• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г

Отправить по почте

Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 1277 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
«Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 259 Бұйрығын қараңыз
"Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Mинистрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 19 желтоқсандағы
 N 1277 қаулысымен
 бекiтiлген
Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен eceпке алу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында әзiрленген. 
Ереже жеке алған сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алуды жүзеге асырудың тәртiбiн aйқындайды және иондаушы сәулелендiру әсерiне ұшырайтын барлық жеке тұлғалар (бұдан әрi - азаматтар) мен қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрi - ұйымдар) қолданылады.
2. Жеке алған сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу мынадай мақсаттарда жүргiзiледi: 
1) азаматтар иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргізу кезінде, сондай-ақ радиациялық аяға байланысты алған жеке сәуле мөлшерлерi туралы объективтi ақпарат алу; 
2) белгiленген шектерден тыс сәуле алған адамдарды есепке алу; 
3) азаматтар мен ұйымдар персоналы алған сәуле мөлшерлерi туралы объективтi әрi шынайы ақпарат алу мүмкiндігін қамтамасыз ету; 
4) радиациялық фактордың азаматтарға әсер етуiн бағалау; 
5) азаматтардың сәуле алу деңгейлерiн төмендету жөнiнде шаралар қабылдау.
2. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау мен есепке алуды ұйымдастырудың жалпы тәртiбi
3. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелер талаптары ескерiле отырып, осы ережеге сәйкес жүргiзiледi және бақылау мен есепке алу көлемiне, параметрлеріне, әдiстерi мен құралдарына қойылатын бiрыңғай талаптармен қамтамасыз етiледi.
4. Бақылау мен есепке алуға мыналар жатады: 
1) оларға әр түрлi иондаушы сәулелендіру көздерi әсер еткен кезде азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерi; 
2) техногендiк өзгертiлген радиациялық аяға байланысты азаматтар мен ұйым персоналы алған жеке сәуле мөлшерлерi; 
3) медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерi; 
4) радиациялық авариялар кезiнде азаматтар мен ұйым персоналы алған жеке сәуле мөлшерi.
5. Негiзгi бақыланатын параметрлер мыналар болып табылады: 
1) жылдық тиiмдi және баламалы мөлшерлер; 
2) көз бұршағындағы, терiдегi, буындар мен табандағы жылдық баламалы мөлшер; 
3) радионуклидтердiң организмге түсуi және жылдық түсудi бағалау үшiн оларды организмде ұстау; 
4) ауадағы, судағы, тамақ өнімдеріндегі, құрылыс материалдары мен басқалардағы радионуклидтердің көлемдiк және үлестiк белсендiлiгi; 
5) терi қабаттарының, киiмнiң, аяқ киiмнiң, жұмыс орындарының радиоактивтік ластануы; 
6) сыртқы гамма-сәулелендiрудiң мөлшерi мен қуаттылығы.
6. Жеке алған сәуле мөлшерлерiн анықтау үшiн мыналар пайдаланылады: 
1) жеке дозиметрлердің көмегiмен тiкелей өлшемдер (азаматтар дербес алған сәуле мөлшерлерi); 
2) радиациялық мән-жайды ескере отырып, адамдар фантомдары мен сәулеленуiн есептегіштердің көмегiмен алынған жеке сәуле алу мөлшерлерiнiң есептемелерi; 
3) сәуле алған организмдегі биологиялық, биохимиялық және биофизикалық әсерлер бойынша азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн қайта жаңарту; 
4) әр түрлi материалдардағы радиациялық әсерлер бойынша азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн қайта жаңарту.
3. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу кезінде персонал алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алуды жүзеге асырудың тәртiбi
7. Жұмыс сипатына қарай ұйым персоналы алған сәуленi жеке бақылау жеке дозиметрлердi пайдалана отырып аралас сәулелендiру немесе есептеу жолымен сыртқы бета, гамма, рентген және нейтрон сәулелендіру мөлшерлерi жеке бақылауды қамтиды.
8. Ұйымдарда жеке дозиметриялық бақылауды жүргiзу үшiн персоналдың киiмiне қыстырылатын жеке дозиметрлер пайдаланылады. Дозиметрлердiң орналасу орны орындалатын жұмыстың сипатына байланысты.
9. Персонал ұйымда белгiленген жеке дозиметрлерді пайдалану тәртібiн сақтауы қажет.
10. Бақылау кезiнде қызметкер алған жиынтық мөлшерлер тоқсан сайын тіркеледi.
11. Ұйым персоналы алған жеке сәуле мөлшерлерiн есепке алуды кейіннен қызметкердің жеке есепке алу карточкасына енгiзе отырып, ұйымның дерекқорына тіркеу жолымен, ұйымның радиациялық қауiпсiздiк үшiн жауапты адамы жүзеге асырады. Ұйым персоналы алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу деректерi 50 жыл бойы сақталады. Қызметкер алған жеке сәуле мөлшерi туралы мәлiметтердің көшiрмесi, ол радиоактивті заттар мен басқа да иондаушы сәулелендіру көздерiн қолданатын ұйымға басқа жұмыс орнына ауысқан жағдайда, жаңа жұмыс орнына берiледi. 
Ұйымға iссапарға жiберiлген адамдар алған жеке сәуле мөлшерлерi туралы деректер олардың тұрақты жұмыс орнына жiберiледi және ұйымның дерекқорында тiркеледi.
12. Персонал арналған тиiмдi мөлшердiң шегi кез келген келесi 5 жыл үшiн орта есеппен алғанда жылына 20 миллизиверттi (мЗв) құрайды, бiрақ жылына 50 мЗв-дан және 5 жылда 100 мЗв-дан аспауы тиiс. Тұтастай алғанда персоналдың еңбек қызметi кезеңiнде 50 жыл бойы тиiмдi жеке мөлшер 1000 мЗв-дан аспауы тиiс.
4. Медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азаматтар (пациенттер) алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алуды ұйымдастырудың тәртiбi
13. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар диагностикалық ақпарат немесе терапиялық әсер алу мақсатында тек дәрiгердiң тағайындауы және азаматтың (пациенттiң) келiсуi бойынша ғана жүргiзiледi. Тиiстi процедураны жүргiзу туралы түпкiлiктi шешiмдi дәрiгер рентгенолог немесе дәрігер-радиолог қабылдайды.
14. Қолдану мүмкiн болмаған немесе басқа баламалы диагностика әдiстерiнен жеткiлiкті хабардар болмаған жағдайда медициналық рентген-радиологиялық процедуралар медициналық айғақтар бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мөлшерлердiң шегi белгiленбейді, бiрақ медициналық рентген-радиологиялық процедураларды тағайындауды негiздеу және азаматтарды (пациенттерді) қорғау шараларын оңтайландыру қағидаттары пайдаланылады.
15. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген және қолдануға рұқсат етiлген және оны пайдалану құқығына арналған санитарлық паспорты бар аппаратура пайдаланылады.
16. Медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргізу кезiнде азаматтың (пациенттің) сәулелiк жүктемелерiн азайту үшiн барлық ықтимал шаралар қолданылуы тиiс.
17. Әрбiр рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азамат (пациент) алған мөлшерлер азаматтың (пациенттiң) амбулаториялық картасына мiндеттi қосымша болып табылатын медициналық сәуле алу мөлшерлерiн есепке алудың дербес парағына енгізіледi және тиiстi медициналық рентген-радиологиялық процедураларды есепке алу журналында тiркеледi.
18. Азаматтың (пациенттің) талап етуi бойынша оған күтiлетiн немесе алынған сәуле алу мөлшерi мен медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзуден болатын ықтимал салдарлар туралы ақпарат берiледi.
19. Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде жылдық тиiмдi жеке алған сәуле мөлшерi 1 мЗв-дан аспауға тиiс. 
Азаматтарға профилактикалық медициналық ренатенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде қосымша зерттеу жүргiзудi немесе мөлшерлер көп пайда болатын әдiстердi мәжбүрлі пайдалануды талап ететiн жағдайда ғана белгiленген жылдық сәуле алу нормативi асып түсуi мүмкiн. 
Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде бұл нормативтi уақытша мәжбүрлi жоғарылату туралы шешiмдi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган қабылдайды.
20. Азаматтардың (пациенттердің) мөлшерлiк жүктемелерiн айқындау халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің талаптары мен нормаларына сәйкес жүргiзiледi.
21. Табиғи сәулелендiру көздерiнің әсер етуi есебiнен радиациялық аямен байланысты тиiмдi мөлшердің жол берiлетiн мәнi азаматтар үшін белгiленбейдi. Азаматтар алған сәуленi азайтуға жекелеген табиғи сәулелендіру көздерiнен сәуле алуды шектеу жүйесiн орнату жолымен қол жеткiзiледi.
5. Азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерін мемлекеттiк бақылау және есепке алу жүйесi
22. Ұйымдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары белгілеген талаптарға сәйкес азаматтар мен персонал алған жеке сәуле мөлшерлерi бойынша жылдық мемлекеттік статистикалық есептілікті толтырады және қызметiн тиiстi аумақтардағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саласындағы әл-ауқатын жүзеге асыратын атқарушы органдарға бередi, олар өз кезегінде мәлiметтердi қорытындылайды және жанында азаматтар жеке алған сәуле мөлшерлерiнің республикалық дерекқоры құрылатын Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияға бередi. 
Персонал мен азаматтарға жеке дозиметриялық бақылауды жүргiзу кезiнде жылдық тиiмдi мөлшердi, сондай-ақ бүкiл кәсiби жұмыс iстеу кезеңiндегi жиынтық тиiмдi жеке мөлшердi есепке алу жүргiзiледi.