Р/с № | Іс-шаралар атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға (іске асыруға) жауаптылар | Орындау (іске асыру) мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) | Қаржыландыру көздері |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1. Әдіснамалық тәсілдер |
| 1. | Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2012 жылғы 1-тоқсан | Талап етілмейді | |
| 2. | Бұқаралық ақпарат құралдарында Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының негізгі ережелері бойынша материалдарды (мақалалар, сұхбаттар, баяндамалар және тағы басқалар) жариялау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) | 2012 жылғы 1-тоқсан | Талап етілмейді | |
| 2. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру |
| 3. | Облыстарды, Астана және Алматы қалаларын 2015 жылға дейінгі дамыту бағдарламаларына орталықтары Ақтөбе, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында орналасқан агломерацияларды, сондай-ақ елдің басқа қалаларының айналасында екінші деңгейдегі агломерациялық белдеулерді құру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ККМ, АШМ, ҚОСРМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, Мәдениетмині, ЭБЖМ, ТЖМ, МГМ | жыл сайын 3-тоқсан | Талап етілмейді | |
| 4. | Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҚТКШІА, ЭДСМ, ИЖТМ, ККМ, АШМ, Қоршағанортамині, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, БАМ, ММ, ТСМ, Қаржымині, ЖРБА, ТЖМ, МГМ | 2013 жылғы 4-тоқсан | 2012 жыл -1 000 млн. теңге* 2013 жыл- 1 000 млн. теңге** | Республикалық бюджет |
| 5. | Облыстарды дамыту бағдарламаларына экономикасы моношикізатты қалалардың кешенді дамуына бағытталған, жаңа өндірістерді индустриаландыру және дамыту арқылы әртараптандыру стратегиясын көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ЭДСМ-ге ақпарат | Облыстардың әкімдері, МГМ | 2012-2013 жылдардың 2-тоқсаны | Талап етілмейді | |
| 6. | Облыстарды даму бағдарламаларына тірек (агрокенттер) ретінде айқындалған ауылдық елді мекендердің өндірістік салаларын дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ЭДСМ-ге ақпарат | Облыстардың әкімдері | 2012 жылғы 3-тоқсан | Талап етілмейді | |
| 7. | «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысына өзгерістер енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭДСМ, Қаржымині, ДСМ, MM, БҒМ, АШМ, ККМ, Еңбекмині, ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2012 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | |
| 8. | Елді аумақтық-кеңістікте дамытуды ескере отырып, өңірлердің дамуына республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттерді бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭДСМ, Қаржымині, ДСМ, ИЖТМ, БҒМ, MM, АШМ, ККМ, Еңбекмині, ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2012 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | |
9. | Халықтың негізгі әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілуінің бірыңғай стандарттарын кезең-кезеңмен енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭДСМ, ДСМ, MM, БҒМ, Еңбекмині, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | |
| 3. Практикалық шаралар |
| 10. | Толық түгендеу өткізгеннен кейін экономикалық айналымға өңірлердегі бар пайдалы қазбалар мен өзге де пайдаланбай келген активтерді тарту бойынша шаралар қабылдау | ӨДМ-ге ақпарат | ИЖТМ, МГМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын қаңтар, шілде | Талап етілмейді | |
11. | Толық түгендеу өткізгеннен кейін экономикалық айналымға өңірлердегі бар ауыл шаруашылығы жерлерін (егістіктер, жайылымдар, шабындықтар, көпжылдық екпелер, шоғырлар) қатыстыру бойынша шаралар қабылдау | ӨДМ-ге ақпарат | АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын қаңтар, шілде | Талап етілмейді | |
12. | Даму бюджеті шығыстарының бағыттары бойынша басқарушылық шешімдер қабылдай отырып, Қазақстан Республикасы қалаларының, аудандарының және ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын және олардың одан әрі даму перспективаларын зерттеуді жалғастырудың орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу (2011 жылдың осындай жұмыстарының нәтижелері бойынша) | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулер тақырыптарын қарау мәселелері жөніндегі комиссияға ұсыныстар | ӨДМ, АШМ, облыстардың әкімдері, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) | жыл сайын 1-тоқсан | Талап етілмейді | |
13. | Шекара маңы аумақтарын, оның ішінде Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кеден одағының жұмыс істеуін есепке алып, перспективалы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭДСМ, ДСМ, MM, БҒМ, ККМ, облыстардың әкімдері | 2012 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді | |
14. | Айналымға қолда бар (оның ішінде қаржылық) резервтерді және пайдаланылмай келген шаруашылық активтерді (тұрып қалған өндірістерді, айналымнан шығып қалып, мақсатына сай пайдаланылмай келген ауыл шаруашылығы алқаптарын және тағы басқаларды) тарту арқылы өңірлердің экономикаларын, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың белсенді қатысуы есебінен әртараптандыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу | ӨДМ-ге ақпарат | Облыстардың әкімдері, АШМ | жыл сайын 2-тоқсан | Талап етілмейді | |
15. | Қолайсыз аумақтар мен елді мекендердің (Арал маңы, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Қарағанды облысының Приозерск қаласы және тағы басқалар) проблемаларын шешу бойынша шаралар қабылдау | ӨДМ-ге ақпарат | Облыстардың әкімдері, ДСМ, БҒМ, ККМ, Еңбекмині | жыл сайын қаңтар, шілде | Талап етілмейді | |
16. | Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында анықталған талаптарға сәйкес әлеуеті жоғары ауылдар (селолар) арасынан тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін бекіту | ЭДСМ бұйрығы | ЭДСМ, облыстардың әкімдері | 2012 жылғы 1-тоқсан | Талап етілмейді | |
17. | Жобаның экономикалық тиімділік аспектілерін, балама маршруттардың бағыттарын ескере отырып, «Жезқазған-Бейнеу» (988км) темір жолын салу бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкімдері «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) | 2012 жылғы 2-тоқсан | Талап етілмейді | |
18. | Республика мен өңірлердің индустриялық-инновациялық инфрақұрылымын (арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, технологиялық парктер, бизнес-инкубаторлар) құруды және дамытуды қамтамасыз ету | ӨДМ-ге ақпарат | ИЖТМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын қаңтар | Республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шеңберінде** | Республикалық және жергілікті бюджеттер |
19. | Демографиялық үрдістерді және елді мекендердің перспективасын талдауды ескере отырып, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау объектілерін (қазіргі және перспективадағы) орналастырудың картасын қалыптастыруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭДСМ, ДСМ, MM, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2013 жылғы 2-тоқсан | Талап етілмейді | |
20. | Ел және оның өңірлері аумағындағы маусымдық су басуға және су тасқынына, селге, сырғыма мен қар көшкініне, өртке, жер сілкінісіне, төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық салдарын қарсы іс-қимыл жасау инфрақұрылымын дамыту арқылы техногендік авариялар, апаттар мен дүлей апаттардан болатын тәуекелдер мен шығындарды азайту үшін жағдайды қамтамасыз ету | ӨДМ-ге ақпарат | ТЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы 4-тоқсан | Республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шеңберінде** | Республикалық және жергілікті бюджеттер |
млн. теңге