1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы N 1803 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 832 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы N 1803 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.06.2011 № 742 Қаулысымен. (11.02.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 969 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 502-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарының бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 10-бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚІжТКША" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ҚІжТКША" - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі".
3. "Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 624 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 24, 249-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"II кезең 2009 - 2010 жылдар" деген бөлімде:
"Инвестициялық саясат" деген кіші бөлімде:
"2. Сумен қамтамасыз ету және су тарту" деген тарауда:
реттік нөмірлері 96, 97, 98, 99, 100, 101-жолдардың 4-бағанындағы "Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"6. Мәдениет және спорт" деген тарауда:
реттік нөмірі 123-жолдың 4-бағанындағы "Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"7. Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй нарығы" деген тарауда:
реттік нөмірлері 124, 125-жолдардың 4-бағанындағы "Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |