• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 07.04.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 624 Қаулысы
"Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы N 111 Жарлығын і ске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010   жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 
2. Астана қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін. 
3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етсін және Астана қаласының әкіміне жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.