Toggle Dropdown
Осы редакция 06.10.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343 Қаулысы
Toggle Dropdown
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 47-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу ережесi бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 52, 478-құжат);
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 тамыздағы N 793 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 29, 251-құжат);
Toggle Dropdown
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қазандағы N 1082 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 355-құжат).
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 29 сәуірдегі
N 343 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесi