Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
-
Продукты:
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 278 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 18.03.2016 жылғы № 148 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 45, 493-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Энергия көздерi шинынан электр энергиясын берудi техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған үлгi шарт";
шарттың кiрiспесiндегі "энергия көздерi шинынан электр энергиясын берудi" деген сөздер "электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бесiншi абзацтағы "электр қуатын," деген сөздер алынып тасталсын;
оныншы абзацтағы "қуаты мен" деген сөздер алынып тасталсын;
он бiрiншi абзацтағы "қуатын және/немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
он үшiншi абзацтағы "электр қуаты мен" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"нақты көлемi - желiлердiң тиесілілігіне қарамастан, кернеулердiң барлық сыныптарының желiсiне (желiлерi арқылы), оның ішінде Тапсырысшының желiсiне Тапсырысшы берген (импорттайтын) электр энергиясының көлемi;";
3-тармақтағы "Энергия көздерi шинынан электр энергиясын берудi" деген сөздер "Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "қуатын" деген сөз "энергиясын" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "қуатын беру шамасының" деген сөздер "қуаты маңызының" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтың екінші абзацында:
"Электр энергиясын берудің" деген сөздерден кейін "желiге берудiң және тұтынудың" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақтағы "жеткiзiп берудi" деген сөздер "желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі қызметтер көрсетудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта:
2) тармақшадағы "электр энергиясымен жабдықтау" деген сөздер "электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "электр энергиясын беруде" деген сөздер "электр энергиясын желiге беруде және тұтынуда техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер көрсетудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) электр энергиясын желiге берудiң және тұтынудың бекiтiлген тәулiктік кестесiн сақтауға;";
4) тармақша алынып тасталсын;
17-тармақта:
1) тармақшадағы "Тапсырысшының энергия құрылғылары шинынан келiсiм-шарттық жеткiзiлiмiн" деген сөздер "электр энергиясын желiге берудiң және тұтынудың шартты шамасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшаларда:
"энергия құрылғылары шинынан" деген сөздер "желiге" деген сөзбен ауыстырылсын;
"алпыс минут" деген сөздер "жиырма минут" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 11) тармақшасындағы "киловатт" деген сөз "киловольт" деген сөзбен ауыстырылсын;
20-тармақта:
1) тармақшада:
"беруге" деген сөзден кейiн "және/немесе тұтынуға" деген сөздермен толықтырылсын;
"өзiнiң тұтынушыларына" деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшадағы "энергия құрылғы шинынан" деген сөздер "желiге" деген сөзбен ауыстырылсын;
24-тармақтың екiншi абзацындағы және 25-тармақтағы "берiлген электр энергиясы", "берiлген электр энергиясының" деген сөздер "көрсетілген қызметтердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтағы "Электр энергиясын беру" деген сөздер "Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру" деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақтағы "электр энергиясын өңiраралық деңгейдегi желiлер арқылы беру жөнiндегі" деген сөздер "электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
38-тармақта:
"Энергия көзi шинынан электр энергиясын берудi" деген сөздер "Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Тұтынушымен" деген сөз "Тапсырысшымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
42-тармақта:
"техникалық диспетчерлендiру" деген сөздердiң алдынан "электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды" деген сөздермен толықтырылсын;
"ұзартылады" деген сөзден кейiн "және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған үлгi шартта:
1-тармақта:
жетiншi абзац "Орындаушы мен Тапсырысшының" деген сөздерден кейiн "және/немесе үшіншi тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
он бесiншi абзацтағы "киловатт" деген сөз "киловольт" деген сөзбен ауыстырылсын;
он алтыншы абзацтағы "қуаты мен" деген сөздер алынып тасталсын;
он жетiншi және жиырма бiрiншi абзацтардағы "мен қуатын энергияны", "мен қуатын" деген сөздер алынып тасталсын, он жетiншi абзацтағы "энергиясы" деген сөз "энергиясын" деген сөзбен ауыстырылсын;
жиырмасыншы абзацтағы "электр қуаты мен" деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақ алынып тасталсын;
26-тармақтың 1) тармақшасындағы "тұтынылған қуатының" деген сөздер алынып тасталсын;
27-тармақтың 2) тармақшасындағы және 32-тармақтағы "мен қуатын" деген сөздер алынып тасталсын, "энергиясы" деген сөз "энергиясын" деген сөзбен ауыстырылсын;
46-тармақтағы "электр қуаты мен" деген сөздер алынып тасталсын;
49-тармақтағы "Тұтынушымен" деген сөз "Тапсырысшымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
50-тармақтың бiрiншi абзацы алынып тасталсын;
51-тармақтың екiншi абзацында:
"өзге жағдайларда" деген сөздер "тәртiппен" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |