1. Қосымша берілген Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелері бекітілсін.
Отправить по почте
Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 207-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 1 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4844 болып енгізілді.
#$Қолданушылардың назарына Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 28) тармақшасына және 49-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша берілген Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелері бекітілсін.
2. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мәліметіне жеткізілсін.
3. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және белгіленген заңнамалық тәртіпте оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы
2007 жылғы»6 шілде
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрі
2007 жылғы 10 шілде
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрі
2007 жылғы 9 шілде
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар Министрі
2007 жылғы»18 шілде
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 207-ө бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабының 28) тармақшасына және 49-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Ереже Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік экологиялық сараптама органдарының, оның аумақтық органдары мен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін жергілікті атқарушы органдарының қызметін және өзара іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібін айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына талаптарды белгілейді.
3. Ереже Министрліктің экологиялық сараптама органдарында, оның аумақтық органдары мен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін жергілікті атқарушы органдарында іс жүзінде қолданылу және Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерін жоспарлайтын және жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық материалы ретінде пайдаланылу үшін арналған.
2. Терминдер және анықтамалар
4. Ережеде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде ұсынылған терминдермен және анықтамалармен қатар, мынадай негізгі терминдер және анықтамалар пайдаланылады:
сыртқы сарапшылар - қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге тиісті лицензиялары бар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы және оның аумақтық органдары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары экологиялық сараптама жүргізу үшін тартқан жеке және заңды тұлғалар;
сараптамалық органдар - Министрліктің, оның аумақтық органдары мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сараптамалық органдары.
3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың мақсаттары, міндеттері және қағидаттары
5. Мемлекеттік экологиялық сараптама - оның мақсаты Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын іске асыру, Республиканың, жекелеген өңірлерінің, халық шаруашылығы салаларының, жекелеген кәсіпорындар қызметінің әлеуметтік экономикалық дамуы туралы шешімдер қабылдау процесінде табиғатты ұтымды пайдалану шарттарын қамтамасыз ету болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы - Министрліктің, оның аумақтық органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өз құзыретінің шегіндегі сараптамалық қызметтің түрі.
Мемлекеттік экологиялық сараптама көзделген және жүзеге асырылып отырған шаруашылық және өзге қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарына сәйкестігін белгілейді, сондай-ақ бұл қызметтің қоршаған ортаға болатын мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік салдарларының алдын алу мақсатында мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін іске асыру мүмкіндігін анықтайды.
6. Мемлекеттік экологиялық сараптама мақсаттары:
1) қоршаған ортаға және халық денсаулығына жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық норма шығарушы және өзге де қызметтің болатын мүмкін кері әсерлі салдарларын айқындау және шектеу;
2) экономикалық даму және қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің теңгерімін сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға келтірілетін зиянның алдын алу.
7. Мемлекеттік экологиялық сараптама міндетті сипатқа ие және табиғат пайдалану және қоршаған орта мен халық денсаулығына әсері бөлігінде құқықтық, шаруашылық және басқарушылық шешімдерді қабылдағанға дейін жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынсыз жобаларды қаржыландыру мен іске асыруға тыйым салынады.
8. Мемлекеттік экологиялық сараптама міндеттері:
1) олардың іске асырылуы қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың жай-күйіне әсерін тигізе алатын көзделген шешімдердің экологиялық негізделуін айқындау;
2) жоспарланып отырған және жүзеге асырылып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалаудың толықтығын және дұрыстығын, болатын мүмкін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарларын талдау және экологиялық қауіп-қатер деңгейін анықтауды қоса отырып, айқындау;
3) сараптама объектілерінде ұсынылатын қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану, халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі шаралардың тиімділігін, толықтығын және жеткіліктілігін бағалау;
4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын дайындау, оларды уақытылы сараптама объектісін іске асыру туралы шешім қабылдайтын мемлекеттік және басқа да ұйымдарға тапсыру және қажетті ақпаратты мүдделі ұйымдар мен халыққа ұсыну;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы стандарттарда, нормалар мен ережелерде бар экологиялық талаптарды сараптамаға салынатын құжаттамада сақтауды тексеру болып табылады.
9. Мемлекеттік экологиялық сараптама қағидаттары:
1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу міндеттілігі;
2) бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу;
3) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының объективтілігі және ғылыми негізделуі;
4) олар өз өкілеттігін жүзеге асырған кезде сараптамалық органдар мен сарапшылардың тәуелсіздігі;
5) жариялылық;
6) мемлекеттік экологиялық сараптаманың кешенділігі мен оның түрлерінің алуан түрлілігі;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |