Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 мамырдағы N 599 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 26.07.2007. № 633 Қаулысымен. (29.05.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасында "мерзiмдi баспасөз басылымдарын" деген сөздерден кейiн ", теле-, радиобағдарламаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
тақырыбында "Мерзiмдi баспасөз басылымдарын" деген сөздерден кейiн ", теле-, радиобағдарламаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 5-жолмен толықтырылсын:
"5. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ".
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі