Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 қазандағы N 1371 және 2001 жылғы 30 қазандағы N 1380 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы 2002 жылғы 17 сәуір N 444.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 қазандағы N 1371 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 480-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көшi-қон
саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:
"
6. Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының салалық бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың 2001-2005 жылдарға арналған жоспары"
деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 1.1.6.-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға
арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы
30 қазандағы N 1380
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы,
2001 ж., N 36-37, 485-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы демографиялық
дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
"6. Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының
2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 1.1. және 1.6.-жолдар алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 6.6.-жолда:
"ереженi" деген сөз "тәртiптi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Орындалу мерзімі" деген 4-бағанда "2001 ж. желтоқсан" деген сөздер
"2002 ж. маусым" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.