1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу ережесi бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343 Қаулысы
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 47-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 52, 478-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 тамыздағы N 793 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 29, 251-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қазандағы N 1082 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 355-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесi
1. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) нормативтiк құқықтық кесiмдердiң деректемелерiн және осы кесiмдер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн мемлекеттiк есепке алудың бiрыңғай жүйесiн бiлдiредi.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |