Toggle Dropdown
"Реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшiн ақыны өндiрiп алу мөлшерi мен тетiгiн келiсу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 7 тамыздағы № 192-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 19 қарашадағы № 289-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8199 тіркелді
Toggle Dropdown
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшiн ақыны өндiрiп алу мөлшерi мен тетiгiн келiсу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 7 тамыздағы № 192-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4358 нөмірмен тіркелген, «Ресми газет» газетінің 2006 жылғы 23 қыркүйекте № 39 (300) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшiн ақыны өндiрiп алу мөлшерi мен тетiгiн келiсу ережесiнде:
Toggle Dropdown
3-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1) есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну көлемiн есептеуге арналған техникалық құрылғы;
Toggle Dropdown
2) төлем құжаты - табиғи монополия субъектiсiнiң құжаты (есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң негiзiнде жасалған шот, хабарлама, түбiртек, шоты) оның негiзiнде реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) төлем жүргiзiледі;
Toggle Dropdown
3) тұтынушы – табиғи монополия және реттелетiн нарық субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенушi жеке немесе заңды тұлға;»;
Toggle Dropdown
4-тармақтың екінші бөлімі алып тасталсын;
Toggle Dropdown
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«6. Үй-жайлардың алаңына не тұрғын үйдегi пәтерлердiң санына қарай Ақы және Ақыны өндiрiп алу мерзiмi сараланады.»;
Toggle Dropdown
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«7. Субъект ақыны бекiту туралы бұйрықты уәкiлеттi органға қарауға және келiсу үшін Кестенi, сондай-ақ Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату шығындарын негiздейтiн есептердi және құжаттарды қоса бере отырып, оған қол қойған күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде ұсынады. Негiздеушi материалдардың әрбiр парағына Субъектiнiң бiрiншi басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«8-1. Уәкілетті орган Субъектінің Ақыны бекіту туралы шешімін және Ақы есебіне негіздеуші материалдары қарау нәтижелері бойынша Субъектіге келісілгені туралы хат жібереді.»;
Toggle Dropdown
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«9. Субъект ұсынған Кестенi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына жолдайды.»;
Toggle Dropdown
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«10. Ақпарат құралымдығы коммерциялық құпия уәкiлеттi органға оны ұсынудан бас тартуға негiзi болып табылмайды, бұл ретте Субъект және өзге де мүдделi тұлғалар уәкiлеттi органға ақпаратты ұсынған кезде коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң тiзбесiн айқындайтын iшкi актiнiң қосымшасын қоса бере отырып, коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң толық тiзбесiн көрсетеді.»;
Toggle Dropdown
11-тармақ алып тасталсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Құбыржолдары және су кәрiзi жүйелерi саласындағы реттеу департаментi (А.Г. Асқарова):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi;
Toggle Dropdown
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Toggle Dropdown
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
Toggle Dropdown
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В. Шкарупаға жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Төраға М. Оспанов