• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Оңтүстіксушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы жөніндегі Оңтүстік Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне Шардара су қоймасын құрылыстарымен қоса беру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Оңтүстіксушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы жөніндегі Оңтүстік Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне Шардара су қоймасын құрылыстарымен қоса беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 939 Қаулысы

Редакция 26.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Оңтүстіксушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне қабылдау-беру актісі бойынша "Шардара су электр станциясы" акционерлік қоғамына уақытша басқаруға берілген Шардара су қоймасы заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыстарымен қоса берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.08.2025 жылғы № 681 Қаулысымен (12.10.2007 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі