"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының
Отправить по почте
Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі N 435 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5768 болып енгізілді
Бұйрықтың күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2012 № 10-1/18 бұйрығымен (30.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының
9 -бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру ережесі бекітілсін.
2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге рұқсаттарды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 24 мамырдағы N 16-6/69 п (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4259 нөмірмен тiркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 6 шілдедегі N 123 (929) санында жарияланған) бұйрығы;
2) "Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған түрлерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 23 мамырдағы N 121 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4321 нөмірмен тiркелген, Заң газетінде" 2006 жылғы 8 тамыздағы N 144 (950 ) санында жарияланған) бұйрығы.
3) "Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған түрлерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 23 мамырдағы N 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 шілдедегі N 239 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4854 нөмірмен тiркелген, "Заң газетінде" 2007 жылғы 10 тамыздағы N 122 (1150 ) санында, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында, 2007 жылғы тамыз-қыркүйекте жарияланған) бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Толқымбеков Е.Р.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
__________ Ә. Смайылов
2009 жылғы 4 тамыз
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі N 435 бұйрығымен бекітілген
Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беруді реттейді.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар және терминдер қолданылады:
1) балықтар мен басқа да су жануарлардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдер - балықтар мен басқа да су жануарлардың кез-келген оңай танылатын бөліктері, сондай-ақ олардың тiршiлiк ету өнiмдерi: кесіп-бөлінген, кептірілген уылдырық, шәует, цисталар және басқалары, сонымен бірге шикі, салқындаған, мұздатылған түрде;
2) жануарлар дүниесі объектілері бөліктері мен олардың туындылары (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) – тіршілік әрекетінің өнімдері қан, мускус, жұмыртқа, у, қанаттар, мамық;
3) аңшылық олжа – жануарлар мен құстардың кез келген оңай танылатын бөлігі, терісі немесе олардың бөлігі, қаңқасы немесе сүйегі, бас сүйегі, мүйізі, бұғы мүйізі, сауыты, тұлыбы.
4. Аңшылық олжаларын қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті) береді.
5. Балықтарды және өзге су жануарларын, оның ішінде балықтардың және өзге су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкелуге рұқсаттарын (бұдан әрі – Балық әкелуге рұқсат) осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкелу орны бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – Инспекция) береді.
6. Балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерін әкетуге рұқсаттарды (бұдан әрі – Балық әкетуге рұқсат) осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аулау (алып қою), өсіру немесе сатып алу орны бойынша Инспекциялар береді.
7. Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерімен халықаралық сауда туралы (бұдан әрі – СИТЕС Конвенциясы) Конвенцияның қосымшасына енгізілген жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiне, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиiстi құжаттарды бергенге дейiн мемлекеттік баж төленеді.
8. Осы Ережелер заңнамалық актілерде және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Рұқсат алуға құжаттарды ұсыну тәртібі
9. Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді (бұдан әрі – үлгілер) Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге өтінімдерді заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде жеке келісім-шарт және өтінім берушінің сенімхаты негізінде заңды және басқа да қызметтер көрсететін тұлғалар (бұдан әрі - өтінім берушілер) осы Ережелердің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне жібереді.
10. Балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуді жоспарлап отырған тұлға Рұқсат алу үшін әкелу орнындағы Инспекцияға осы ережелерге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат сатып алу жөнінде өтінім беруші қол қойған Өтінім (бұдан әрі – Балық әкелуге өтінім) береді.
11. Балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуді жоспарлап отырған тұлға Рұқсат алу үшін балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді аулау немесе сатып алу орнындағы Инспекцияға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат сатып алу жөнінде өтінім беруші қол қойған Өтінім (бұдан әрі – Балық әкетуге өтінім) береді.
12. Заңды тұлға беретін жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға өтінімдер өтінім берушінің мөрімен куәландырылады.
13. Үлгілерді Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге берілетін өтінімге мына құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлға үшін) (нотариалды куәландырылған);
2) үлгілердің шығу тегін, оларды олжалау және сатып алу заңдылығын растайтын құжаттар (табиғаттан алынды, сатып алынды, сыйға тарту немесе мұра ретінде алынды және басқалар);
3) экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісім-шарт немесе осы әкелуді немесе әкетуді (болған жағдайда) жүзеге асыру ниетін растайтын өзге шарттық құжат;
4) әкелінетін және әкетілетін үлгілердің экспорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігіне сәйкестігін растайтын құжат;
5) салық төлеушінің куәлігі (СТН) немесе сәйкестендіру нөмірі бар құжат (тіркеу органы беретін сәйкестендіру нөмірінің бар екендігін растайтын құжат).
14. Балық әкетуге берілетін Өтінімге Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге мәлімделген балықтарды және өзге су жануарларын, олжалаудың, жасанды жағдайларда өсірудің немесе сатып алудың заңдылығын растайтын мына құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса тіркеледі:
1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы куәлік (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлға үшін), салық төлеушінің куәлігі (СТН) немесе сәйкестендіру нөмірі бар құжат (тіркеу органы беретін сәйкестендіру нөмірінің бар екендігін растайтын құжат);
2) балықтарды және өзге су жануарларын (болған жағдайда) сатып алу-сатуға балық шаруашылығы ұйымымен немесе су айдынын пайдаланушымен жасалған шарт;
3) зақымдану, денсаулыққа қатер төну немесе қатыгездікпен қарау тәуекелін барынша азайту үшін үлгілерге (болған жағдайда) тиісті дәрежеде күтім жасау жағдайлары бар ұйыммен жасалған шарт;
4) балықтарға және өзге су жануарларына, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерге (болған жағдайда) иелік ету немесе пайдалану құқығына сенімхат;
5) балықтарды және өзге су жануарларын сатып алу заңдылығын растайтын құжаттар (сатып алу заңдылығын растайтын құжат ретінде сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, тауар құжаттамасы немесе тауар чегі, немесе банктың белгісі бар төлем тапсырысы болуы мүмкін).
15. Балық әкетуге берілетін Өтінімге келесі құжаттар қоса тіркеледі:
1) құрылтай құжаттары және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (заңды тұлға үшін), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлға үшін), салық төлеушінің куәлігі (СТН) немесе сәйкестендіру нөмірі бар құжат (тіркеу органы беретін сәйкестендіру нөмірінің бар екендігін растайтын құжат);