Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 122-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 495 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5962 болып енгізілді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 122-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (10.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 495 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары
28, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 37, 39, 52 -тармақтардың екінші абзацындағы «510» сан «600» санмен ауыстырылды ҚР Қаржы министрінің 20.09.2010 № 472 Бұйрығымен (16.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.02.2022 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (06.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 122-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізудің тәртібін анықтайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 20.09.2010 жылғы № 472 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді 1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 жылғы № 277 Бұйрығымен (30.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 07.03.2018 жылы тіркелді 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 жылғы № 972 Бұйрығына сәйкес (25.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (10.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар) осы Қағидаларға сәйкес бюджеттік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.
Бюджеттiк есепке алу – бірыңғай қазынашылық шоттан (бұдан әрі – БҚШ) және мемлекеттік мекемелердің шоттарының операциялары, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен реттелген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақшалай мәндегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытудың реттелген жүйесі.
Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы (бұдан әрі – ҚБШ) ақша қалдықтарын қамтиды.
Бюджеттік есепке алу шоттар жоспарына сәйкес операциялар қосарланған жазба тәсілімен шоттарда көрсетілетін кассалық негізде жүзеге асырылатын бюджеттерді атқаруды есепке алу болып табылады. Бюджеттік есепке алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
Бюджеттік есепке алу бюджет түсімдерін, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламалар) іске асыруды қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) жөніндегі шаралар кешенін орындаумен және республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді есепке алу және республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарын жүргізумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты барлық операцияларды қамтиды және бюджеттің атқарылуы кезіндегі оның жай-күйін сипаттауды қамтамасыз етеді.
Бюджеттiк есепке алу деректерi бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiк жасаудың негiзі болып табылады.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы бюджеттік есепке алуды дұрыс жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайды, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алудың құрылымдық бөлімшелерінің осы Қағидаларда көзделген талаптардың бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есепке алуды жүргізу, құжаттарды және мәліметтерді есепке алу үшін ресімдеу және беру тәртібі бөлігінде орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіпте жауап береді.»;
2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы өз жұмысында осы Қағидаларды басшылыққа алады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді
3. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның іске асыратын бюджетті атқару жөніндегі барлық операцияларының бюджеттік есепке алу шоттарында көрсетілуін бюджеттердің атқарылуы туралы есептердің жасалуын қамтамасыз етеді және бақылауды жүзеге асырады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2015 жылғы № 508 Бұйрығына сәйкес (08.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 09.11.2015 жылы тіркелді
4. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына қайшы келетін және қаржылық тәртіпті бұзатын операциялар бойынша құжаттарды орындауға және ресімдеуге қабылдамайды.
5. Бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы есепке алуды жүргізу кезінде бюджеттік есепке алу бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін қызметтік міндеттерді анықтайды және олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді.
2-тарау. Есепке алудың құжаттары
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.02.2022 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (06.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Аумақтық қазынашылық органдары қағаз тасығышта беретін және уәкілетті органның қол қоюын көздейтін бюджеттік есепке алу құжаттары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе олар өкілдік берген тұлғалардың қолдарымен ресімделеді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының 68-тармағына сәйкес орнатылған және 113, 114, 115, 116-тармақтарына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аумақтық қазынашылық органдарының ұсынған бастапқы есепке алу құжаттарындағы айналымдардың көрсетілуінің дұрыстығын және тиісті бюджеттердің ҚБШ қалдықтарын тексереді, содан кейін орындауға және есепке алуға қабылдайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 20.09.2010 жылғы № 472 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.10.2015 жылғы № 508 Бұйрығымен (08.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 09.11.2015 жылы тіркелді 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді
7-1. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын күнделікті есепке алу үшін аумақтық қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға электрондық тасығыштарда тиісті жергілікті бюджет бойынша жиынтықта 5-34А «Ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-дағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарындағы және мемлекеттік сатып алу шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» нысанын ұсынады.
7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді 7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.05.2017 жылғы № 350 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 29.06.2017 жылы тіркелді 7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (30.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 07.03.2018 жылы тіркелді 7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.02.2022 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (06.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-2. Жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар 2-19, 5-20, 5-34, 5-34А, 5-52 есептілік нысандары бойынша бір күндегі айналымды салыстыруды іске асырады:
Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 20.09.2010 жылғы № 472 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды; 7-1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 08.10.2013 жылғы № 469 Бұйрығымен (10.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-34, 5-34А нысандары бойынша есептің «Кіріс қалдық», «Дебет», «Кредит», «Шығыс қалдық» бағандары бойынша «Жиыны» жолының бір күндегі жалпы сомасы 5-20 нысаны бойынша есептің «Кіріс қалдық», «Дебет», «Кредит», «Шығыс қалдық» бағандарының «Жиыны» жолының бір күндегі жалпы сомасына тең болу керек;
Ереже 7-2-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 20.09.2010 жылғы № 472 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды; 7-2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.12.2011 жылғы № 668 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-20 нысаны бойынша есептің «Дебет» бағаны бойынша «Кірістерді бөлу» және «Кредит» бағана бойынша «Кірістерді бөлу» жолдары сомалары айырмасының бір күндегі сомасы 2-19 нысаны бойынша есептің осы бюджеттің бір күндегі түсімдерінің сомасын көрсететін бағандағы тиісті бюджет жолындағы сомаға тең болуы керек;
тиісті бюджеттің 5-34 нысаны бойынша есептің «Шыққан қалдық» бағаны бойынша «Жиыны» жолы сомасы «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» 2-19 нысаны бойынша есептің тиісті бюджеттің (тиісті бюджеттің жыл басынан бастап түсімдері) бағаны бойынша «Жиыны» жолының сомасы және 5-52 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша есептің «Жыл басынан бастап шығыстар» бағаны бойынша «Есеп бойынша барлығы» жолының сомасы айырмасына сәйкес келуі тиіс;
5-34 нысан бойынша есептің «Кіріс қалдық» бағаны бойынша «Жиыны» жолының бір күндегі сомасы алдыңғы операциялық күннің 5-34 нысаны бойынша есептің «Шығыс қалдық» бағаны бойынша «Жиыны» жолының сомасына сәйкес келуі керек.
3-тарау. Бюджеттің атқарылуын есепке алу тіркелімдері
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.02.2022 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (06.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу мынадай есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі:
8-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.12.2011 жылғы № 668 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды; 8-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 10.12.2012 жылғы № 539 Бұйрығымен (28.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды; 8-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 08.10.2013 жылғы № 469 Бұйрығымен (10.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 8-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығымен (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.05.2017 жылғы № 350 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 29.06.2017 жылы тіркелді 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (30.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 07.03.2018 жылы тіркелді 8-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 13.04.2018 жылғы № 463 Бұйрығымен (23.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап) 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 жылғы № 972 Бұйрығына сәйкес (25.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 8-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 25.02.2022 жылғы № 218 Бұйрығымен (06.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 8-тармақ өзгертілді ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.03.2023 жылғы № 253 Бұйрығымен (25.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 8-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 жылғы № 284 Бұйрығымен (10.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Бас-журнал» кітабы;
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоты бойынша мемориалдық ордер;
осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемориалдық ордер;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналық қаржыландыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор), Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шотын, Арнаулы мемлекеттік қор шоты, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнаулы шоты, Еуразиялық экономикалық одақтың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттары, мемлекеттік сатып алу шоттарын, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотын, соманы анықтауға дейінгі шотты, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотын есепке алуға арналған);
осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БҚШ-тан салымдарға (депозиттерге) орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жергілікті бюджеттерден депозиттерге орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары бойынша сомалардың толық жазылуы;
осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес № 1 нысан бойынша Қазынашылық комитетінің балансы;
осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес № 1-М нысан бойынша Жергілікті бюджеттің атқарылу балансы;
осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес № 2 нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп;
осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес № 3 нысан бойынша Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлері бойынша қарыздары туралы есеп;
осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес № 5 нысан бойынша Мемлекеттік сыртқы қарыздар және байланысты гранттар бойынша есеп;
осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің жұмсалуы жөніндегі ақпарат;
осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің аккредитивтер сомаларын есепке алу үшін шоттарындағы қалдықтар туралы мәліметтер;
осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес № 6 нысан бойынша шетел валютасы шоты бойынша операциялық күннің жабылуы туралы есеп;
осы Қағидалардың 18-қосымшасына сәйкес № 2-М нысан бойынша жергілікті бюджеттің ақша қозғалысы туралы есеп;

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |