Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133 Қаулысы
Осы редакция 16.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Агенттің 2011 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 55596799 (елу бес миллион бес жүз тоқсан алты мың жеті жүз тоқсан тоғыз) теңге мөлшерінде бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметіне ақы төлеуді жүзеге асырсын.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5. "Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты
орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 973 қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 463-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі