Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 1110 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикаксы Үкіметінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы N 1122 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 03.06.2011 № 619 Қаулысымен. (01.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (1-кезең) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 1110 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы N 1122 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 1110 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең)
Р/с N | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар (мың теңге) | Қаржы- ландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Көшіп келу | ||||||
1. | Көшіп келушілердің қазақстандық қоғамға бейімделуі және кірігуі жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2008 жылғы шілде | Талап етілмейді | - |
2. | Өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірлік еңбек нарығының мүддесіне орай көшіп келушілерді ұтымды орналастыру тетігін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2009 жылғы шілде | Талап етілмейді | - |
3. | Көшіп келу процестерінің мониторингін жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, 30 қаңтар, 30 шілде | Талап етілмейді | - |
4. | Өндірістік күштердің дамуын және орналасуын ескере отырып жұмыс орындарын құру және оларды кадрмен қамтамасыз етудің бас схемасын (теңгерім) жасау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), ИСМ, ЭБЖМ, АШМ | 2010 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
5. | Қазақ диаспорасымен, бұрын Қазақстаннан кеткен және шет елдерде тұратын азаматтармен экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), СІМ | 2010 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
6. | Жоғары білікті жұмыс күшін Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларына тарту рәсімін жеңілдету жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | Еңбекмині | 2009 жылғы шілде | Талап етілмейді | - |
7. | Босқындар жөнінде ақпараттық деректер банкін құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2011 жылғы қаңтар | 2010 ж. - 1 595,5 | Республикалық бюджет |
8. | Қазақстан Республикасы өзіне қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, СІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2010-2011 жылдар, қаңтар | Талап етілмейді | - |
9. | Баспана іздеген адамдарды орналастыру орталықтарын құру және онда босқындарды ұстауды қаржыландыру тәртібі жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | Еңбекмині жинақтау), ІІМ, ЭБЖМ, СІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2010 жылғы шілде | Талап етілмейді | - |
2. Көшіп кету | ||||||
10. | Сыртқы көші-қон процестеріне және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсеріне талдау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, 30 қаңтар, 30 шілде | Талап етілмейді | - |
11. | Көшіп кету ағындарының серпініне мониторинг пен талдауды жүзеге асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, 30 қаңтар, 30 шілде | Талап етілмейді | - |
12. | Қазақстан Республикасынан жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметті бақылаудың тиімділігін күшейту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ | Жыл сайын, 30 қаңтар, 30 шілде | Талап етілмейді | - |
13. | Мыналар: көшіп кету процестерін азайту және тұрақтандыру, оның ішінде зияткерлік әлеует шығынының алдын алу жөнінде; бүгінгі таңда шетелде тұратын еліміздің бұрынғы азаматтарының реэмиграциясын ынталандыру; көші-қонның оң сальдосын сақтау және көбейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2011 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
3. Ішкі көші-қон | ||||||
14. | Ішкі көші-қон процестерінің және өңірлік еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйі мониторингін жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, АШМ, СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, 30 қаңтар, 30 шілде | Талап етілмейді | - |
15. | Халықты өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірлердің еңбек ресурстарына қажеттілігі мәселелері бойынша хабардар етуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010-2011 жылдар, қаңтар | Талап етілмейді | - |
16. | Мыналар: еңбек ресурстарының көші-қон ұтқырлығын арттыру; өңірлік еңбек нарықтарының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін экономикалық белсенді халықты аумақтық қайта бөлуді ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ | 2010 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
4. Заңсыз көші-қон | ||||||
17. | Украинамен, Ресей Федерациясымен және Орталық Азия елдерімен реадмиссия туралы келісім жасасу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | ІІМ (жинақтау), СІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), Әділетмині, ЭБЖМ, БП (келісім бойынша) | 2009 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
18. | Көші-кон процестерінің транспаренттілігін және заңдылығын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ІІМ (жинақтау), Еңбекмині | 2010 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
19. | Заңсыз көші-қонның жолын кесу, мигранттар трафигінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету | Еңбекминіне ақпарат | ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, ҰҚК (келісім бойынша) | 2010-2011 жылдар, қаңтар | Талап етілмейді | - |
5. Көші-кон саясатын құқықтық қамтамасыз ету | ||||||
20. | Көші-қонға қатысты мәселелер жөніндегі халықаралық құқықтық шарттарға талдау жасау және ШЫҰ мен АӨСШК-ге қатысушы мемлекеттер арасында халықаралық шарттар жасасу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Еңбекмині (жинақтау), СІМ | 2008 жылғы шілде | Талап етілмейді | - |
21. | Көші-қон саласындағы ұлттық заңнаманың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкестігі мәніне талдау жүргізу, ұлттық заңнаманы халықаралық шарттарға сәйкес одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау | Әділетминіне ұсыныстар, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Еңбекмині (жинақтау), СІМ | 2009 жылғы 30 қаңтар | Талап етілмейді | - |
22. | "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ЭБЖМ | 2008 жылғы қараша | Талап етілмейді | - |
23. | Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын ТМД мен ЕурАзЭқ-қа қатысушы мемлекеттермен үйлестіруге және біріздендіруге қатысу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2009-2010 жылдар, қаңтар | Көзделген бюджет қаражаты шегінде | Респуб- ликалық бюджет |
6. Көші-қон процестерін басқаруды институционалдық және кадрлық қамтамасыз ету | ||||||
24. | Көші-қон процестеріне мониторинг және бағалау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині | Жыл сайын, 30 қаңтар, 30 шілде | Талап етілмейді | - |
25. | Көші-қон мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині | Жыл сайын 30 қаңтар, 30 шілде | 2009 жыл - 949,0 2010 жыл - 1025,0 | Республикалық бюджет |
26. | Ақтау қаласындағы этникалық қазақтарды бейімдеу және кіріктіру орталығының құрылысын аяқтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Маңғыстау облысының әкімі | 2010 жылғы қаңтар | 2009 жыл - 2 617 570,0 | Республикалық бюджет |
27. | "Оралман" ақпараттық деректер базасын әлеуметтік саланың ақпараттық жүйесіне кіріктіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰҚК (келісім бойынша) | 2010 жылғы қаңтар | 2009 жыл - 10 000,0 | Республикалық бюджет |
28. | Көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету (оның ішінде БҰҰ БЖКБ, КХҰ халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), СІМ, ІІМ | Жыл сайын, 30 қаңтар, 30 шілде | Талап етілмейді | - |
29. | Қазақстандық тараптың көші-кон процестерін басқару мәселелері жөніндегі халықаралық форумдарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарлар мен симпозиумдарға қатысуын қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Еңбекмині (жинақтау), СІМ, ІІМ, СА, ҰҚК (келісім бойынша) | Жыл сайын, 30 қаңтар, 30 шілде | Тартылған қаражат есебінен | Демеушілік көмек қаражаты |
7. Көші-кон процестерін мемлекеттік басқаруды ақпараттық сүйемелдеу | ||||||
30. | Көші-қон саясаты мәселелерін БАҚ-та жария етуді қамтамасыз ету | Еңбекминіне ақпарат | Мәдениетмині | Жыл сайын, 15 қаңтар, 15 шілде | Талап етілмейді | Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде |
Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын болады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жыл сайын нақтыланатын болады.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мәдениетмині - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша)
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келісім бойынша)
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ШЫҰ - Шанхай ынтымақтастық ұйымы
АӨСШК - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы N 1122 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Көші-кон саясатының 2001 - 2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 1371 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 480-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1380 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 485-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 1371 және 2001 жылғы 30 қазандағы N 1380 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 сәуірдегі N 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 12, 118-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 364 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 192-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Көші-кон саясатының 2001 - 2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі N 925 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 36, 395-құжат).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |