Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 21 наурыз N 826
Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қарашадағы N 702 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Рогов Игорь Иванович Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып;
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып:
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ким Георгий Владимирович,
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы міндетін атқарудан
босата отырып,
Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының президенті Қуанышбаева
Роза Сақтағанқызы;
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы болып
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық
бөлімінің бас сарапшысы Шантаев Дәулет Тұрсынұлы тағайындалсын;
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамынан
Б.Ә.Байболов, Т.З.Бердімбетова, Б.Ә.Мұхаметжанов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.