Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 122-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 495 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5962 болып енгізілді
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Қ.М. Досмұқаметов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 495 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (әрі қарай - Бюджет кодексі) сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізудің тәртібін анықтайды.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган органдар осы Ережеге сәйкес бюджеттік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.
Бюджеттiк есепке алу – бірыңғай қазынашылық шоттан (әрі қарай - БҚШ), қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (әрі қарай – ҚБШ) және мемлекеттік мекемелердің шоттарының операциялары, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен реттелген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақшалай түрдегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытындылаудың реттелген жүйесі.
Бюджеттік есепке алу шоттар жоспарына сәйкес операциялар қосарланған жазба тәсілімен шоттарда көрсетілетін кассалық негізде жүзеге асырылатын бюджеттерді атқаруды есепке алу болып табылады.
Бюджеттік есепке алу бюджет түсімдерін, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламалар) іске асыруды қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру жөніндегі шаралар кешенін орындаумен және республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді есепке алу және республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарын жүргізумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты барлық операцияларды қамтиды және бюджеттің атқарылуы кезіндегі оның жай-күйін сипаттауды қамтамасыз етеді.
Бюджеттiк есепке алу деректерi бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiк жасаудың негiзі болып табылады.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы бюджеттік есепке алуды дұрыс жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайды, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алудың құрылымдық бөлімшелерінің осы Ережеде көзделген талаптардың бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есепке алуды жүргізу, құжаттарды және мәліметтерді есепке алу үшін ресімдеу және беру тәртібі бөлігінде орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіпте жауап береді.
2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы өз жұмысында осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның іске асыратын бюджетті атқару жөніндегі барлық операцияларының бюджеттік есепке алу шоттарында көрсетілуін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 644 "Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5489 болып енгізілген) (әрі қарай - Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі) бұйрығымен белгіленген мерзімдерде бюджеттердің атқарылуы туралы есептердің жасалуын қамтамасыз етеді және бақылауды жүзеге асырады.
4. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына қайшы келетін және қаржылық тәртіпті бұзатын операциялар бойынша құжаттарды орындауға және ресімдеуге қабылдамайды.
5. Бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы есепке алуды жүргізу кезінде бюджеттік есепке алу бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін қызметтік міндеттерді анықтайды және олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді.
2. Есепке алудың құжаттары
6. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдағы бюджеттің атқарылуымен байланысты қағаз тасымалдағышта берілген және уәкілетті органның қол қоюы көзделген бюджеттік есепке алу құжаттары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе олар өкілдік берген тұлғалардың қолдарымен ресімделеді.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 105, 106, 107 тармақтарына және Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 306 "Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары жөніндегі есептерді беру ережесін, мерзімін және нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5749 болып енгізілген) бұйрығына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшелердің ұсынған бастапқы есепке алу құжаттарындағы айналымдардың көрсетілуінің дұрыстығын және тиісті бюджеттердің ҚБШ қалдықтарын тексереді, содан кейін орындауға және есепке алуға қабылдайды.
3. Бюджеттің атқарылуын есепке алу тіркелімдері
8. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу мынадай есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі:
осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоты бойынша мемориалдық ордер;
осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Депозиттерге орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жергілікті бюджеттерден депозиттерге орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары жөніндегі сомалардың толық жазылуы;
осы Ереженің 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлері бойынша міндеттемелері туралы есеп;
осы Ереженің 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне үкіметаралық келісімдер бойынша берілген кредиттер бойынша есеп;
осы Ереженің 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің жұмсалуы жөніндегі ақпарат;
осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік мекемелердің аккредитивтер сомаларын есепке алу үшін шоттарындағы қалдықтар туралы мәліметтер.
9. Есепке алынған бастапқы құжаттар алынғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей бір күнгі барлық операциялар бойынша мемориалдық ордермен ресімделеді және бюджеттік есепке алу жөніндегі бөлімшенің басшысы қол қояды.
Мемориалдық ордерлер есепке алу тіркелімдеріне жазылғанға дейін әрбір ай үшін жеке тізбектік тәртіппен бірінші нөмірден бастап нөмірленеді.
Таратып жазулар, ақшаларды салымдарға (депозиттерге) орналастыру немесе салымдардың (депозиттердің) негізгі сомасын қайтару жөніндегі операциялар жүргізілгеннен кейін қалыптастырылатын депозиттердің орналастырылған сомаларын қоспағанда, күн сайын қалыптастырылады.
10. "Бас-журнал" кітабында бюджеттердің атқарылуының бюджеттік есепке алудың қосалқы шоттары бойынша хронологиялық және жүйелік жазбалары біріктіріледі.
Жаңа қаржы жылына арналған кітапты ашу кезінде бірінші жол бойынша өткен жылғы қосалқы шоттар бойынша қалдықтар сомасы жазылады. Баланс активінің сомалары дебетке, ал пассив сомалары - кітаптың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазылады.
Жекелеген қосалқы шоттар бойынша жылдың басындағы қалдықтар талдамалы есепке алу тіркелімдерінде жылдың басындағы жазбаларға сәйкес келуі тиіс.
"Бас-журнал" кітабына жазбалар мемориалдық ордердің және оны толтыруға негіз болып табылатын, оған қоса берілген құжаттардың негізінде жүргізіледі.

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |