• Мое избранное
"Бу және ыстық су құбырының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Бу және ыстық су құбырының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 49 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бу және ыстық су құбырының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 26 қаңтардағы
 N 49 қаулысымен
 бекітілген
"Бу мен ыстық су құбырының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
I. Жалпы ережелер
1. Осы Бу мен ыстық су құбырының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жұмыс қысымы 0,07 МПа (0,7 кгс/см  2  ) астам су буын немесе температурасы 115  о  С астам ыстық суды тасымалдайтын құбырын жобалауға, конструкцияларына, материалдарына, оларды дайындауға, монтаждауға, жөндеуге және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді. 
2. Осы Техникалық регламент мыналарға: 
1) қазандық шегінде орналасқан құбырларға; 
2) құбырларында жүйесіне кіретін және олардың ажырамас бөлігі болып табылатын (су бөлгіштер, лас ұстағыштар т.б.) ыдыстарға; 
3) ішкі су жолдарына орнатылатын құбырларға; 
4) сыртқы диаметрі 51 мм кем I санатты құбырларға және сыртқы диаметрі 76 мм кем II, III және IV санатты құбырларға; 
5) қазандықтардың, құбырларының, ыдыстардың, редукциялық-салқындату және басқа да атмосферамен біріктірілген құрылғылардың ағызу, үрлеу және шығару құбырларына; 
6) атом электр станциялары мен қондырғыларының құбырларына; 
7) әскери ведомствоның арнайы қондырғыларының құбырларына; 
8) металл емес материалдардан дайындалған құбырларына қолданылмайды. 
Осы Техникалық регламент бу мен ыстық судың тіршілік циклі сатыларында қауіпті сипаттардың (қасиеттердің) пайда болу мүмкіндігін ескереді. 
3. Бу мен ыстық су құбырларын сәйкестендіру Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (ҚР СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану жолымен, таңбалау және ілеспе құжаттар бойынша, жиынтығында тану үшін жеткілікті болатын белгілері, өлшемдері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша жүргізіледі. 
4. Осы Техникалық регламенттің әрекеті қолданылатын барлық құбырлар осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес төрт санатқа бөлінеді.
2. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 
1) құрастыру бірлігі - құрамдас бөліктері дайындаушы кәсіпорында құрастыру операцияларын (дәнекерлеу, бұрау, біліктеу және т.б.) қолдана отырып, бір бірімен біріктіруге жататын бұйым; 
2) деталь - құрастыру операцияларын қолданбай-ақ атауы бойынша бір тектес материалдан дайындалған бұйым; 
3) жартылай фабрикат - тұтынушы ұйымдарда одан әрі өңдеуге жататын еңбек құралы; 
4) бұйым - саны түйірмен немесе данамен есептелуі мүмкін өнеркәсіп өнімінің бірлігі; 
5) пішімдік бөлік - жұмыс ортасы ағынының бағыт өзгерісін, бірігуін немесе бөлінуін, кеңеюін немесе тарылуын қамтамасыз ететін құбырының немесе құбыр жүйесінің бөлшегі немесе құрастыру бірлігі (деталы); 
6) иін - жұмыс ортасы ағынының бағытын 15-тен 180  о  С дейінгі бұрышқа өзгертуді қамтамасыз ететін пішімдік бөлік; 
7) иір - құбыр имегінің пішінін өзгертуді қолдана отырып, дайындалған иін; 
8) штампты - дәнекерлі иін - штамптау мен дәнекерді пайдалана отырып, құбырдан немесе табақтан дайындалған иін; 
9) штампталған иін - дәнекерді қолданбай штампталған құбырдан дайындалған иін; 
10) секторлық иін - жіксіз немесе дәнекерленген құбырдан орындалған, бір бірімен дәнекерленген секторлардан дайындалған иін; 
11) қабырғаның есептік қалыңдығы - ішкі немесе сыртқы қысымның әсері кезінде детальдың беріктігін қамтамасыз ету үшін теориялық қажетті қабырға қалыңдығы; 
12) қабырғаның атаулы қалыңдығы - жартылай фабрикатты немесе дайындаманы таңдауға арналған және деталь мөлшерін тұтастай, яғни детальдың қандай да бір учаскесімен байланысынан тыс сипаттайтын қабырға қалыңдығы; 
13) қабырғаның нақты қалыңдығы - дайындау немесе пайдалану кезінде детальдың нақты учаскесінде пайдаланудың айқындаушы параметрлерінде өлшенген қабырға қалыңдығы; 
14) есептік қысым - есептеу есептік ресурс ішінде сенімді пайдалануды қамтамасыз ететін негізгі мөлшерлерді негіздеу кезінде беріктікке жүргізілетін есептік детальдағы барынша мол қысым; 
15) құбыр элементіндегі жұмыс қысымы - кедергі мен гидростаттық қысымды ескере отырып, құбырдың жұмыс қысымы бойынша айқындалатын элементке кірудегі барынша мол қысым; 
16) рұқсат етілген қысым - беріктікке арналған техникалық куәландыру немесе бақылау есебі нәтижелері бойынша белгіленген құбырындағы немесе оның пішімдік детальдарындағы барынша рұқсат етілетін мол қысым. 
17) шартты қысым - олардың 20  о  С кезінде ұзақ пайдалануын қамтамасыз етілетін құбыры арматурасындағы және детальдарындағы ортаның жұмыс қысымы; 
18) сынама қысым - құбырға немесе оның пішімдік бөлігіне (детальға) беріктікке және тығыздыққа арналған гидравликалық сынақ жүргізілуі тиіс мол қысым; 
19) қабырғаның есептік температурасы - ол бойынша қабырға қалыңдығын есептеу кезінде рұқсат етілетін кернеу шамасы таңдалатын деталь металының температурасы; 
20) ортаның есептік температурасы - құбырға немесе оның пішімдік деталындағы будың немесе ыстық судың барынша көп температурасы; 
21) қабырғаның шектік температурасы - құбырдың бөлшектері қабырғаларының барынша көп температурасы; 
22) сыртқы ауаның есептік температурасы - жылдың барынша суық бес күндігі ішінде осы аудандағы ауаның орташа тәуліктік температурасы; 
23) пайдаланудың есептік ресурсы - дайындаушы кәсіпорынның нұсқаулықтарында көрсетілген пайдаланудың берілген өлшемдері мен режимін сақтау кезінде дайындаушы кәсіпорын оның жұмысының сенімділігіне кепілдік беретін құбырдың сағатпен өлшенетін пайдалану ұзақтығы; 
24) қызметтің есептік мерзімі - ол өткеннен кейін құбырлардың одан әрі пайдаланудың рұқсат етілуін, өлшемдері мен шарттарын айқындау немесе оны бөлшектеу мақсатында құбырлардың техникалық жай-күйіне сараптама тексеру жүргізуі қажет пайдалануға берген күннен бастап күнтізбелік жылдардағы қызмет мерзімі; 
25) техникалық диагностикалау - объектінің техникалық жай-күйін айқындау;