Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 1061 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 678 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 321-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 678 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы N 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 27, 317-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 1061 қаулысымен бекітілген
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесі 1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және жергілікті бюджет жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеу және оны жергілікті атқарушы органның мақұлдауы;
2) атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының, бюджеттік өтінімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауы;
2-бөлім. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын әзірлеу 2-тарау. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеу
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленеді және:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын;
бюджеттік параметрлердің үш жылға арналған болжамын қамтитын құжатты білдіреді.
Бюджеттік параметрлердің болжамы:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын;
тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын;
жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтуға тиіс.
Жергілікті атқарушы орган әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша көрсеткіштерін енгізуі мүмкін.
5. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері түсімдерінің болжамды көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес айқындалады.
6. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін айқындау мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері шығыстарының болжамды көлемін айқындау;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін айқындау.
7. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері шығыстарының болжамды көлемі:
жергілікті атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге және өтеуге;
жергілікті атқарушы органның резервін трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері түсімдері көлемінің 2 %-ынан аспайтын мөлшерде қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып айқындалады.
8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын ағымдағы қаржы жылының 20 сәуірінен кешіктірмей тиісті жергілікті атқарушы орган мақұлдайды.
9. Тиісті жергілікті атқарушы орган мақұлдаған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
3-тарау. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары мен бюджеттік өтінімдерді әзірлеу
10. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:
1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын;
2) бюджеттік өтінімдерді әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарға нәтижелеріне бағалау жүргізілген жағдайда бағалау нәтижелері қоса беріледі.
11. Атқарушы органдардың жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспарларының жобалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы мақұлданған Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде жыл сайын әзірленеді.
12. Бюджеттік бағдарламалар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамында жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемі шегінде әзірленеді.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері шығыстарының болжамды көлемі осы Ереженің 7-тармағында айтылған шығыстар шегерімімен базалық шығыстарға және жаңа бастамалар шығыстарына бөлінеді.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ бюджеттен бірлесіп қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасып жатқан) бюджеттік инвестициялық жобаларға және концессиялық жобаларға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ трансферттер төлеуге және жергілікті атқарушы органның басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамалар шығыстарына:
кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;
макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
13. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері шығыстарының көлемі базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның ұсыныстары негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөледі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |