жаңа ғылыми нәтижелері мен қағидаларының жиынтығынан тұратын және автордың ғылымға қосқан жеке үлесін танытатын жұмыс болып табылады. Автор ұсынған жаңа шешімдер қатаң түрде дәлелденіп, бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырғанда сыни тұрғыдан бағалануы тиіс.
Қолданбалы мәні бар диссертацияда авторлық куәліктермен, патенттермен, алдын ала патенттермен және басқа ресми құжаттармен расталған автордың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің практикада қолданылуы туралы мәліметтер келтірілуі, ал теориялық мәнге ие диссертацияда оның ғылыми тұжырымдарын пайдалану жөнінде ұсыныстар болуы керек.
Диссертация келесі тілдердің біреуінде жазылады – мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілінде.
7. Диссертацияның негізгі мазмұны ғылыми, ғылыми-сараптау және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы тиіс.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелеріне ұсынылған диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) Комитет ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс.
Мемлекеттік құпиялары бар диссертация қорғалған жағдайда шетелдік ғылыми журналдағы жарияланымның орнына Комитет ұсынған ғылыми басылымдағы жарияланым есептеледі.
8. Диссертацияда:
1) басылып шыққан жердің толық деректерін көрсете отырып, келтірілген материалдар немесе жекелеген нәтижелер көздеріне;
2) теңавторларға тиесілі идеяларға немесе әзірлемелерге;
3) өзге авторлармен бірлесіп, сондай-ақ жеке-дара орындалған ғылыми жұмыстарға сілтеме жасалады.
Докторанттың авторы мен дерек көзін көрсетпей бөтен материалды пайдаланғаны «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ қорытындысымен дәлелденген жағдайда диссертация қараудан алынып тасталады.
9. Диссертация қорғалғаннан кейін докторанттың аттестациялық ісі Комитетке 30 (отыз) күннің ішінде жіберіледі. Осы мерзім өтіп кеткен жағдайда аттестациялық іс қарауға қабылданбайды.
10. Докторанттың аттестациялық ісінің қаралу мерзімі Комитетке келіп тіркелген күнінен бастап 4 (төрт) айды құрайды. Докторанттың аттестациялық ісі болмаған жағдайда немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге (бұдан әрі – Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже) сәйкес келмесе, олардың қаралуы тиісті құжаттар алынғанша тоқтатылады.
Соңғы шешім шыққанға дейін аттестациялық іс қайтарылмайды және Комитетте қаралудан алынбайды.
11. Диссертациялардың осы Ереже талаптарына сәйкестігін тиісті мамандықтар топтары бойынша Сараптау кеңестерінің осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес үлгіде ұсынатын тиісті қорытындылары негізінде Комитет белгілейді.
12. Сараптау кеңестері мамандықтар тобының тиісті бағыттары бойынша ғалымдардан құрылады.
Сараптау кеңестері Комитеттің бұйрығымен 1 (бір) жылға бекітіледі, оның құрамына төраға, төраға орынбасары, кеңес мүшелері және ғалым хатшы (дауыс беру құқығы жоқ) кіреді.
Сараптау кеңестерінің мүшелеріне диссертациялық кеңестердің құрамына кіруге болмайды.
13. Сараптау кеңесінің функциялары:
1) докторанттардың аттестациялық істерінің және диссертацияларының осы Ереженің және Үлгі ереженің талаптарына сәйкестігін сараптау;
2) ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми баспалардың тізбесін сараптау;
3) диссертациялық кеңестер жұмысын талдау;
4) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қарау және ұсынымдар дайындау.
14. Сараптау кеңесінің отырысы бекітілген құрамның 2/3-сінен (үштен екісінен) кем болмаған жағдайда құқылы болып саналады.
Егер ашық дауыс беру кезінде кеңес мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берсе, қорытындылар мен ұсынымдар қабылданған болып есептеледі және оларға төрағалық етуші, кеңестің ғалым хатшысы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау кеңесі төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
15. Комитет диссертацияның осы Ереженің талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қосымша сарапшыны шақырады.
16. Сараптау кеңесі қорытындысының негізінде Комитет докторантқа ғылыми дәреже беру/бермеу туралы шешім қабылдап, тиісті бұйрық шығарады.
17. Сараптау кеңестерінің жұмыс материалдары Комитетте сақталады. Комитеттің шешімі қабылданғаннан кейін бір айдың ішінде докторант сараптау кеңесінің қорытындысымен танысады.