Toggle Dropdown
Осы редакция 24.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3993
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппараты құрылымының өзгеруіне және оның бөлімшелері орындайтын функцияларды нақтылауға байланысты, сондай-ақ консервация режимінде тұрған банктің корреспонденттік шотын жүргізуге байланысты мәселелерді реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ осы қаулының қосымшасына сәйкес консервация режимінде тұрған банктің корреспонденттік шотын жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк
Toggle Dropdown
Төрағасы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2005 жылғы 17 қарашадағы
қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
қаулыларының тізбесі
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 1999 жылғы 29 наурыз - 11 сәуірде жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы N 266 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 910 тіркелген), 2000 жылғы 16 мамырдағы N 216 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1152 тіркелген), 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1538 тіркелген), 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 362 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1999 тіркелген), 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген), 2003 жылғы 27 мамырдағы N 158 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2369 тіркелген), 2004 жылғы 15 мамырдағы N 74 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2887 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесінде:
Toggle Dropdown
1-тармақтың екінші абзацындағы үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) жүйенің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады.";
Toggle Dropdown
3-тармақтың 5) тармақшасындағы "Ұлттық Банктің бөлімшесінде" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
5-тармақта:
Toggle Dropdown
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"Шарттың жекелеген ережелерін орындауды уақытша тоқтату негіздерінің бірі инкассалық өкімдерді орындау үшін пайдаланушының ақшасының болмауы немесе жетіспеуіне байланысты пайдаланушының активтік операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктің хабарламасы болып табылады.";
Toggle Dropdown
тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
11-тармақтағы "Ұлттық Банктің пайдаланушыны жүйе арқылы ақша аударумен байланысты төлем тапсырмасын жiберу құқығынан айыру туралы шешiмi" деген сөздер "ақша жіберушінің активтік операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктің хабарламасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
12-тармақтағы:
Toggle Dropdown
төртінші - он бірінші абзацтар алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ Ұлттық Банкпен жасалған корреспонденттік шот шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.";
Toggle Dropdown
14-тармақ алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
22-тармақта:
Toggle Dropdown
бірінші абзацтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
екінші абзацтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
24 және 43-тармақтардағы "Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
25 және 42-тармақтардағы "Ұлттық Банктің бөлімшесінен" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
26-тармақтағы "тәуекелдi басқару мақсатында" деген сөздер алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
35-тармақтағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
37-тармақтың:
Toggle Dropdown
екінші абзацындағы "Ұлттық Банктің бөлімшесінде" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
үшінші абзацындағы "Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
38-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"38-1. Пайдаланушының төлем құжаттарын өңдеуі немесе оны оларды Орталықпен алмастыруы техникалық себептер бойынша мүмкін болмаған ерекше жағдайларда, пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі жүйені пайдаланушылардың өтініштері негізінде, бірақ бір сағаттан аспайтын уақытқа жүйенің операциялық күнін ұзартуға құқылы.
Toggle Dropdown
Жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы шешімді пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшенің басшысы қабылдайды.
Toggle Dropdown
Жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы пайдаланушының өтініші еркін нысанда жасалады, жүйені пайдаланушының атауы, пайдаланушы жүйенің операциялық күнін ұзартуды сұрап отырған ұзарту себептері және уақыты көрсетіле отырып (алдын ала ауызша келісілгеннен кейін), пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банк бөлімшесіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
Пайдаланушының өтініші негізінде жүйенің операциялық күнін ұзарту кезінде және жүйеде осы пайдаланушы жіберген хабарлама болмағанда пайдаланушыдан Ұлттық Банк белгілеген мөлшерде ақы алынады.";
Toggle Dropdown
38-2-тармақтың екінші абзацындағы "Ұлттық Банк бөлімшесіне" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"39-1. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүйенің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады.";
Toggle Dropdown
40-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
41-тармақтағы "шотын жүргізетін" деген сөздер "шотына қызмет көрсететін" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
44-тармақта:
Toggle Dropdown
"Ұлттық Банктің бөлімшесінен" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
"Ұлттық Банктің бөлімшесіне" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
45-тармақта "Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздер "Пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;