• Мое избранное
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.11.2013 жылғы № 1195 Қаулысымен (16.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.07.2015 жылғы № 9-2/695 Бұйрығын қараңыз
Редакция 11.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Агенттің 2012 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 64520000 (алпыс төрт миллион бес жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде бекітілсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.08.2012 жылғы № 1054 Қаулысымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметіне ақы төлеуді жүзеге асырсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.08.2012 жылғы № 1054 Қаулысымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.05.2010 жылғы № 425 Қаулысымен (02.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
5. "Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты   орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 973 қаулысының   (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 463-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2006 жылғы 29 қарашадағы
N 1133 қаулысымен                                                     
бекітілген
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі
Бүкіл мәтіндегі «сақтандырушыға», «сақтандырушының», «сақтандырушы», «сақтандырушылармен», «сақтандырушымен» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе өзара сақтандыру қоғамына», «немесе өзара сақтандыру қоғамының», «немесе өзара сақтандыру қоғамы», «немесе өзара сақтандыру қоғамдарымен», «немесе өзара сақтандыру қоғамымен» деген сөздермен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.10.2010 жылғы № 1042 Қаулысына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін реттейді.
2. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджет қаражаты және уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түскен кірістер есептелетін Ұлттық Банктегі шоттағы ақша мынадай мақсаттарда пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2010 жылғы № 1042 Қаулысымен (20.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1) қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесінде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушыға немесе өзара сақтандыру қоғамына сақтандыру төлемдерінің елу пайызын өтеуге; 
2) уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға.
2. Ағымдағы шоттан ақшаны пайдалану тәртібі
3. Агент ағымдағы шоттан сақтандырушының немесе өзара сақтандыру қоғамы банктік шотына сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін өтеу сомасын аудару үшін Ұлттық Банкке өтемді төлеуге арналған төлем тапсырмасын береді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2007 жылғы № 554 Қаулысымен (29.11.2006 ж. редакцияны қараңыз)
4. Сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы ағымдағы шоттан ақшаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде агенттің сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу сомалары бойынша агентпен салыстырып тексеру актісін үш данада ресімдейді.
5. Тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей агент өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сақтандыру төлемдерінің бір бөлігіне жүргізілген өтемдер туралы мынадай құжаттарды ұсына отырып, есептер береді: 
сақтандырушылармен немесе өзара сақтандыру қоғамдарымен жасалған салыстырып тексеру актісі; 
жүргізілген өтем төлемдері туралы ағымдағы шоттан үзінді көшірме; 
өтемдерді төлеуге арналған төлем құжаттарының көшірмелері.
6. Сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы агентке көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған және (немесе) ұсынған жағдайда агент сақтандырушыға немесе өзара сақтандыру қоғамына жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеуден бас тартады.
7. Агент ағымдағы шоттан түсетін қаражаттың түсімдері және оларды пайдалану жөніндегі операцияларды бухгалтерлік есепке алуды жарғылық қызмет нәтижелерінен оқшау жүргізеді.
8. Қаржы жылының соңындағы ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және тиісінше бюджетке қайтаруға жатпайды.
9. Агент өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ағымдағы шоттан бос қаражатты:
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2010 жылғы № 1042 Қаулысымен (20.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1) Ұлттық Банкпен салым операцияларын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын стандартты шарттар туралы бас келісім жасасу жолымен Ұлттық Банктегі депозиттік шоттарға;
2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарда орналастырады.
10. Уақытша бос қаражатты депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан алынған кірістер ағымдағы шотқа есептеледі.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2010 жылғы № 1042 Қаулысымен (20.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
11. Агенттің қызметін бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін
ақшаны пайдалану ережесіне
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2010 жылғы № 1042 Қаулысымен (20.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
20___ жылғы «___» ________ 20___ жылғы «___» _______ дейінгі кезеңдегі агенттің ағымдағы шоты бойынша ақшаның қозғалысы туралы есеп (теңгемен)
 
Р/с
N
Атауы Тоқсандар бойынша сома Есепті кезеңдегі ақша қозғалысының жиыны
1 2 3 4
1 Тоқсанның басындағы ақшаның қалдығы




2 Есепті кезеңде түсетін түсімдер, барлығы (3+4+4-1)





оның ішінде:




3 Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінген қаражат




4 Депозиттік шоттан түсетін сыйақы




4-1 Мемлекеттік бағалы қағаздарда орналастырудан сыйақы




5 Шығыстар, барлығы (6+7+7-1)





оның ішінде:




6 Сақтандыру төлемдерінің өтелуі




7 Депозитке орналастыру




7-1 Мемлекеттік бағалы қағаздарда орналастыру




8 Есепті кезең соңындағы қаражаттың қалдығы (1+2-5)




Агенттің басшысы ______________________                           (қолы, Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер __________________________                           (қолы, Т.А.Ә.)            M.O.
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін
ақшаны пайдалану ережесіне
2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2010 жылғы № 1042 Қаулысымен (20.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Өсімдік шаруашылғындағы міндетті сақтандыру туралы 20___ жылғы «___» _____ жағдай бойынша есеп (теңгемен)
 
Р/с
N
Сақтандыру компаниясының немесе өзара сақтандыру қоғамының атауы (облыс атауы) Жасалған шарттар саны (бірл.) Барлық сақтандырылған алаң (га) Сақтанушылармен жасалған шарттар бойынша жалпы сақтандыру сомасы Сақтандырушыныңнемесе өзара сақтандыру қоғамының сақтанушыларға өндірген сақтандыру төлемінің сомасы Агенттің сақтанушыға немесе өзара сақтандыру қоғамына сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу сомасы







1 2 3 4 5 6 7
Агенттің басшысы _________________                       (қолы, Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер ______________________                         (қолы, Т.А.Ә.)            M.O.