• Мое избранное

Отправить по почте

Санаткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 мамырдағы N 201 Заңы

Мәскеуде 1998 жылғы 6 наурызда жасалған Санаткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
1
Санаткерлiк меншік саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ*
#$*(2001 жылғы 12 маусымнан бастап күшіне енді
ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., № 2, 22-құжат
2004 ж., № 6, 32-құжат)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, үкiметтерi атынан осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер,         санаткерлiк меншiгi саласында құқық бұзушылық ауқымының кеңеюiне терең алаңдаушылық бiлдiре отырып, 
1996 жылғы 17 мамырда Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының мемлекеттер басшылары кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiлген, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарында 2000 жылға дейiнгi кезеңде ұйымдасқан қылмысқа және басқа да қауiптi қылмыс түрлерiне қарсы күрестегi бiрлескен шаралардың мемлекетаралық бағдарламасын басшылыққа ала отырып,          Өзара сауда-саттықтың, экономикалық, өнеркәсiптiк және ғылыми ынтымақтастықтың үйлесiмдi дамуы үшiн қолайлы жағдайлар туғызуға тiлек бiлдiре отырып,  
1993 жылғы 22 қаңтардағы құқықтық көмек және азаматтық, отбасылық, сондай-ақ қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық қатынастар туралы конвенция ережелерiн негiзге ала отырып,          Тараптардың күш-жiгерiн үйлестiру және санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесуде тиiмдi шараларды қабылдау қажеттiгiн ұғына отырып,          төмендегiлер туралы келiстi: 
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "санаткерлiк меншiк" 1967 жылғы 14 шiлдеде Стокгольмде қол қойылған, Дүниежүзiлiк санаткерлiк меншiгi ұйымын құрған Конвенцияның 2-бабында көрсетілген мағынада түсiндірiледi.
Санаткерлiк меншiгiн сақтау және қорғау саласында өзара iс-қимыл жасау әдiстерiнiң келiсiлген нысандарын әзiрлеу және оларды iске асыру мақсатында Тараптар тең құқылық және өзара тиiмдiлiк принциптерiн сақтау негiзiнде, сондай-ақ халықаралық шарттар мен өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес осы саладағы құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және тексеру мәселелерiнде ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады. 
Әрбiр Тарап өзара кепiлдiк негiзiнде санаткерлiк меншiгiне арналған құқықты қорғауға қатысты өздерiнiң жеке және заңды тұлғаларына қарағанда, одан кем емес қолайлы режимдi басқа Тараптардың жеке және заңды тұлғаларына ұсынуға құқылы. 
а) санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу туралы ақпараттар алмасу;  
б) санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу мәселелерi бойынша жалпы ақпараттық мәлiметтер жиынтығын оны алу мүмкiндiгi бар субъектiлердi атай отырып, жасау;  
в) санаткерлiк меншiгi саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және оны ашу жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;  
г) санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және оны ашу жөнiндегi жұмыс тәжiрибелерiн алмасу;  
е) бiрлескен ғылыми зерттеулер, семинарлар және конференциялар ұйымдастыру;  
ж) кадрларды даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;  
з) Тараптардың сұрау салуы бойынша санаткерлiк меншiк саласындағы қызметтi реттейтiн нормативтiк актілердi беру арқылы жүзеге асырады.  
2. Тараптар осы Келiсiмдi орындауға жауапты өздерiнiң өкілеттi органдарының тiзбесiн белгiлейдi және Келiсiм күшiне енген күннен бастап үш айдан кешiктiрместен бұл туралы депозитарийге хабарлайды. 
Тараптар өздерiнiң ұлттық заңдарын санаткерлiк меншiк құқығын сақтау мен қорғау саласының халықаралық стандарттарына сәйкес келтiредi және кедендiк органдарға санаткерлiк меншiк объектiлерiне арналған құқықты бұзумен даярланған және/немесе сатып алынған және/немесе көрсетiлген құқыққа қандай да болсын нұқсан келтiретiн тауарларды Тараптың кедендiк шекарасы арқылы өткiзудi тоқтатуға құқық беретiн тиiстi рәсiмдердi қолданысқа енгiзедi.
Тараптар санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оның жолын кесу жөнiндегi келiсiлген шараларды көздейтiн қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк заңдары нормаларын әзiрлейдi және қолданысқа енгiзедi.
Санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесуде тиiмдi шаралар қабылдау және осы Келiсiм шеңберiнде Тараптардың iс-қимылын үйлестiру мақсатында Тараптар бiрлескен жұмыс Комиссиясын құрады, ол осы Комиссия туралы Ереже негiзiнде өзiнiң қызметiн жүзеге асырады.
Тараптардың өкiлдерi қажет болған жағдайларда заңдарды үйлестiру мен осы саладағы әдiстеменi қоса алғанда, санаткерлiк меншiктi сақтау мен қорғауда ынтымақтастық тиiмділiгiн нығайту және арттыру проблемалары бойынша жұмыс бабындағы кездесулер мен консультациялар өткiзедi.
Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Тараптардың өкiлеттi органдары санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы екi жақты және көп жақты ведомствоаралық келiсiмдер жасасуы мүмкiн.
Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға байланысты туындайтын пiкiр қайшылықтары консультациялар және келiссөздер арқылы шешiледi.
Осы Келiсiмдi iске асыруға байланысты шығыстарды әрбiр Тарап дербес түрде көтередi.
Осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастықты жүзеге асыру үшiн жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылады.
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамамен ресiмделедi. 
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшiншi хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.  
Қажеттi рәсiмдердi кейiнiрек орындаған Тараптар үшiн Келiсiм тиiстi құжаттар депозитарийге тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм оның ережелерiн бөлiсетiн басқа да мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық, ол барлық Тараптардың келiсiмiмен осындай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Осындай қосылуға келiсiмi туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап қосылу күшiне ендi деп есептеледi.
Осы Келiсiм оның күшiне енген күнiнен бастап бес жыл бойы қолданылады. Осы мерзiм аяқталған соң, егер Тараптар өзгеше шешiм қабылдамаса, әрбiр жолы бес жыл кезеңге өздiгiнен ұзартылады.
Әрбiр Тарап Келiсiм қолданысы кезiнде туындаған қаржылық және басқа да мiндеттемелерiн реттей отырып, кем дегенде шығуынан алты ай бұрын бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жiберiп, осы Келiсiмнен шыға алады.
Осы Келiсiмнiң ережелерi басқа да халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар қабылдаған мiндеттемелерге ықпал етпейдi және Тараптардың кез келген басқа да екi жақты және көп жақты нысандарда мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысу құқықтарын шектемейдi. 
Осы Келiсiм ережелерiн Тараптардың кез келгенi бұзған жағдайда басқа Тараптар 1969 жылғы халықаралық шарттардың құқығы туралы Вена конвенциясының 60-бабын басшылыққа алады.
Мәскеу қаласында 1998 жылғы 6 наурызда орыс тілінде бір түпнұсқа дана болып жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшылығында сақталады, ол осы Келісімге қол қойылған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін       Қазақстан Республикасының           Өзбекстан Республикасының 
Санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге Әзербайжан Республикасының ЕРЕКШЕ ПIКIРI
Әзербайжан Республикасы осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру кезiнде тұтас алғанда 7-бапқа және 8-iншi баптың осы саладағы заңдар мен әдiстеменi үйлестiру бөлiгiне қатысты өзiне мiндеттеме алмайды. 
Осымен қоса жiберiлiп отырған мәтiннiң 1998 жылғы 6 наурызда Мәскеу қаласында өткен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мүше мемлекеттер үкiмет басшылары Кеңесiнiң отырысында қабылданған санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы Келiсiмiнiң түпнұсқалық көшiрмесi болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыда аталған Келiсiмiнiң түпнұсқалық данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталынады.