«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 512 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8224 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 16 тамыздан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 25.06.2014 жылғы № 315 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын отандық және импорт өндірісінің өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет (С.Ғ. Әубәкіров) және төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау (Н.С. Құнанбаев) комитеттері:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың ресми жариялануын ұйымдастырсын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы С.Қ. Оқасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Божко
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 512 бұйрығына 1-қосымша
«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызметтің регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Осы Регламентте келесі түсініктер қолданылады:
1) сұрау – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат беру туралы қажеттілікті білдіретін, заңды тұлғаның жазбаша өтініші;
2) мемлекеттік қызметті алушы – қағаз тасығышта өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетін заңды тұлғалар.
3. «Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс, 7-қабат, № 730-кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.
Комитеттің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
4. Көрсетілетін Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңының 14-13-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулысымен бекітілген «Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін Мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – Аттестат) беру немесе Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті алушы Мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 13-тармағында белгіленген тәртіпте сұрау береді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8(7172) 74-22-08 және 8 (7172) 74-22-68 телефон нөмірлері арқылы ұсынылады.
Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілерді толтыру көзделмеген.
Көрсетілетін Мемлекеттік қызмет бойынша алдын ала кеңесті 8 (7172) 74-22-08 телефоны бойынша алуға болады.
9. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден Стандарттың 16-тармағымен қарастырылған жағдайларда бас тартылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрекет (өзара әрекет) ету тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар және оларға қойылатын талаптар Стандарттың 11-тармағында көрсетілген.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында тек мемлекеттік қызметті алушы және құжаттарды қабылдау, тіркеу, өңдеу мен тексеруді, аттестатқа қол қою мен беруді жүзеге асыратын Комитет қатысады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі әкімшілік әрекеттердің және құрылымдық-функционалды бірліктің логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке қосымшаға сәйкес келтірілген.
«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызметтің регламентіне 1-қосымша
Нысан
Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат
______________________________________________________ берілді
(ұйымның атауы)
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-13-бабының 1-тармағына
сәйкес _________________________________________________________
(өнеркәсіп саласы көрсетіледі)
-
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |