• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 қазан N 1359

Осы редакция 30.04.2004 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
     "Астық туралы" Қазақстан Республикасының  

 
  Заңын іске асыру 
жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 773  

 
  қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі 
арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысаны бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялануға тиіс.
     
     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-Министрі
                                       Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                       2001 жылғы 24 қазандағы
                                       N 1359 қаулысымен
                                       бекiтiлген
           Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы
             астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысаны
          
     ____________________                 2001 жылғы "___" ________
         (елдi мекен)
     Бұдан әрi "Иесi" деп аталатын _____________________________ атынан
_______________________________________________________________________
_________________ негiзiнде әрекет ететiн _____________________________
                                                   (астық иесi)
және бұдан әрi "АҚК" деп аталатын _____________________________________
атынан_________________________________________________________________
______________ негiзiнде әрекет ететiн_________________________________
                                         (астық қабылдау кәсiпорны)
бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар мына төмендегiлер туралы осы 
шартты жасасты.
                           1. Шарттың мәнi
1.1. АҚК оған осы шарттың ережелерiмен берiлген астықты заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген астықтың сапасы бойынша мемлекеттiк стандарттармен, нормативтiк құқықтық кесімдермен және өзге де техникалық шарттармен белгiленген сақтау нормаларын (режимдерiн) сақтай отырып сақтауға мiндеттенедi. 
       1.2. Дақылдың түрi, сорты, астықтың класы: _______________________ _______________________________________________________________________ 
1.3. Иесi астық қабылдау кәсiпорнымен келiсiм бойынша астықтың сақталуын қамтамасыз ететiн қолданыстағы (бекiтiлген) нормалардың шегiнде сақтауға тапсырған, есепке алынған табиғи салмағының сақтауға берiлген көлемi тонна. 
1.4. АҚК-ға берiлген астықтың сақталу мерзiмi, оның астық қоймасына түскен сәтiнен бастап төрт жылдан аспайды. 
          2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi 
2.1. АҚК: 
2.1.1 осы сақтау шартына, белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес астықты сақтау және оның сақталу шарттарын қамтамасыз етуге қажеттi барлық шараларды қабылдауға;