Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1141 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
2 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
01 "Әскери мұқтаждар" кіші функциясында:
208 "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша 006 "Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту және сатып алу" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"006 Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту, қалпына келтіру және сатып алу";
7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
01 "Тұрғын үй шаруашылығы" кіші функциясында:
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
"049 "Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту
050 "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту
051 Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ-ға кредит беру";
11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:
02 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" кіші функциясында:
272 "Облыстың сәулет және қала құрылысы департаменті (басқармасы)" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"002 Елді мекендердегі құрылыстардың бас жоспарын әзірлеу";
шығыстардың экономикалық сыныптамасында:
1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
1 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар" сыныбында:
110 "Жалақы" ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелігімен толықтырылсын:
"115 Алқабилердің жалақысы";
150 "Басқа да ағымдағы шығындар" ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелігімен толықтырылсын:
"154 Алқабилердің ел ішіндегі іссапарлары".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |