• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 Қаулысына толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 26.01.2009 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қарашадағы N 1066 Қаулысы

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: 
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 
12 "Көлік және коммуникация" функционалдық тобында: 
09 "Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында: 
601 "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 
"004 "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі