Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ережені, азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын және Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.04.2012 № 498 Қаулысымен (30.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 30.06.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ереже;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандары:
туу туралы;
туу туралы актіні қалпына келтіру жазбасы;
некеге тұру туралы;
әкелікті белгілеу туралы;
бала асырап (қыз асырап) алу туралы;
тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы;
некені бұзу туралы;
қайтыс болу туралы;
3) осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін
куәліктердің нысандары:
туу туралы;
некеге тұру туралы;
некені бұзу туралы
әкелікті белгілеу туралы;
бала асырап (қыз асырап) алу туралы;
тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы;
некені бұзу туралы;
қайтыс болу туралы;
4) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелер.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы Ереже
1-Бөлім
Азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы
1-Тарау. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу тәртібі
1. Жеткілікті негіздер болғанда азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:
1) ұл (қыз) асырап алуға байланысты оның тегі, аты, әкесінің аты, туған жері мен күні өзгертілгенде, сондай-ақ бала (қыз) асырап алушыларды асырап алынған баланың (қыздың) ата-анасы ретінде жазғанда;
2) некені бұзуға немесе некенің жарамсыз деп тануға байланысты ерінің (зайыбының) тегі өзгертілгенде;
3) ата-анасының арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде;
4) әке болуды тіркегенде;
5) некеге тұрмаған анадан баланың туылу туралы акт жазбасына баланың әкесі туралы мәліметтерді енгізу туралы өтініш түскенде;
6) ұл (қыз) асырап алудың күшін жою немесе оның күші жоқ деп тану, сондай-ақ некенің күші жоқ деп тану туралы сот шешіміне байланысты;
7) баланың туу туралы акт жазбасынан баланың әкесі немесе шешесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы сот шешіміне байланысты;
8) тегін және атын, әкесінің атын өзгерткенде;
9) ата-анасының тегі мен әкесінің аттарының өзгеруіне байланысты кәмелетке толмаған баланың тегі мен әкесінің аты өзгергенде;
10) азаматтық хал актiлерi жазбаларындағы қателер сот тәртiбiмен анықталғанда;
11) әке болу туралы сот шешiмiнiң күшi жойылғанда;
12) егер азаматтық хал актiсi жазбасында қосарланған аты немесе әкесiнiң аты көрсетiлген болса;
13) егер азаматтық хал актiсi жазбасында ата-анасының тегi, аты, әкесiнiң аты немесе ұлты көрсетiлмесе;
14) егер азаматтық хал актiсi жазбасында қате мәлiметтер
көрсетiлсе;