Toggle Dropdown
1
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшiн тұлғаларға конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1723 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары;
Toggle Dropdown
2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға қойылатын талаптар бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1723 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және егер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы актісінде өзгеше белгіленбесе, дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі орталық немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастамасы бойынша құрылған арнайы экономикалық аймақтың басқару компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Атқарушы органның басшысы ретінде тұлғаны не мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылған арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының атқарушы органы функциясын жеке дара орындайтын тұлғаны сайлау «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) арнайы экономикалық аймақ – қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылатын, дәл белгiленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi;
Toggle Dropdown
2) уәкiлеттi орган – арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және таратылуы саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
3) басқарушы компания – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн Заңға сәйкес акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
4) конкурсқа қатысушылар – арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларды іріктеу конкурсына қатысуға өтінім берген жеке тұлғалар.
Toggle Dropdown
3. Конкурстың мәні атқарушы органның басшысын сайлау үшін жеке тұлғаларды не арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы атқарушы органының функциясын жеке дара орындаушы тұлғаларды іріктеу болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Конкурстық іріктеу ашық болып табылады және Қазақстан Республикасының Президентіне арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыным енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларды іріктеуге арналған конкурстық комиссияны (бұдан әрі – Конкурстық комиссия) уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және басқарушы компанияның құрылтайшыларымен бірлесе отырып құрады. Конкурстық комиссияның құрамын уәкілетті орган конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде бекітеді.
Toggle Dropdown
2. Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеу жүргізудің тәртібі
Toggle Dropdown
6. Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаны іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы және қатысушылар конкурсқа қатысуға өтініш беретін күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзім туралы хабарландыруды қазақ, орыс және басқа тілдерде республикалық және халықаралық деңгейде басылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның ресми веб-сайтында орналыстырады.
Toggle Dropdown
7. Уәкілетті орган қажет болған кезде конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімін бұрын белгіленген мерзім аяқталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей күнтізбелік он күнге дейін ұзартуы мүмкін.
Toggle Dropdown
8. Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларды конкурстық іріктеу рәсімі мынадай екі кезеңнен тұрады:
Toggle Dropdown
1) уәкілетті органның конкурсқа қатысу туралы өтінімдердің басқарушы компанияларды басқару үшін тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарауы;
Toggle Dropdown
2) Конкурстық комиссияның конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарауы және олармен сұхбаттасу жүргізуі, оның қорытындысы бойынша Басқарушы компанияны басқарудың атқарушы органына сайлау үшін ұсынылған тұлғаларды айқындау жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Конкурсқа қатысуға мынадай жеке тұлғалар жіберілмейді:
Toggle Dropdown
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мәжбүреп тарату туралы немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшылары, басқарманың бірінші басшылары (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асырған адамдар) және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлері, акционерлік қоғамның орналастырылған (дауыс беретін) акцияларының жалпы санының он және одан артық пайызы мөлшеріндегі акцияларды иеленуші, пайдаланушы, билік етуші акционер болғандар.
Toggle Dropdown
Көрсетілген шарт осы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
Toggle Dropdown
3) арнайы экономикалық аймақтың қазіргі қатысушыларына қатысы бойынша афилиирленген тұлғалар болып табылатындар.
Toggle Dropdown
1
10. Басқарушы компанияны басқаруға арналған тұлғаларды іріктеу конкурсына қатысу үшін қатысушылар уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
Toggle Dropdown
1) электронды және қағаз тасығыштарда осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға қатысушы толтырған және қол қойған өтінім;
Toggle Dropdown
2) жеке куәліктің және/немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылған кезде көшірмелері;
Toggle Dropdown
3) конкурсқа қатысушының еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған кезде оның көшірмесі;
Toggle Dropdown
4) жоғарғы оқу орнын бітіргендігі туралы дипломның, сондай-ақ бар болса, магистрлық немесе докторлық бағдарламаларды аяқтағандығы туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылған кезде көшірмелері;
Toggle Dropdown
5) бар болса, сертификаттардың және басқа да наградалардың көшірмелері;
Toggle Dropdown
6) соттылықтың бар/жоғын растайтын құжат;
Toggle Dropdown
7) бар болса ұсыным хаттар;
Toggle Dropdown
8) құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде қосымша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.
Toggle Dropdown
Сондай-ақ, қатысушы басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын сәйкестігін растайтын басқа да құжаттарды қоса бере алады.
Toggle Dropdown
11. Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде уәкілетті орган:
Toggle Dropdown
1) өтінім берілген күні оны өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді;
Toggle Dropdown
2) ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын, олардың осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді;
Toggle Dropdown
3) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тізбесіне сәйкес болмаған жағдайда өтінімді ол берілген күні қайтарады. Өтінімді қайтару конкурсқа қатысушыны жіберілген кемшіліктерді жойғаннан кейін уәкілетті органға өтініммен қайта жүгіну құқығынан айырмайды.
Toggle Dropdown
12. Конкурсқа қатысушы ұсынған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі уәкілетті органның құжатты қабылдаған күні туралы белгі сала отырып, өтінім берушіге жіберіледі (табысталады).
Toggle Dropdown
13. Өтінім мен конкурсқа қатысушы ұсынған құжаттардың талап етілген біліктілік талаптарына сәйкессіздігін және оларда көрсетілген деректердің дұрыстығын уәкілетті органның қарау мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күнді құрайды.
Toggle Dropdown
14. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган айқындаған, конкурстың екінші кезеңінде қатысуға жіберілген қатысушылар тізімін конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде уәкілетті орган бекітеді және уәкілетті органның ресми веб-сайтында жарияланады.
Toggle Dropdown
15. Конкурстың екінші кезеңіне өтпей қалған қатысушыларға қатысушылар тізімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа одан әрі қатыстырудан дәлелді бас тарту жолданады.
Toggle Dropdown
16. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар уәкілетті органның ресми веб-сайтында конкурстың екінші кезеңіне өткен қатысушылар тізімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Конкурстық комиссияның қарауына одан әрі шығару үшін мемлекеттік органға еркін нысандағы конкурстық ұсыныстарды ұсынады, ол мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) АЭА қызметінің мамандану бейіні ескерілген жұмыс тәжірибесі жазылған анықтама;
Toggle Dropdown
2) АЭА даму стратегиясының пайымдауы;
Toggle Dropdown
3) АЭА даму тетігі және/немесе схемасы;
Toggle Dropdown
4) АЭА-ға инвесторларды тарту тәсілдері;
Toggle Dropdown
5) күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық көрсеткіштер);
Toggle Dropdown
6) мемлекеттің АЭА басқарушы компанияларына құрылтайшылары мен қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдау және қолдануы жоспарланған әзірлеу тәсілдері.
Toggle Dropdown
17. Конкурстық комиссия сұхбаттасу жүргізеді және конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынылған конкурстық ұсыныстарды қарайды. Конкурстық комиссияның шешімі конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде өткізілген конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға Конкурстық комиссияның отырысына қатысқан мүшелерінің барлығы қол қояды.
Toggle Dropdown
18. Конкурстық комиссия отырыстар өткізеді және егер оның отырысында оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан болса, шешім қабылдайды, бұл ретте конкурстық комиссияның әр мүшесі бір дауысқа ие. Конкурстық комиссияның шешімі отырысқа қатысқан мүшелер санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
Toggle Dropdown
3. Өткізілген конкурстың қорытындысын шығару
Toggle Dropdown
19. Уәкілетті орган Конкурстық комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми веб-сайтында конкурс нәтижелері туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
20. Акционерлік қоғамдар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз болып танылған конкурсқа қатысушы атқарушы органның басшысы немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы атқарушы органының функцияларын жеке дара орындаушы тұлға ретінде сайлауға ұсынылады.
Toggle Dropdown
21. Конкурсқа қатысуға басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті екі адамнан кем қатысқан жағдайда Конкурс өткізілмеген болып танылады.
Toggle Dropdown
22. Конкурс өткізілмеген болып танылған жағдайда уәкілетті орган конкурс өткізілмеді деп танылған күннен бастап екі айдан кейін конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтосандағы
№ 1723 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару
үшін тұлғаларға қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларға қойылатын талаптар:
Toggle Dropdown
1) жоғары білімінің болуын қамтиды. Өзге де тең жағдайларда артықшылық Басқарушы компанияның негізгі қызметіне және арнайы экономикалық аймақтың салалық бағытына (экономика, қаржы, басқару (менеджмент) саласындағы және арнайы экономикалық аймақтың салалық бағытына сәйкес келетін басқа салаларда (магистр, ғылым кандидаты/докторы, PhD дәрежесі) сай келетін салаларда қосымша білімі бар үміткерлерге берілуі тиіс;
Toggle Dropdown
2) арнайы экономикалық аймақтарды басқару не арнайы экономикалы аймақтың тиісті салалық бағытына сай келетін белгілі бір жобаларды іске асыру бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және/немесе ірі компанияларда, оның ішінде: компанияның негізгі қызметіне сәйкес келетін листингтік/жария компанияларда басшы лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуын қамтиды.
Toggle Dropdown
Басқарушы компанияны басқару
үшін тұлғаларды конкурстық
іріктеу жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ оларға қойылатын
талаптарға қосымша
Toggle Dropdown
фотосуреттiң орны
Toggle Dropdown
Конкурсқа қатысуға арналған
өтінім
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
(кандидаттың тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты көрсетіледі)
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
(Басқарушы компанияның атауы)
Toggle Dropdown
1. Жалпы мәлiметтер
Toggle Dropdown
Туған күнi және орны | |
Азаматтығы | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi | |
Toggle Dropdown
2. Бiлiмi:
Toggle Dropdown
№ | Оқу орнының атауы | Түскен уақыты - бiтiрген уақыты | Мамандығы | Бiлiмi туралы дипломның деректемелерi, бiлiктiлiгi | Оқу орны орналасқан жер |
1. | | | | | |
Toggle Dropdown
3. Ерi (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлi-қарындасы, балалары) және жекжаттары (ерiнiң (зайыбының) ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлi-қарындасы, балалары) туралы мәлiметтер:
Toggle Dropdown
№ | Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) | Туған жылы | Туыстық қатынастары | Жұмыс орны және лауазымы |
1. | | | | |
Toggle Dropdown
4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы және акцияларын иеленуi туралы мәлiметтер:
Toggle Dropdown
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi | Заңды тұлға қызметiнiң жарғылық түрi | Жарғылық капиталдағы қатысу үлесi немесе кандидатқа тиесiлi акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
1. | | | |
Toggle Dropdown
5. Соңғы үш жылдағы бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi семинарлардан, курстардан өткені туралы мәлiметтер:
Toggle Dropdown
№ | Ұйымның атауы | Өткiзілген күнi және орны | Сертификат деректемелерi |
1. | | | |
Toggle Dropdown
6. Еңбек қызметi туралы мәлiметтер.
Toggle Dropdown
Бұл тармақта:
Toggle Dropdown
кандидаттың барлық еңбек қызметiндегi атқарған лауазымдары туралы;
Toggle Dropdown
осы ұйымның мекенжайы және байланыс телефоны көрсетiлген, осы мәліметтерді берген күнi кандидат басқа ұйымдарда атқарған лауазымдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Toggle Dropdown
№ | Жұмыс кезеңi (күнi, айы, жылы) | Жұмыс орны | Лауазымы | Тәртiптiк жазасының болуы | Қызметтен шығу, босатылу себептерi |
1. | | | | | |
Toggle Dropdown
7. Қолда бар жарияланымдары, ғылыми әзiрленiмдері және басқа да жетiстiктерi:________________________________________________________
Toggle Dropdown
(иә/жоқ, бар болған жағдайда күнiн, басылымдарды көрсету)
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
8. Кандидаттың бұрын банкрот деп танылған не лицензиясынан айыру, ерiксiз тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкерi болғаны туралы мәлiметтер:__________________________________________________
Toggle Dropdown
______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсiн)
Toggle Dropdown
9. Қадағалау органдарының заңнаманы бұзғаны үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттетуi туралы деректердiң болуы:
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________
Toggle Dropdown
(иә/жоқ, күнiн, қолдану негiздерi мен қадағалау органының атауы көрсетiлсiн)
Toggle Dropdown
10. Кандидат арнайы экономикалық аймақта жұмыс істеп жатқан қатысушыларға қатынасы бойынша афилиирленген тұлға болып табылатын-табылмайтын туралы мәлімет
Toggle Dropdown
______________________________________________________________
Toggle Dropdown
Осы ақпаратты мен тексердiм және оның толық әрі дұрыс болып табылатындығын растаймын.
Toggle Dropdown
Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)____________________________
Toggle Dropdown
(баспа әрiптерiмен)
Toggle Dropdown
Конкурсқа қатысушы толтырады: Мен ___________________________________ (тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты ____________________________________________ Осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын |
Toggle Dropdown
Күнi ____________________ Қолы _______________________