1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.
Отправить по почте
Осы редакция 29.03.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 35 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2752
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.Досмұқаметовке жүктелсін.
Төраға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 35 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулық
Осы Нұсқаулық " Сақтандыру қызметі туралы ", " Бухгалтерлік есепке алу мен және қаржылық есеп беру туралы ", " Акционерлік қоғамдар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, оның филиалдары мен өкілдіктеріне, сондай-ақ сақтандыру агенттіктерінің (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) қызметіне ішкі аудит жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына, осы Нұсқаулықта анықталған ерекшеліктерін ескере отырып сақтандыру ұйымдарының құрылтай және ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру ұйымындағы ішкі аудит жүйесінің негізгі мақсаты сақтандыру ұйымы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңдарын орындауын, сақтандыру ұйымының ішкі рәсімдері мен ережелерінің міндетті түрде болуына және сақталуына және сақтандыру ұйымы жүргізетін операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес келетін тиісті сенімділік деңгейінің және оның қызметі тәуекелдерінің азайтылуының қамтамасыз етілгеніне бақылау жасау болып табылады.
3. Сақтандыру ұйымындағы ішкі аудит:
1) сақтандыру ұйымының қызметін Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп саясатына және белгіленген ішкі рәсімдерге, сақтандыру ұйымының бекітілген тиісті ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асыруына;
2) сақтандыру ұйымының қызметіне қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі бөлігінде жүйелік талдауды жүзеге асыруына және бағалауына;
3) қабылданатын шешімдердің орындалуына бақылау шараларының тиімділігіне;
4) басқару жүйесін активтермен және міндеттемелермен тиімді бағалауға, оның ішінде портфель және әлуетті тәуекелдер құрылымын бағалауға;
5) сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген сақтандыру қызметі мен басқа да қызметтің уақтылы, дұрыс, толық және дәл көрсетілуіне;
6) сақтандыру мен басқа да қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын тәуекелдерді басқаруға және оларды барынша азайтуға мониторингті жүзеге асыруға;
7) сақтандыру агенттерінің қызметіне және осыған байланысты олардың сақтандыру шарттарын жасау кезіндегі тәуекелдеріне;
8) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нормалар мен лимиттерді сақтауға пруденциалдық нормативтер және басқа да міндеттемелерді сақтауға;
9) сақтандыру ұйымының есеп беруінің халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкесуіне бақылауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
4. Сақтандыру ұйымының тәуекелдері делініп сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында көзделген сақтандыру және басқа да қызметті жүзеге асырудан шығатын залалдың (шығындардың) туындау қаупі (мүмкіндігі) түсіндіріледі.
Сақтандыру ұйымын басқару және мониторинг кезінде тәуекелдердің мынадай негізгі түрлері ажыратылады:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |