Toggle Dropdown
Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 839 Қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы бекітілсін.
2. «Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің ішкі су жолдарымен қатынау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 177 Қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 9, 100-құжат) күші жойлған деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 шілдедегі
№ 839 қаулысымен
бекітілген
Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 2004 жылғы 6 шілдедегі «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағиданың қолданысы жарылғыш заттарды, сондай-ақ жарылғыш заттардан және жару құралдарынан (1-класты қауіпті жүктер) тұратын құрылғыларды тасымалдайтын адамдарға, сондай-ақ:
1) осы Қағидада көрсетілмеген және олардың ішкі немесе пайдалану жабдығында қауіпті жүктерден тұратын машиналарды немесе механизмдерді тасымалдауға;
2) адамдарды құтқару немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүзеге асырылатын тасымалдауларға, осындай тасымалдаулардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданған жағдайда;
3) тасымалдау кезінде қауіпті қасиеттерін бейтараптандыру үшін жеткілікті термиялық өңдеуден өткен заттарға қолданылады.
3. Ішкі су көлігімен тасымалдауға тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) «Кемелермен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 27 мамырдағы № 517 қаулысымен бекітілген қауіпті жүктер жіберіледі.
4. Қауіпті жүктерді тасымалдау жабық үй-жайларда да және палубада да рұқсат етіледі.
Қауіпті жүктер тек палубада жүктерді немесе оларға қол жеткізілуін үдемі бақылау талап етілген жағдайда, сондай-ақ жарылғыш газдар, улы булар қоспасын емес көрінбейтін жеміру пайда болу қаупінде тасымалданады.
Барлық жағдайларда мыналар бөлінуі тиіс:
тез тұтанғыш заттар от аймағына түскенде кезде жарылуы мүмкін заттардан;
жануға ықпал ететін немесе оны тудыратын тотықтырғыш және басқа да заттар тез тұтанғыш және жанғыш заттардан;
уыттылығы бар кез келген зат барлық тамақ өнімдерінен;
Жарылғыш,тез тұтанғыш, улы және коррозиялық газдар мен бу бөлетін қауіпті жүктер автономды қарқынды желдетпесі бар кеменің газ өтпейтін үй-жайларында орналастырылуы қажет.
5. Кеменің қауіпті жүктерді тасымалдауға жарамдылығын оларды қасиетіне, қауіптілік сипатына және топталуына байланысты Кеме қатынасы тіркелімінің және су көлігінде бақылау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері анықтайды. Қажет болған жағдайда еңбек қорғау, санитарлық қадағалау жөніндегі инспекцияның және жөнелтушінің өкілдері тартылады.
6. Қауіпті жүктерді орналастырумен және бекітумен байланысты кемелерді жабдықтауды(кернегішті, төсемді, тіректерді және өзгесін орнату) жүк жөнелтуші орындайды.
Жүк жөнелтуші өрт сөндірудің қосымша құралдарымен және жеке қорғанудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етеді, олар жүк алушыға жүкпен бірге тапсырылады.
Автокөлік және теміржол көліктерінің қатысуымен қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші осы көлік түрлерімен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес қажетті материалдар мен жабдықтарды қосымша ұсынады.
Қажетті материалдар мен құралдарды жүк жөнелтуші кемеге оған тиеуге дейін жеткізеді.
7. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған жүк құжатында жүк жөнелтуші Тізбеге сәйкес қауіпті жүк атауын және салмағын көрсетеді.
Қауіпті жүктер «Химикаттар» және соған ұқсас жалпылама атаумен тасымалдауға қабылданбайды.
Қауіпті жүктерді бірлестіре ораған кезде жүкқұжатта (бұдан әрі- жүкқұжат) атауы, әрбір қауіпті жүктің салмағы және жалпы брутто салмағы көрсетіледі.
Қауіпті жүктердің ілеспе құжаттарында жоғарғы оң бөлігінде қызыл түсті штемпелдер қойылады, «Қауіпті» және жүк қауіптілігінің сипаттамасына байланысты: «У», «Тұтанбайтын сығымдалған газдар», «Тұтанбайтын сұйытылған газдар», «Тұтанады», «Тез тұтанатын сұйықтық», «Тез тұтанатын газ», «Тұтанатын сұйытылған газ», «Тұтанатын сұйық газ», «Тотықтырғыш», «Күйдіргіш заттар», «Судан жанады», «Улы газ», «Сұйытылған газ», «Өздігінен жанады», «Органикалық асқын оксид», «Сұйық газ».
Егер жүк қауіптіліктің екі және одан көп түріне ие болса, онда тиісінше қауіптіліктің екі және одан көп жазуы жазылады.
Штемпелдер жазуындағы әріп биіктігі кемінде 10 миллиметр болуы тиіс.
Әр түрлі кластағы бірлестіріп оралған жүктерді ұсынған кезде тасымалдау құжаттарына әрбір класқа сәйкес келетін штемпелдер қойылады.
8. Қауіпті заттардан тұратын химиялық реактивтер, медициналық және ветеринарлық препараттар, аптекарлық және парфюмерлік тауарлар қауіпті жүктерге белгіленген барлық шарттарды сақтай отырып тасымалданады.
9. Қауіпсіз жүк ретінде әр түрлі тез тұтанғыш сұйықтықтар, қышқылдар және басқа да қауіпті заттары нетто салмағы 1 килограммнан аспайтын және көлемі 1 литрден аспайтын ұсақ өлшемделген орамда шағын жөнелтімдермен жалпы жағдайларда тасымалданады.
Осы ереже қауіптілік сипаттамалары бойынша кез келген өлшемделген орамда тасымалданатын қауіпті жүктерге қолданылмайды.
Өлшемделген орамдағы қауіпті жүкпен бір орынның брутто салмағы 50 килограммнан аспайды.
Осындай жүктер бар әрбір орынның сыртқы орамына жүкжөнелтуші «Ұсақ өлшемделген орамда», «Жоғары» деген, ал шыны ыдыс болған кезде сондай-ақ «Сақ болыңыз», «Шыны» деген жазуларды басады. Бұдан басқа орамға осы Қағиданың 9-тармағына сәйкес тиісті белгілер желімделеді.
Жүкқұжатта жөнелтуші жүгінің атауының астына «Жүк ұсақ орамда» деген белгі жасалады.Жүктік қауіптілігі сипатын көрсететін штемпель бұл жағдайда тасымалдау құжатына қойылмайды.
10. Қауіпті жүк тасымалдау үшін тығыз, берік, ақаусыз, мұқият тығындалған, жүктің аққан және шашылған ізі жоқ ыдыс пайдаланылады.
Шыны шөлмектегі, металл және пластмасса ыдыстағы (банкалардағы, бидондардағы, канистрлердегі) қауіпті жүктер ағаш тығыз немесе торлы жәшіктерге орналастырылады. Ашық жәшіктердің қабырғалары тығындалған бөтелкелер мен ыдыстардан 5 сантиметрге биік.
11. Ыдыс зақымдалған кезде жүкті одан әрі тасымалдау дереу тоқтатылады, ал жүк оқшауландырылады. Бұл жағдайда жүк иеленуші жүкпен не істеу керектігін тасымалдаушыға хабарлайды. Ыдысты тек жүк жөнелтушінің рұқсатымен, ол көрсеткен барлық қауіпсіздік шараларын қабылдап, түзетуге болады.
Егер қауіпті жүгі бар ыдыстың зақымдалуы оны кемеге тиегенге дейін болса, онда ыдысты оңдау мен ауыстыруды жүк жөнелтуші жүзеге асырады.
12. Арнайы бақылауды қажет ететін ерекше қауіпті жүктер жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының жолсеріктерімен тасымалданады. Жолсеріктер алып жүрген жүктердің қасиеттерін жақсы білуі, оларды тасымалдау шарттарының сақталуын бақылауы, ал қажет болған жағдайларда осындай жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулар беруі және шаралар қабылдауы тиіс.
Жүк жөнелтуші жолсеріктерді қажетті жеке қорғану құралдарымен, құрал-саймандармен және материалдармен жабдықтайды.
13. Қауіпті жүктерді жөнелту кезінде жүк жөнелтуші жүк алушыға кеменің кету уақытын, жүктің нақты атауы мен санын, жекелеген орындардың салмағын және қысқа өміршең изотоптардың болуын хабарлайды.
14. Қауіпті жүктер болған бос ыдыс оны жөнелтуші онда тасымалданған жүктердің қалдықтарынан толық босатқан жағдайда, сондай-ақ толық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін оның ішін және сыртын тазаланғанда тасымалдауға қабылданады, бұл туралы жүкқұжатта «Жүк атау» деген бағанда «Ыдыс (онда болған жүктің атауы) тазартылған, қауіпсіз» деген белгі жасалады. Осындай ыдыс жалпы негізде, сығымдалған және сұйытылған газдар үшін бос баллондарды және этил сұйықтығы болған бөшкелерді қоспағанда, қауіпсіз жүк ретінде тасымалданады.
Егер ыдысты мұқият тазарту мүмкін болмаса, ол онда болған қауіпті жүкті тасымалдау үшін белгіленген ережелерді сақтай отырып тасымалданады. Жүкқұжатта, «Жүк атау» деген бағанда жөнелтуші «Ыдыс (онда болған жүктің атауы)...» деген белгі жасайды.
15. Қауіпті жүктерді қысқа мерзімді сақтаумен тасымалдауға қабылдауға тасымалдаушыда оларды қауіпсіз сақтау жағдайын қамтамасыз ететін жеке қойма үй-жайлары болған кезде ғана жол беріледі. Қауіпті жүктерді басқа қауіпті жүктермен бірлестіріп орналастыруға рұқсат етілмейді.
Тасымалдаушыда көрсетілген қойма үй-жайлары болмаған кезде қауіпті жүктер оларды тікелей жүк жөнелтуші кеме бортына әкелген кезде тікелей нұсқада қайта асқын жүкпен қабылданады.
16. Қауіпті жүктерді тиеу мен түсіру мамандандырылған айлақтарда жүк жолсеріктердің және иеленушілердің мамандары болуымен жүргізіледі. Ұсақ топтар жалпы айлақтарда арнайы бөлінген орындарда қажетті сақтық шараларын сақтай отырып қайта тиеледі.
Тиеу және түсіру орындары тиеу-түсіру жұмыстарын тәулік бойы орындауды қамтамасыз ететін қауіпсіз және жеткілікті электрмен жарықтандырылған болуы тиіс.
Тиеу мен түсіруге және көрсетілгенмен байланысты өзге де қызметке қауіпті жүктердің қасиетін, оларды сақтау шарттарын және тиісті операцияларды орындаған кезде олар жұмыс істеуді, оларды кемеде, контейнерде және қоймада орналастыру мен жинақтау тәртібін білетін адамдар тартылады.
Қауіпті жүктерді кемелерге тиеу немесе кемелерден түсіру кеме әкімшілігінің тікелей бақылауымен жүргізіледі.
Қауіпті жүктер кемеге оны басқа жүктермен тиеуге беріледі, ал бірінші болып түсіріледі.
Қауіпті жүктермен жүк операциялары кезінде кемеге басқа кемелердің тіркеп сүйрету, жабдықтау және басқа да мақсаттар үшін жақындауына тыйым салынады.
17. Тиеу-түсіру операцияларын қолмен орындаған кезде қауіпті жүктерді иықтан тастап жіберуге, жиектеп сырғытуға, сүйретуге және оларды басқа жүктерге соғуға, сондай-ақ ілмектерді, болат тросстарды және ыдысты зақымдауы мүмкін, ал от қаупі бар және жарылу қаупі бар жүктерді өңдеу кезінде ұшқын тудыратын басқа да жүк қармауыш құрал-саймандарын пайдалануға тыйым салынады.
Трюмге, қоймаға немесе вагонға кіруге және онда жұмыс жүргізуге жарылғыш, тез тұтанғыш, улы және тұншықтырғыш булар мен газдардың қауіпсіз шоғырлануы болмаған кезде ғана жүргізіледі.
Тиеу-түсіру жұмыстары аяқталғаннан кейін тиеу-түсіру орындары, кемелердің трюмдер мен палубалары жүк қалдықтарынан тазартылады, ал қажет болғанда жуылады немесе зарарсыздандырылады. Осындай өңдеу қауіпті жүкпен жұмысқа пайдаланылған машиналарға, механизмдерге, табандықтарға, жүк қармауыш құрал-саймандар мен арнайы киімдерге жүргізіледі.
18. Жүк алушы қауіпті жүк келген сәттен бастап 24 сағат ішінде порттан оны әкетеді, ал портта оны уақытша сақтау үшін тиісті жағдайлар болмаған кезде жүкті алушы тікелей кемеден алуы және дереу әкетуі тиіс.
19. Бірнеше қауіпті қасиеттерге ие, соның ішінде улы (уытты) жүктер үшін осы Ереже 6-тарауымен белгіленген талаптарды сақтай отырып тасымалданады.
2. Қысым түсірумен сығымдалған, сұйықталған және ерітілген газдарды тасымалдау тәртібі (2-класс қауіпті жүктері)
20. Осы класс жүктері қысым түсіре сығымдалған, сұйытылған және ерітілген түрде аса берік және герметикалық орамда тасымалданады. Кейбір газдар сұйық жай-күйде өте төмен температурада тасымалданады.
21. Қысым түсіре сығымдалған, сұйытылған және ерітілген газдар тасымалдауға металл баллондар мен ыдыстарда қабылданады.
Баллондар мен ыдыстардың жарамдылығын жүк жөнелтуші жүкқұжатта растайды.
22. Баллондар мен ыдыстар олардың герметикалық жабығын қамтамасыз ететін шағырлармен техникалық ақаусыз.
Баллондарда бояу мен оларда анық, әрбір газ үшін белгіленген түрлі-түсті жолақ және жазулар; жөнелтуші немесе баллондарды толтыратын зауыт пломбалаған сенімді сақтандырғыш қалпақтары; резеңкеден жасалған;амортизациялайтын сақиналар немесе қалыңдығы кемінде 25 мм, әрбір баллонға екеуден жіп болуы тиіс.
Газ жылыстау себебі иісінен немесе шуылдауынан табылатын баллондар мен ыдыстар, басқа шарттардың орындалғанына қарамастан тасымалдауға қабылданбайды.
23. Баллондар мен ыдыстардың толтырылуы белгіленген нормадан аспауы тиіс. Осыны растау ретінде жөнелтуші жүкқұжатта мынадай белгі жасайды: «Баллондар (ыдыстар) белгіленген нормадан аспайтындай толтырылған».
24. Сығымдалған және сұйытылған газдарды қоймалау мен сақтау осы мақсаттарға арнайы арналған қоймаларда немесе отқа төзімді аралықтарымен оқшауланған жалпы қоймалардың жекелеген үй-жайларында жүргізіледі. Газдарды ашық алаңдарда жинау, олар жауын-шашын мен күн сәулелерінің әсер етуінен бүркемеленген жағдайда мүмкін.
Улы газдармен балондар тек мамандандырылған үй-жайларда сақталуы мүмкін. Бұл үй-жайларға кіруге газтұтқышты немесе көзді сақтайтын өзге де құралдарды пайдаланып қана рұқсат етіледі.
Газды баллондарды тігінен биіктігі 5 қатар қылып қатқабат қоюға рұқсат етіледі.
Баллондарды тігінен, олардың қозғалуын немесе құлап кетуін арнайы қабырғаларға немесе торларға бекіту. Қатты суыған газдары (сұйық оттегі, сұйық ауа немесе өзгесі) бар ыдыстар тек қана тік жағдайда болуы тиіс.
25. Сығымдалған және сұйытылған газдар жүк кемелерімен, жабық желдетілетін үй-жайларда да, ашық трюмдерде немесе олардың міндетті түрде жауын-шашын мен күн сәулелерінің әсер етуінен бүркемеленген палубада тасымалданады.
Тез тұтанғыш газдарымен баллондарды бір кемеде 50 данадан аспайтын топпен тасымалдауға жол беріледі. Арнайы рейспен тасымалданған кезде Кеме қатынасы тізілімімен келісе отырып, осы газдар бар баллондарды ірі топтармен тасымалдау мүмкін болады.
Улы газдар, сондай-ақ пропан мен бутан бар баллондарды палубада ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
Тез тұтанатын газымен баллондар мен ыдыстар құрғақ салқын орындарға қойылады және кез келген жылу, ұшқын, жалын көздерінен және газ ығыстаған кезде өрт тудыруы мүмкін заттардан алыстатылуы тиіс.
26. Кемеде қоймалардағы сияқты баллондар үйкелісті және қозғалып кетуді, сондай-ақ кеме корпусының металл бөлігімен жанасуын болдырмайтындай етіп қойылады.
27. Майланған талшықты материалдарымен бірге оттегі, жанғыш газы, сығымдалған және сұйытылған газдары бар баллондарды тасымалдау мен қоймалауға тыйым салынады.
28. Баллондар зақымдалған және олардан газдар бөлінген жағдайда мынадай сақтық шараларын қабылдау қажет:
1) тез тұтанатын және улы емес газдары бар баллондарды негізгі топтардан бөлу және олардан газдар бөліну тоқтағанға дейін басқа жүктер мен адамдардан айтарлықтай алыс орында жерге қою керек;
2) улы газдарымен, сондай-ақ тез тұтанғыш газдарымен баллондарды тұрғын үйлерден және өндірістің ғимараттардан кемінде 100 метр қашықтыққа дереу әкету қажет, бұл ретте оларды су бар бөшкеге, хлоры, күкіртті газдарды әк ерітіндісі бар бөшкеге орналастыру ұсынылады. Газбен қаныққан сұйықтықты бөшкеден тұрғын үй-жайлар, су көзерінен алыс жерлердегі шұңқырға төгеді және шұңқырды жабады; тез тұтанғыш газдары бар баллондарды залалсыздандырған кезде газтұтқыштарды кию және қауіпсіздік ережесін сақтау қажет;
3) тез тұтанғыш газдарымен баллондарды тұрғын үйлерден және өндірістің ғимараттардан кемінде 100 метр қашықтыққа дереу әкету және ұшқыннан және басқа от көздерінен тұтану мүмкіндігін болдырмайтын шараларды қабылдап, оларға газ толық шыққанша бақылау қою керек.
Борт сыртына өзенге қандайда болмасын газы бар баллондар мен ыдыстарды тыстауға тыйым салынады.
29. Бос баллондарды тасымалдауға ұсынған кезде жүк жөнелтуші жүкқұжатта «Жүк атауы» деген бағанда «Газ (атауы) болған бос баллондар» деп көрсетіледі.
Бос баллондарда тығыз жабылған шағырлар болу және бұралған қалпақтары, сондай-ақ «Бос» деген жазуы бар жапсырмасы болуы тиіс. Бос баллондардағы қалдық қысым белгіленген нормаларға сәйкес келуі тиіс.
Бос баллондар қауіпті жүк ретінде тиісті сығымдалған және сұйытылған газдар үшін белгіленген шарттарды сақтай отырып тасымалданады.
3. Тез тұтанғыш сұйықтықтарды, сұйықтықтар қоспасын, сондай-ақ жабық ыдыста +61оС және одан төмен жарқ ету температурасымен тез тұтанғыш буларды бөлетін ерітпелер мен жүзгіндерді (сырлар, лактар және соған ұқсайтындар) тасымалдау тәртібі (3-класс қауіпті жүктері)
30. 3-класс жүктерінің негізгі қауіпті қасиеті сыртқы көздерден (ашық оттан, ұшқыннан және басқаларынан) олардың буларының тез тұтанғыштығы, сондай-ақ ауамен жарылыс қаупі бар қоспалар құру қабілеті болып табылады.
Осы сұйықтықтар бөлетін булар есірткілік әрекетке ие, оларды ұзақ ішке тарту естен айрылуға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Кейбір тез тұтанғыш сұйықтықтар: күкірткөміртегі, метанал және басқалары: уыттандырғыш әсерге ие. Олар сақтықтың ерекше шараларын сақтаумен тасымалдануы тиіс.
31. Тез тұтанғыш сұйықтықты тасымалдауға пайдаланылатын кез келген ыдыс герметикалы жабылуы және сұйықтықты тұтанудың сыртқы көздерінен сенімді қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Шыны ыдыстар берік ағаш жәшіктерге инертті төсегіш және сіңіргіш материалдармен (шлак мақта, кизельгур және басқалары) оралады.
32. Тез тұтанғыш сұйықтықтарды жүк жөнелтуші кеме бортына тікелей әкеледі және кемеден түсірілуіне қарай дереу әкетіледі.
33. Тез тұтанғыш сұйықтықтарды тиеу, түсіру және қысқа мерзімге сақтауды жүргізу үшін өзен портында өртке қарсы жағдайда қатысты тиісті қоршалған және жабдықталған, тұрғын үй, қызметтік және өнеркәсіптік құрылыстардан, жүк қоймалардан, кеме тұрақтарынан және басқа да жүзбе құралдарынан кемінде 100 метр қашықтыққа алыс арнайы қоймалар, алаңдар және айлақтар бөлінуі тиіс.
34. Тез тұтанғыш сұйықтықтарды қайта тиеу тәуліктік жарық уақытында ғана жүргізіледі. Ерекше жағдайларда қараңғы уақытта жағадан электрмен жарықтандыру кезінде немесе жүкпен жұмыс істеу орнына жақын жерде жарылыс қаупі жоқ жарықтандыру кезінде ерекше жағдайларда мүмкін болады.
Бұл ретте қолданылатын торлар мен сауыттар өсімдік талшықтарынан жасалған болуы тиіс, ал қармауыш құрал-саймандарында ұшқын шығу мүмкіндігін болдырмайтын жамылғы болуы тиіс.
Металл бөшкелерді ағаш төсегіштер бойынша жүргізу тиіс.
35. Палубада тасымалданатын тез тұтанғыш сұйықтықтар шамадан тыс қызуды болдырмау үшін дымқыл жай-күйде ұсталатын кенеппен немесе киізбен жабылады.
36. Кемеде жүк жинастыру тұтас қатармен тербеліс кезінде жүк орындарының ауысуының алдын алатын сенімді бекітпесімен жүргізіледі.
Бөшкелер трюмдер мен палубада дұрыс тығыз қатармен тығындарымен жоғары қойылады. Қатарлар арасында еркін өтетін жерлер қалдырылады. Бөшкелер трюмдерде ағаш төсемдерде 5 ярустан аспайтындай, ал палубада тек бір 1 ярус орналастырылады. Әрбір ярус ағаш төсемдермен, білеулермен және тұрақтылық беру және жүктемені шоғырландыру үшін тірегіштермен бекітілуі тиіс. Егер бөшке тығындары түбінде жасалған болса, бөшкелер бүйірінен тығындарымен жоғары 3 ярустан көп емес (трюмдерде), олардың араларына көлденең және тігінен ағаш төсемдер қоюмен орнатылады.
Шыны ыдыстардағы тез тұтанғыш сұйықтықтар палубада ғана, өту және өндіріс жұмыстарынан неғұрлым еркін орындарда тасымалданады.
37. Метанолды (метил спиртін) тасымалдауға кеменің жеке жүк үй-жайларында, жүк жөнелтушінің метанолды барлық алып жүру жолында күзетті қамтамасыз ететін жолсеріктерімен ғана жол беріледі.
38. 3-класс жүктерін мақта және басқа да талшықты жүктермен, тас көмірмен және органикалық асқын оксидтермен бірлестіріп тасымалдауға жол берілмейді.
Азық-түлік, химия-фармацевтік, парфюмер-косметикалық, астыққоспа жемшөп, үй заттары, электроника, нақты механика заттары, тері, түбіт-жүннен жасалған және басқа да бағалы заттарды қоспағанда, кез келген қауіпті жүктермен бірлестіріп тасымалдауға рұқсат етіледі.
39. Ыдыс зақымдалып, зат жылыстаған жағдайда сұйықтық төгілген учаскеге құм шашып және мұқият тазарту қажет. Егер улы қасиеті бар сұйықтық төгілсе, тиісі учаскелерді хлорлы әкпен бейтараптау (немесе басқа бейтараптандыратын заттармен), ал зақымдалған жүк орындарын дереу оқшаулау және залалсыздандыру қажет.
Осы жұмыстарда орындаған кезде арнайы қорғаныш киімі талап етіледі (резеңке алжапқыштар, қолқап пен етік, газтұтқыштар, респиратор мен қорғаныш көзілдіріктер).
4. Үйкеліс, дымқыл тарту, өздігінен химиялық айналулар нәтижесінде, сондай-ақ қызған кезде сыртқы тұтану көздерінен тез жануға қабілетті тез тұтанғыш заттарды мен материалдарды (жарылғыш ретінде сыныпталғандардан басқа) тасымалдау тәртібі (4-класс қауіпті жүктері)
40. 4-класты қауіпті жүктердің негізгі қауіпті қасиеттері сыртқы көздерден тез тұтанғыштығы, өздігінен жану, сондай-ақ өрт шығаруы мүмкін химиялық реакциялар нәтижесінде немесе сумен өзара әрекеттескенде тез тұтанғыш газдар бөлу қасиеті болып табылады. Кейбір заттардың ішке түсуі немесе буымен дем алу улануға әкелуі мүмкін. Айрықша улы ақ және жасыл фосфор болып табылады.
41. Ауада немесе су әсер еткенде тез тұтанғыш заттар шыны, металл немесе пластмасса ыдысқа герметикалық тығындағышымен оралады. Кейбір заттарға оған инертті сұйықтық құйылады (сусыздандырылған минералды маймен, сумен, трансформатор майымен және өзгесімен) немесе инертті газ толтырылады.
Құрғақ және майланған талшықты материалдар (майлық, тоқыма жіп, қыл-қыбырлар, мақта, мақта талшығы және соған ұқсастар) қаппен оралған және жіппен байланған теңдерге, тюктерге немесе байламаларға салынады.
42. Тез тұтанғыш заттар мен материалдар жүктік өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін кемеде жабық үй-жайларда тасымалданады.
43. Заттарының температурасы артқан жағдайларда жүктің жануын болдырмау шаралары қабылданады.
Қызған жеке орындарды негізгі жүк тобынан бөлу, ыдысты ашу, желдету, кептіру және суыту қажет.
Жүк өздігінен жану қатерімен елеулі қызған жағдайда оны жақын жердегі портқа (айлаққа) түсіру керек. Жағалауда өздігінен жануды болдырмайтын шараларды қолдана отырып, қауіпсіз жерге апару, ал ерекше қауіпті жағдайларда өрт және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы өкілетті органның немесе жүк иесі өкілдерінің нұсқауы бойынша осы жүкті жою керек.
Заттар тұтанған кезде өрт сөндіру құрғақ құммен, ұнтақ сияқты талькпен, ұнтақталған магнезимен жүргізіледі; сумен сөндіруге үзілді-кесілді тыйым салынады.
44. Заттарды мақтамен және талшықты жүктермен, сондай-ақ тас көмірмен бір бөлікте тиеуге тыйым салынады.
Заттарды минералдық, өсімдік, мал-жануарлар майынан басқа, барлық қауіпсіз жүктермен бірлестіріп тасымалдауға рұқсат етіледі. Жұпар иісті қасиеттерге ие 4-класты қауіпті жүктерді сондай-ақ астыққоспа жемшөп, азық-түлік химия-фармацевтикалық жүктермен және үй заттарымен тасымалдау мүмкін болады.
45. Тез тұтанғыш заттар мен материалдар бар ыдыстар зақымдалған жағдайда осы орындарды оларды жүк иесі қауіпті жүкті әкеткенге дейін оқшаулау қажет. Төгілген жүкке құрғақ құм салынады, сыпырып, ағаш күрекпен жәшікке жиналады және жермен жабылады.
Егер төгілген жүктің ұлы қасиеті болса, оны жою кезінде адамдардың тиісті қауіпсіздік шараларын (газтұтқыштарды, респираторларды қоғаныш көзілдіріктерін резеңке алжапқыштарды, қолқап пен етікті қолдану) қабылдау қажет.
5. Оттегін жеңіл бөлуге, жануды үстеуге қабілетті, сондай-ақ (тиісті жағдайларда немесе басқа заттар мен қоспа түрінде) өздігінен жануды және жарылуды туындататын тотықтырғыш заттар мен органикалық асқын оксидтерді тасымалдау тәртібі (5-класс қауіпті жүктері)
46. 5-кластағы жүктердің қауіпті қасиеттері тез тұтану, жануды белсенді ету және жарылу қаупі бар қоспа туындату, сондай-ақ зиянды заттар бөлу болып табылады. Осы заттардың жанғыш заттармен қоспасы тез тұтанады, кейбір жағдайда үйкеліс немесе соғылу кезінде. Бірқатар тотықтырғыш заттар улы немесе тотықтырғыш қасиеттерге ие. Көптеген органикалық тотықтар тері мен көз үшін қауіпті болып табылады.
Органикалық тотықтардың көбі қыздыруға сезімтал, сондықтан олар баяулатқыш немесе дымқылданған еріткіште тасымалданады.
47. Ыдыстарға қойылатын талаптар:
1) ыдыс материалдары ондағы заттармен әрекеттеспеуге, бөлінбеуге немесе олармен зиянды және қауіпті қосылыстар құрмауға тиіс;
2) ыдыс пен орам берік болуы, майыспауы және тасымалдау кезінде әдетте кездесетін жүктемені көтеруге тиіс;
3) ыдыстар ондағы заттар үшін берік болуы тиіс;
4) шыныдан, пластмассадан, фарфор, керамикадан жасалған ыдыстар ақаусыз және аралық төсемі жанбайтын материалдан (асбест, шлакмақта, шынымақта және басқалары) болатын жабық ыдыста оралған болуы тиіс;
5) ыдысты толтыру ондағы заттың температура көтерілгенде кеңею үшін кеңістік қалатындай етіп жүргізілуі тиіс.
48. Тасымалдау, тиеу, түсіру және сақтау кезінде жүк органикалық заттармен ластанбауы қажет (сүрек үгіндісі, жаңқалар, сабан, жоңқа, көмір, ұн тозаңы, минералдық және өсімдік майлары және майлар мен басқалары), бұл өртке әкеп соқтыруы мүмкін.
49. Тоттандырғыш заттарды және органикалық тотықтарды тазаланған құрғақ және жабық үй-жайларда сақтау қажет.
5-кластағы қауіпті жүктерді тез тұтанғыш заттармен, жанғыш және органикалық материалдармен бірлестіріп сақтауға тыйым салынады.
50. Тасымалдау жүктік өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін кемелерде жабық тазаланған және құрғақ трюмдерде жүзеге асырылады.
Хлор қышқылы, 40 % астам қоюлығымен сутегі тотықтары, сондай-ақ бірқатар органикалық тотықтарды тек палубада атмосфералық жауын-шашыннан сенімді қорғалып тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жүкті жылу көзінен, ұшқыннан, жалыннан және сол сияқтылардан алыс, салқын орынға орналастырған жөн. Ауамен бірге қоспа құруы мүмкін бу немесе шаң бөлетін заттар жақсы желдетілетін үй-жайларда орналастырылуы тиіс.
51. Тотықтырғыш материалдарды тиеу алдында трюмді және жүк үй-жайларын мұқият тазарту қажет. Жүкті қою мен бекітуге арналғандардан басқа, жанғыш материалдар әкетіледі.
Тотықтырғыш заттар мен органикалық тотықтарды түсіргеннен кейін жүк қалдықтарын мұқият жою және жүк үй-жайлары мен палубаны сумен жуу қажет.
52. Егер тиеу-түсіру жұмыстары немесе тасымалдау үдерісі кезінде ыдыс зақымданған және заттар төгілген болса, дереу жұмысты тоқтату, төгілген затқа суды қанық төгу және оны ағаш күрекпен қапқа немесе жәшікке жинау қажет, ал зат шашылған жерді сумен мұқият жуу қажет. Егер төгілген жүк улы немесе күйдіргіш қасиеттерге ие болса, онда осындай жүктермен жұмыс істеген кезде қажетті тиісті шараларды қабылдау керек.
6. Ағза ішіне түскен кезде, сондай-ақ терімен және сілемейлі қабатпен жанасқан кезде өлім немесе ауру тудыруға қабілетті улы және жұқпалы заттарды тасымалдау тәртібі (6-кластағы қауіпті жүктер)
53. 6-кластағы заттардан улану жүктен біршама қашықтықта осы заттардың буымен тыныс алғанда немесе онымен тікелей жанасқанда болуы мүмкін. Осы класс заттары жанған және қызған кезде улы газдар бөледі.
54. Инфекциялық жүктерді санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау саласындағы өкілетті органдармен алдын ала келісусіз тасымалдауға тыйым салынады.
55. Улы заттарды тасымалдауға арналған ыдыс мынадай болуы тиіс:
1) ондағы заттар үшін берік, герметикалық жабық;
2) температура артқан кезде сұйықтық буының қысымына төзетіндей жеткілікті берік;
3) сұйықтықпен толтырған кезде ондағы зат қызған жағдайда кеңею үшін кеңістік қалуы тиіс.
56. Улы заттарды жинау және сақтау арнайы үй-жайларда жүзеге асырылады. Улы заттарды уақытша сақтауға арналған үй-жай ауадағы қоспаларды гигиеналық нормалардан аспайтындай қамтамасыз ететін желдеткішпен жабдықталуы тиіс.
57. Улы заттарды тасымалдау жүктік өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтінде желдеткіші бар жабық үй-жайларда жүргізіледі. Өте улы заттар палубада жабылып тасымалданады. Улы заттар тасымалдау кезінде жылу көздерінен алыс, салқын орындарда орналастырылуы тиіс. Улы булардың тұрғын және қызметтік үй-жайларға, сондай-ақ көрші бөліктерге өту мүмкіндігін болдырмау бойынша шаралар қабылдау қажет. Кемеде газ талдағыштар, сондай-ақ қорғаныш киімдерінің жиынтықтары мен автономды тыныс алу аппараттары болуы тиіс.
58. Улы заттарды бірлестіріп тасымалдау мен сақтау тотықтырғыш заттар мен органикалық тотықтарды (5 класс), қышқылдар (8-класс) мен радиактивтік заттарды (7-класс) қоспағанда, басқа қауіпті жүктермен бірлестіріп тасымалдау мүмкін болады.
Улы заттарды азық-түлік, астыққоспа жемшөп, парфюмер-косметикалық, фармацевтикалық жүктермен, емдік өсімдіктер, киім мен ыдыс және тұрмыстық жағдайдағы басқа да заттармен бірлестіріп тасымалдауға және сақтауға жол берілмейді.
59. Егер улы заттардың жылыстауына күдік болса, үй-жайға кіру ауада уландырғыш, есірткі немесе жарылғыш қоспалардың болмауы анықталғаннан кейін мүмкін болады. Улы заттар бар жүктік үй-жайларға кіруге газтұтқыштарда немесе автономды тыныс алу аппараттарында жүзеге асырылады.
60. Улы заттарды түсіру аяқталған соң кеме тасымалданған жүктердің қалдықтарынан мұқият тазартылады, ал қажет болған жағдайда жуылады және газсыздандырылады.
61. Ыдыстың және орамның зақымдануынан заттардың жылыстауы немесе төгілуі жағдайында жұмыс дереу тоқтатылады, зақымдалған орындар оқшауландырылады, аққан немесе төгілген заттар жеке ыдысқа мұқият жиналады және хлорлы әк ертіндісімен (немесе басқа бейтараптандыратын заттар) бейтараптандырылады және одан кейін санитарлық қадағалау органдарының келісімі бойынша тұрғын үй ғимараттарынан, қойма үй-жайларынан және су көздерінен алыс көміледі.
Заттар төгілген және олар көмілген орындарда бейтараптандырылады. Жинау мен бейтараптандыру қорғаныш киімдерінде (газтұтқыштар, респираторлар, қорғаныш көзілдіріктер, резеңке алжапқыш, етік және қолғап) жүргізіледі. Бұл ретте адамдардың улануын болдырмау шаралары қабылданады.
7. 0,002 мкКи/г астам меншікті белсенділігімен радиоактивтік заттарды тасымалдау тәртібі (7-кластағы қауіпті жүктер)
62. 7-кластағы қауіпті жүктерге радиоактивтік заттар (қатты, сұйық және газ түріндегі) жатады, олар қызмет көрсететін персоналды, мал-жануарлар мен өсімдіктерді сәулелелеуді тудыратын, бірқатар жағдайларда адамдардың, мал-жануарлардың өліміне және жүктердің, үй-жайлардың және көлік құралдарының радиоактивті заттармен ластануына әкелетін иондандыратын сәулелендіру көздері болып табылады.
63. Көліктік орам жиынтығы әртүрлі құрылғылардан тұратын жүйелер болып табылады: бастапқы сыйымдылық, радиациялық қорғаныштың ішкі қабаты, сыртқы орамы және жеткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқалары, радиактивтік заттардың сақталуы және олардың қоршаған ортаға түсуін болдырмау.
64. Қосымша орамның сыртқы бетінде радиактивтік ластану болмауы тиіс.
Салмағы 5 килограммнан асатын орамдар мен контейнерлерде тұтқасы, қапсырмасы немесе тасымалдауды, тиеу мен түсіруді жеңілдететін басқа да құрал-саймандары болуы тиіс. 25 килограмнан асатын орамдар көтеру-көлік құралдарының көмегімен көтеру және орнын ауыстыру үшін құрал-саймандармен жабдықталады. Радиактивтік заттары бар бір жүк орнының салмағы 80 килограммнан аспауы тиіс.
65. Жазық бетке немесе радиактивтік беттен 1 метр қашықтыққа сәулелендірудің эквиваленттік мөлшерінің қуатына байланысты радиоактивтік орамдар үш көліктік санатқа бөлінеді:
Радиациялық орамдардың көліктік санаты | Көлік жүкқұжатының этикеткасы | Сәулелендірудің эквиваленттік мөлшерінің шекті рұқсат етілген қуаты, мзв/ч |
радиациялық орамның сыртқы бетінің кез келген нүктесінде | орам бетінің кез келген нүктесінен 1 метр қашықтықта (көліктік индекс) |
I | Ақ | 0,5 | Ескерілмейді |
II | Сары | 50,0 | 1 |
III | Сары | 200,0 | 10 |
66. Жөнелтуші әрбір орамның сәулелену мөлшерінің қуатын олардың көліктік санатын анықтау және тасымалдаудың келесі шарттары үшін өлшейді, орамдардың сыртқы бетін радиактивтік ластанудың болмауына және сәулелену мөлшерінің қуаты рұқсат етілген мөлшерлерден аспайтынын растау үшін тексереді.
Өлшеулер нәтижесін (радиациялық бақылау) жөнелтуші тиісті көлік санатының белгілеріне жазады, олар орамның сыртқы бетіне түсіріледі.
Егер радиоактивтік заттар қауіптіліктің басқа түрлеріне ие болса, онда қосымша қауіптілік белгілері салынады.
Орамға мынадай жазу түсіріледі: «Жоғары», «Жиектеп қозғамау!».
Жүкқұжатта, «Жүк атауы» деген бағанда жөнелтуші радиактивтік заттың атауы, оның белсенділігі, көліктік санаты мен салмағы көрсетіледі, ал жоғарғы бөлігіне жүктің қауіпті қасиетін көрсететін «Радиоактивті» деген қызыл мөртаңба қойылады.
67. Радиоактивтік заттарды тасымалдауға қабылдау кезінде тасымалдаушы жүкжөнелтушінің қатысуымен бақылау дозиметрикалық тексеру жүргізеді. Жөнелтуші жүк таңбасында және тасымалдау құжаттарында көрсеткен көлік санатының іс жүзіндегі радиация деңгейіне сәйкес келмеуі жағдайында жүк тасымалдауға қабылданбайды.
68. Тасымалдауға қысқа өмірсүргіш немесе медицинада қоданылатын радиактивтік заттар ұсынылған кезде жөнелтуші жүкқұжатта осы жүктерді тасымалдаудың рұқсат етілген мерзімін көрсетеді. Қауіпті жүктер, егер осы мерзім ішкі су көлігімен жүк жеткізу мерзімі шегінен аспайтын болса, тасымалдауға қабылданады.
69. Радиоактивтік жүгі бар орамдарды асқын жүктеу мамандандырылған айлақтарда жүргізіледі. Жөнелтуші осындай жүкті кемеге тікелей тиеу кезінде әкеледі.
Қызмет көрсететін персоналдың қауіпсіздігі үшін радиоактивтік заттары бар орамды тиеу, түсіру және орнын ауыстыру бойынша барлық жұмыстар көтеру-көліктік құралдарды қолдана отырып, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі.
70. Радиациялық орамдарды қысқа мерзімге сақтау жүргізілетін қоймаларда радиациялық қауіпсіздік нормаларының сақталуына және қойма қызметкерлерінің мүмкін болатын сәулелену мөлшері туралы ақпарат алу үшін радиациялық бақылау жүргізіледі.
Радиоактивтік заттары бар барлық көліктік санаттарының орамдары орналасқан орнын жөнелтуші радиациялық қауіптілік белгісімен белгілейді. Сәулелену мөлшерінің қуаты осы орындар шекарасында 200 мзв/сағ., ал осы шекарадан 2 метр қашықтықта 10 мзв/сағ. аспауы тиіс.
71. Радиоактивті заттары бар радиациялық орамдар тек арнайы бөлінген кемелерде тасымалданады.
72. Бір кемемен тасымалдауға немесе жалпы қоймалардың арнайы бөлінген үй-жайларында сақтауға жол берілген I көліктік санатты орам саны шектелмейді. II және III көліктік санаттағы радиациялық орамдар саны өзен кемелерінде тасымалданған кезде немесе қоймаларда сақталған кезде жиынтық көліктік индексі 50 аспайтындай болуы тиіс.
73. Радиациялық орам бір қойма үй-жайында сақталады және 9-кластағы жүктермен ғана бір трюмде немесе әмбебап контейнерде бірлесіп тасымалданады.
74. Радиоактивтік заттары бар орамдарды кеме аралықтарынан немесе қойма қабырғасынан, адамдар тұрақты болатын жапсарлас үй-жайлардан тікелей жақындықта (тұрғын және тұрмыстық үй-жайлар, рубкалар, машина бөлімшелері және басқалары) орналастыруға жол берілмейді.
75. Радиоактивтік заттары бар орамдарды түсіру аяқталған соң алушы көлік құралдарында және контейнерлерде радиоактивтік ластанудың болуын тексереді. Радиоактивтік ластану табылған жағдайда қауіпті жүкті алушы контейнерлер мен көлік құралдарының дезактивациясын жүргізеді.
76. Радиоактивті заттар болған, ішінен тазартылған сыртқы орамында белсенді ластануы жоқ бос контейнерлерді шектеулерсіз жалпы негіздерде тасымалдауға рұқсат етіледі.
Контейнердің ішкі беті мұқият тазартылады және радиоактивтік материалдардан босатылады (ашылған ампуладан немесе пеналдан, мақтадан және тағы басқаларынан). Тазартылған контейнер қақпақпен немесе тығынмен жабылады, жөнелтуші пломбалайды.
8. Тері зақымдалуын, көз және тыныс жолдарының сілемейлі қабаттарын бұзуды, металдардың тоттануын және көлік құралдарының, құрылыстардың немесе жүктердің, сондай-ақ органикалық материалдармен (ағашпен, сабанмен және сол сияқтылармен) немесе кейбір химиялық материалдармен әрекеттескенде зақымдануын тудыратын күйдіргіш және жеміргіш заттарды тасымалдау тәртібі (8-кластағы қауіпті жүктер)
77. 8-кластағы жүктердің негізгі қауіптілігі тірі тінді зақымдау және әртүрлі материалдарға бұзатындай әрекеттесу қабілеті болып табылады, олардың кейбіреуі шыны мен керамиканы бұзуға қабілетті. Тез тұтанғыш, жарқ ету температурасы төмен заттар және сумен әрекеттескенде жылу бөлетін заттар болады.
Осы заттардың булары, газдары және шаңы уыттылыққа ие және адам ағзасына түскенде улануды тудыруы мүмкін.
78. Улы және күйдіргіш буларды бөлетін заттар герметикалы оралады.
Ыдыс ішінде пайда болатын қысымға төзуі үшін жеткілікті берік орам пайдаланылады. Сыйымдылықты толтыру қоршаған ортаның температурасы көтерілген кезде тасымалдау үдерісінде оның ішіндегінің кеңеюін есепке ала отырып жүргізіледі. Ыдыстың майысуы немесе ондағы заттың жылыстауын болдырмау үшін жеткілікті бос ішкі кеңістік қалдырылады.
8-кластағы қауіпті жүктерді ораған кезде тасымалданатын затқа қатысы бойынша инертте төсеу материалдары пайдаланылады толық аударылмаған. Ыдыстарда азот және күкірт қышқылын тасымалдау кезінде орайтын жанғыш материал оттан қорғаныш құраммен қанықтырылады.
Уытты (тотықтырғыш) заттарды орау үшін өздігінен тұтанатын қоспа жасауға қабілетті, оттан қорғау құрамымен қанықтырылмаған шөп, сабан, ағаш жаңқалары және басқа материалдар қолданылмайды.
79. Күйдіргіш және тоттанған заттарды қоймаға жинау мен сақтау арнайы жабық құрғақ қоймаларда немесе жүкке судың және күн сәулесінің түсуін болдырмайтын қалқа немесе бүркеме астында жүргізіледі.
Мұндай қоймалар болмаған кезде күйдіргіш және тоттанған заттарды жалпы қойманың бөлектенген бөлімшелерінде сақтауға жол беріледі, олар қабырғамен оқшауландырылады және отқа төзімді едені болады. Бөтелкелерде минералдық қышқылдарды қысқа мерзімге сақтау жалпы алаңдарда жекелеген топтармен басқа жүктерден кемінде 5 метр қашықтықта рұқсат етіледі.
Сіркесу және басқа да органикалық қышқылдарды жалпы негіздерде сақтауға болады.
80. Бір трюмде немесе қойма бөлімшесінде әртүрлі атаулы қышқылдарды, сондай-ақ осы кластағы басқа күйдіргіш және тоттарған заттарды қышқылдармен бірлестіріп орналастыруға жол берілмейді.
Күшті қышқылдарды қойманың бір бөлімшесінде (трюмінде) барлық қауіпті жүктермен орналастыруға және тасымалдауға тыйым салынады.
8-кластағы қауіпті жүктерді 5-кластағы қауіпті жүктермен бірлестіріп орналастыруға тыйым салынады.
81. Осы кластағы заттарды тасымалдау құрғақ жабық трюмдерде, жүктік өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін кемелерде жүзеге асырылады. Қышқылдар палубада жәшікке салынған шыны ыдыстарда тасымалданады. Бұл ретте олар күн мен жауын-шашыннан жабылады.
82. Сумен өзара әрекеттесетін, тез тұтанғыш, улы және күйдіргіш булар бөлетін заттар бар үй-жайлар тиімді желдеткішпен қамтамасыз етіледі.
83. Күйдіргіш қатты заттар бар ыдыс зақымданған және жүк төгілген кезде дереу барлық алдын ала сақтанумен зақымдалған орындар қауіпсіз орындарға әкетіледі. Зат төгілген аудан мұқият сумен жуылады.
Сұйық күйдіргіш зат аққан кезде (қышқылдар) төгілген зат ұнтақталған бормен немесе сөндірілген әкпен бейтараптандырылады, ал зат төгілген орын сумен мұқият жуылады және құрғатып сүртіледі.
Көрсетілген операцияларды орындайтын адамдар қорғаныш киімдерінде (газтұтқыштарда, респираторларда және қорғаныш көзілдіріктерде, резеңке алжапқыш, қолқап және етікте) жұмыс істеуі тиіс.
9. Салыстырмалы түрде төмен қауіпсіздігімен, алдыңғы класстардың біріне де жатқызылмаған, бірақ оларға тасымалдау мен сақтаудың белгілі бір қағидаларын қолдануды талап ететін заттарды тасымалдау тәртібі (9-кластағы қауіпті жүктер)
84. Тез жанатын материалдар өздерінің қасиеттері бойынша қауіптілер қатарына жатпайды, бірақ егер ашық оттан жақын болса тез жанады. Мұндай жүктер тасымалдау және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды талап етеді.
9-кластағы жүктер үшін, егер олар қатты болса, орамына қойылатын талаптар 4-кластағы қауіпті жүктерге қойылатын талаптарға; егер олар сұйық болса, 3- кластағы қауіпті жүктерге қолданылатын талаптарға сәйкес келеді;
Белгілі бір жағдайларда күйдіргіш және тоттанғыш болатын заттарға (қызғанда, дымқылданғанда және басқа заттармен өзара әрекеттескенде) 8-кластағы қауіпті жүктердің орамына қойылатын талаптарға сәйкес келетін, ал әлсіз улы заттарға, сондай-ақ улы немесе өрт кезінде немесе басқа заттармен реакцияға түскенде тітіркендіргіш болатын заттардың орамына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келетін ыдыс және орам пайдаланылады.
85. Қоймалау, сақтау, тасымалдау, тиеу және түсіру қауіпті жүктерді тасымалдаудың жалпы қағидаларына сәйкес және қаралып отырған заттың қасиеттеріне жақын қасиеттері бар қауіпті жүктердің тиісті класы бойынша негізгі ережелерді ескере отырып жүргізіледі.
86. Сақтауға жабық қоймаларда, қалқа астында немесе ашық алаңдарда құрғақ төсемге міндетті салумен және кенеппен немесе басқа материалдармен жабумен рұқсат етіледі.
Негізгі қаупі тасымалдау кезінде орамда жоғары қысым тудыратын заттар барлық жылу, ұшқын, жалын көздерінен алыс орналастырылады.
87. Осы кластағы жүктерді тасымалдау жүктік өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін, сондай-ақ жолаушылар кемелерінде жүзеге асырылады.
Кеме трюмдерінде тез жанғыш материалдарды тасымалдаған кезде иллюминаторлар - тиеу алдында және жүк люктері - тиеуден кейін жабылады.
88. Осы кластағы жүктер азық-түлік, химия-фармацевтік, парфюмер-косметикалық, астыққоспа жемшөп, сондай-ақ минералдық, өсімдік, мал-жануарлар майларымен және майлармен бірге тасымалдауға жатпайды.