• Менің таңдаулыларым
"Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 27.06.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

"Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8202 тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері 368-бап 2010 жылғы № 2 Бюллетенінде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесінде:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қолма-қол ақшаны бақылау шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтерінің ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ, ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ, қаражатты тартуға арналған шоттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қордың (әрі қарай - Ұлттық қор), кеден одағының, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, соманы анықтауға дейінгі шоттарды есептеуге арналған);»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«осы Ереженің 26-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БҚШ-тан Ұлттық банкісіне уақытша бос бюджеттік қаражаттарды (депозиттерді) орналастырылу бойынша анықтамасы;»;
10-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазынашылық комитетінің балансы БҚШ, республикалық және жергілікті бюджет ҚБШ, сыртқы қарыздар бойынша шоттың, ақылы қызметтерінің ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ, ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ, Ұлттық қордың, нысаналы қаржыландыру ҚБШ, кеден одағының шотында, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шотында, шетел валюта түрлерi бойынша шоттардың, соманы анықтауға дейінгі шоттардың, қаражатты тартуға арналған шоттың, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша шоттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (әрі қарай - Ұлттық Банк) салымдарына (депозиттеріне) орналастыру шоттары бойынша қалдықтарын көрсетеді.
Жергілікті бюджеттің атқарылу балансы тиісті жергілікті бюджеттің ҚБШ, тиісті ақылы қызметтерінің ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ, ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша, Ұлттық Банк салымдарына (депозиттеріне) орналастыру, сыртқы қарыздар бойынша және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарының қалдық сомаларын көрсетеді.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. 3 «Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа шоттар» шотында ҚБШ-дағы ұлттық валютадағы республикалық және жергілікті бюджеттер, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаларды уақытша орналастыру, Ұлттық қоры, нысаналы қаржыландырулар, бөлінбеген түсімдер шоттарындағы, кеден одағы, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi бойынша ақша қозғалыстары, сондай-ақ Ұлттық банктегі салымдарға (депозиттерге) тартылған жергілікті бюджеттер ақшалары есепке алынады.
3 шот мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
300 «РБ ҚБШ»;
301 «ЖБ ҚБШ»;
302 «Сыртқы қарыздар бойынша шот»;
303 «Кеден одағының шоты»;
304 «РБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты»;
305 «ЖБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты»;
310 «РБ ақылы қызметтерінің ҚБШ»;
311 «ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ»;
320 «РБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ»;
321 «ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ»;
330 «РБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ»;
331 «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ»;
340 «Ұлттық қордың ҚБШ»;
350 «Нысаналы қаржыландыру ҚБШ»;
360 «Анықтауға дейінгі шот»;
380 «ЖБ ҚБШ қаражатты тартуға арналған шоттар»;
390 «Түсімдердің жинақтау шоттары».»;
мынадай мазмұндағы 27-3 және 27-4-тармақтарымен толықтырылсын:
«27-3. 304 «РБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты» қосалқы шотта республикалық бюджеттің квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты бойынша ақша қозғалыстары есепке алынады.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шотында ақшалар түсімі 304 қосалқы шоттың дебеті және 600 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шотында қаражаттын жұмсауы 500 қосалқы шоттың дебеті және 304 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
27-4. 305 «ЖБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты» қосалқы шотта жергілікті бюджеттің квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты бойынша ақша қозғалыстары есепке алынады.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шотында ақшалар түсімі 305 қосалқы шоттың дебеті және 600 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шотында қаражаттың жұмсауы 500 қосалқы шоттың дебеті және 305 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.»;
29-тармақтың екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ ақшалар түсімі 311 қосалқы шоттың дебеті және 601 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ ақшаларды жұмсау 501 қосалқы шоттың дебеті және 311 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.»;
31-тармақтың екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ ақшалар түсімі 321 қосалқы шоттың дебеті және 602 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ ақшаларды жұмсау 502 қосалқы шоттың дебеті және 321 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.»;
33-тармақтың екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ ақшалар түсімі 331 қосалқы шоттың дебеті және 603 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ ақшаларды жұмсау 503 қосалқы шоттың дебеті және 331 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.»;
48-тармақтың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Қазынашылық комитеті 500 «Шығыстарды жүргізу» қосалқы шотында ҚБШ республикалық және жергілікті бюджеттердің, ақылы қызметтерінің ҚБШ-да, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, Ұлттық қор, нысаналы қаржыландыру, кеден одағының және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттарынан ақшаларын есепке алуға арналған шығыстары есепке алады.
Жүргізілген кассалық шығыстар сомасының әрбір күніне 500-қосалқы шоттың дебеті және 300, 301, 303, 304, 305, 310, 311, 320, 321, 330, 331, 340, 350-қосалқы шоттардың кредиті бойынша жазба жүргізіледі.»;
48-1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепке алады:
«Шығыстарды жүргізу» 500 қосалқы шотында - жергілікті бюджеттің ҚБШ және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты бойынша шығыстары.»;
52-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52-1. 6 «Түсiмдер» шотында ақшалардың ҚБШ республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сыртқы қарыздар бойынша шоттағы, ақылы қызметтерiнiң ҚБШ-да, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, Ұлттық қор, нысаналы қаржыландыру, соманы анықтауға дейiнгi және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттарындағы түсiмi бойынша операциялар есепке алынады.
6 шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
600 «Түсiмдердi есепке алу»;
601 «ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу»;
602 «ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу»;
603 «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу»;
610 «Сыртқы қарыздар бойынша түсiмдердi есепке алу».
600 «Түсiмдердi есепке алу» қосалқы шотында Қазынашылық комитетi ҚБШ республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, ақылы қызметтерiнiң ҚБШ, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, Ұлттық қор, нысаналы қаржыландыру, соманы анықтауға дейiнгi және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттарындағы түсiмдерi есепке алынады.
БҚШ бойынша жүргiзiлген түсiмдер 600 қосалқы шоттың дебетi және 100 «Бiрыңғай қазынашылық шот» қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары есепке алады:
600 қосалқы шоты «Түсiмдердi есепке алу» - жергiлiктi бюджеттiң ҚБШ бойынша және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шотындағы түсiмдерi;
601 қосалқы шоты «ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу»;
602 қосалқы шоты «ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу»;
603 қосалқы шоты «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу»;
610 қосалқы шоты «Сыртқы қарыздар бойынша түсiмдердi есепке алу».
601 «ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу» қосалқы шотында ақылы қызметтерiнiң ҚБШ-ғы түсiмдерi есепке алынады.
ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ бойынша жүргiзiлген түсiмдер 311 қосалқы шоттың дебетi және 601 қосалқы шоттың кредитi бойынша жүргiзiледi.
602 «ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу» қосалқы шотында ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ-ғы түсiмдерi есепке алынады.
ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ бойынша жүргiзiлген түсiмдер 321 қосалқы шоттың дебетi және 602 қосалқы шоттың кредитi бойынша жүргiзiледi.
603 «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу» қосалқы шотында ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ-ғы түсiмдерi есепке алынады.
ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша жүргiзiлген түсiмдер 331 қосалқы шоттың дебетi және 603 қосалқы шоттың кредитi бойынша жүргiзiледi.
610 «Сыртқы қарыздар бойынша түсiмдердi есепке алу» қосалқы шотында сыртқы қарыздар бойынша шоттағы түсiмдер есепке алынады.
Сыртқы қарыздар бойынша жүргiзiлген түсiмдер 302 «Сыртқы қарыздар бойынша шот» қосалқы шоттың дебетi және 610 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.»;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. 016 «Қазақстан Республикасының Үкіметіне үкіметаралық келісімдер бойынша берілген кредиттер» баланстан тысқары шотында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне үкіметаралық келісімдер бойынша берілген кредиттерді есепке алуды жүргізеді. Баланстан тысқары шотынан кредит сомасын есептен шығару берешектің өтелгені туралы хат хабарлама негізінде жүргізіледі.»;
8, 9, 10, 18, 20, 21, 22, 23-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес 26-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Р.Б. Бекетаев) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның кейiннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр                                    Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539
 бұйрығына 1-қосымша
 Бюджеттік есепке алуды жүргізу
 ережесіне 8-қосымша
№ 1 нысан
 Қазынашылық комитетінің балансы
 20___ жылғы «__» __________
Өлшем бірлігі: мың теңге
Актив Жолдың коды есепті жылдың басындағы есепті күнге
1 2 3 4
I. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа шоттар      
РБ ҚБШ (300) 1    
ЖБ ҚБШ (301) 2    
Сыртқы қарыздар бойынша шот (302) 3    
Кеден одағының шоты (303) 3-1    
РБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты (304) 3-2    
ЖБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты (305) 3-3    
РБ ақылы қызметтерінің ҚБШ (310) 4    
ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ (311) 5    
РБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ (320) 6    
ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ (321) 7    
РБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ (330) 8    
ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ (331) 9    
Ұлттық қордың ҚБШ (340) 10    
Нысаналы қаржыландыру ҚБШ (350) 11    
Анықтауға дейінгі сомалар шоты (360) 12    
ЖБ ҚБШ қаражатты тартуға арналған шоттар (380) 14    
Түсімдердің жинақтау шоттары (390) 15    
II. Шетел валютасындағы шоттар      
Мемлекет меншігіне түсетін түсімдер шоты (400) 16    
Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің шоты (410) 17    
Кеден одағы шеңберіндегі түсімдер шоты (420) 18    
Шетел валютасы бойынша басқа шоттар (430) 19    
III. Есеп айырысулар      
Шығыстарды жүргізу (500) 20    
Түсімдерді есепке алу (510) 21    
ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар (520) 22    
Ішкі есеп айырысулар (530) 23    
Баланс 24    
Пассив Жолдың коды есепті жылдың басындағы есепті күнге
1 2 3 4
I. Ақшалай қаражаттар      
Бірыңғай қазынашылық шот (100) 25    
Есеп айырысудағы ақшалар (110) 26    
Шетел валюта түрлері бойынша корреспонденттік шоттар (120) 27    
II. ҚР Ұлттық банкінде орналастырылған қаражат      
БҚШ орналастырған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер) (210) 28    
ЖБ ҚБШ орналастырған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер) (220) 29    
III. Түсімдер      
Түсімдерді есепке алу (600) 30    
Сыртқы қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу (610) 31    
IV. Нәтижелер      
Бюджеттің атқарылу нәтижелері (900) 32    
Сыртқы қарыздар бойынша атқарылу нәтижелері (910) 33    
Баланс 34    
Баланстан тыс шоттар      
Бюджеттік кредиттер (013) 35    
Бюджеттік кредиттер бойынша субъектілердің берешегі (014) 36    
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелер (015) 37    
Қазақстан Республикасының Үкіметіне үкіметаралық келісімдер бойынша берілген кредиттер (016) 38    
Қазақстан Республикасы Үкіметі және жергілікті атқарушы органдардың резерві (018) 39    
Аккредитивтер (019) 40    
Бюджетті атқару жөніндегі
 уәкілетті органның басшысы     ______________   ___________________
                             (қолы)       (қолды таратып жазу)
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
бюджеттік есепке алу бойынша
 құрылымдық бөлімшесінің басшысы  ___________    _________________
                             (қолы)     (қолды таратып жазу)
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539
 бұйрығына 2-қосымша
 Бюджеттік есепке алуды жүргізу
 ережесіне 9-қосымша
№ 1-М нысан
 Жергілікті бюджеттің атқарылу балансы
 20___ жылғы «__» ______________
Атауы ________________________________
Өлшем бірлігі: мың теңге
Актив Жолдың коды есепті жылдың басындағы есепті күнге
1 2 3 4
I. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютасындағы басқа шоттар      
ЖБ ҚБШ (301) 1    
Сыртқы қарыздар бойынша шот (302) 2    
ЖБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты (305) 2-1    
ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ (311) 3    
ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ (321) 4    
ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ (331) 5    
II. Есеп айырысулар      
Шығыстарды жүргізу (500) 6    
ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу (501) 7    
ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу (502) 8    
ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу (503) 9    
Сыртқы қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу (510) 10    
ЖБ қаражаттарын орналастыру жөніндегі есеп айырысулар (520) 11    
ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар (530) 12    
Ішкі есеп айырысулар (540) 13    
Баланс 14    
Пассив Жолдың коды есепті жылдың басындағы есепті күнге
1 2 3 4
I. Есеп айырысулар      
Ішкі есеп айырысулар (540) 15    
II. Түсімдер      
Түсімдерді есепке алу (600) 16    
ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ бойынша түсімдерді есепке алу (601) 17    
ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша түсімдерді есепке алу (602) 18    
ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша түсімдерді есепке алу (603) 19    
Сыртқы қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу (610) 20    
III. Нәтижелер      
Бюджеттің атқарылу нәтижелері (900) 21    
Сыртқы қарыздар бойынша атқарылу нәтижелері (910)      
ЖБ ақылы қызметтер бойынша атқарылу нәтижелері (911) 22    
ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмек бойынша атқарылу нәтижелері (921) 23    
ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру бойынша атқарылу нәтижелері (931) 24    
Баланс 25    
Баланстан тыс шоттар      
Бюджеттік кредиттер (013) 26    
Бюджеттік кредиттер бойынша субъектілердің берешегі (014) 27    
Бюджетті атқару жөніндегі
 уәкілетті органның басшысы     _____________   ___________________
                           (қолы)       (қолды таратып жазу)
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
бюджеттік есепке алу бойынша
 құрылымдық бөлімшесінің басшысы ___________    ________________
                            (қолы)     (қолды таратып жазу)
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539
 бұйрығына 3-қосымша
 Бюджеттік есепке алуды жүргізу
 ережесіне 10-қосымша
№ 2 нысан
_______________________________________
      (уәкілетті органның атауы)
 Бірыңғай қазынашылық шотындағы
 ақша қозғалысы туралы есеп
 20___ жылғы «__» __________
Өлшем бірлігі: мың теңге
  Жол коды Сомасы
1 2 3
Жыл басындағы ақша қалдығы 100  
Ақша түсімі - барлығы (201-211 жолдың сомалары): 200  
РБ ҚБШ 201  
ЖБ ҚБШ 202  
РБ, ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ 203  
РБ, ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ 204  
РБ, ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ 205  
ҚР Ұлттық Банкінде орналастырылған қаражаттар 206  
Ұлттық қордың ҚБШ 207  
Нысаналы қаржыландыру ҚБШ 208  
Кеден одағының шоты 209  
Анықтауға дейінгі сомалар шоты 210  
РБ, ЖБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты 211  
Есеп айырысудағы ақшалар 300  
ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар 400  
Ақша шығысы - барлығы (501-511 жолдың сомалары): 500  
РБ ҚБШ 501  
ЖБ ҚБШ 502  
РБ, ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ 503  
РБ, ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ 504  
РБ, ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ 505  
ҚР Ұлттық Банкінде орналастырылған қаражаттар 506  
Ұлттық қордың ҚБШ 507  
Нысаналы қаржыландыру ҚБШ 508  
Кеден одағының шоты 509  
Анықтауға дейінгі сомалар шоты 510  
РБ, ЖБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты 511  
Есеп айырысудағы ақшалар 600  
ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар 700  
Кезеңнің аяғындағы ақша қалдығы (100 жол+200 жол +300, 400 жолдар-500 жол-600,700 жолдар) 800  
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
 басшысы     _____________    ______________________________________
        (қолы)                 (қолды таратып жазу)
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
бюджеттік есепке алу бойынша
 құрылымдық бөлімшесінің басшысы ___________    _________________
                          (қолы)     (қолды таратып жазу)
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539
 бұйрығына 4-қосымша
 Бюджеттік есепке алуды жүргізу
 ережесіне 18-қосымша
№ 2-М нысан
_______________________________________
     (уәкілетті органның атауы)
 Жергілікті бюджеттің
 ақша қозғалысы туралы есеп
 20___ жылғы «__» __________
Өлшем бірлігі: мың теңге
  Жол коды Сомасы
1 2 3
Жыл басындағы ақша қалдығы 100  
Ақша түсімі - барлығы (011-015 жолдың сомалары): 010  
ЖБ ҚБШ 011  
Ақылы қызметтерінің ҚБШ 012  
Демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ 013  
Ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ 014  
ЖБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты 015  
Ақша шығысы - барлығы (021-025 жолдың сомалары): 020  
ЖБ ҚБШ 021  
Ақылы қызметтерінің ҚБШ 022  
Демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ 023  
Ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ 024  
ЖБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты 025  
ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар 030  
Кезеңнің аяғындағы ақша қалдығы (100 жол+010 жол-020 жол+030 жолдар) 200  
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
бюджеттік есепке алу бойынша
 құрылымдық бөлімшесінің басшысы __________  ____________________
                            (қолы)   (қолды таратып жазу)
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539
 бұйрығына 5-қосымша
 Бюджеттік есепке алуды жүргізу
 ережесіне 20-қосымша
Бюджеттік есепке алу шоттарының жоспары
Шоттар нөмірі Шоттар атауы Қосалқы шоттар нөмірі Қосалқы шоттар атауы
1 Ақшалай қаражаттар    
    100 Бірыңғай қазынашылық шот
    110 Есеп айырысудағы ақшалар
    120 Шетел валюта түрлері бойынша корреспонденттік шоттар
2 ҚР Ұлттық Банкінде орналастырылған қаражаттар    
    210 БҚШ орналастырылған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер)
    220 ЖБ ҚБШ орналастырылған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер)
3 Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа шоттар    
    300 РБ ҚБШ
    301 ЖБ ҚБШ
    302 Сыртқы қарыздар бойынша шот
    303 Кеден одағының шоты
    304 РБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты
    305 ЖБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты
    310 РБ ақылы қызметтерінің ҚБШ
    311 ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ
    320 РБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ
    321 ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ
    330 РБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ
    331 ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ
    340 Ұлттық қордың ҚБШ
    350 Нысаналы қаржыландыру ҚБШ
    360 Анықтауға дейінгі сомалар шоты
    380 ЖБ ҚБШ қаражатты тартуға арналған шоттар
    390 Түсімдердің жинақтау шоттары
4 Шетел валютасындағы шоттар    
    400 Мемлекет меншігіне түсетін түсімдер шоты
    410 Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің шоты
    420 Кеден одағы шеңберіндегі түсімдер шоты
    430 Шетел валютасы бойынша басқа шоттар
5 Есеп айырысулар    
    500 Шығыстарды жүргізу
    501 ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу
    502 ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу
    503 ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу
    510 Сыртқы қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу
    520 ЖБ қаражаттарын орналастыру жөніндегі есеп айырысулар
    530 ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар
    540 Ішкі есеп айырысулар
6 Түсімдер    
    600 Түсімдерді есепке алу
    601 ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ бойынша түсімдерді есепке алу
    602 ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша түсімдерді есепке алу
    603 ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша түсімдерді есепке алу
    610 Сыртқы қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу
9 Нәтижелер    
    900 Бюджеттің атқарылу нәтижелері
    910 Сыртқы қарыздар бойынша атқарылу нәтижелері
    911 ЖБ ақылы қызметтер бойынша атқарылу нәтижелері
    921 ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмек бойынша атқарылу нәтижелері
    931 ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру бойынша атқарылу нәтижелері
  Баланстан тыс шоттар    
    013 Бюджеттік кредиттер
    014 Бюджеттік кредиттер бойынша субъектілердің берешегі
    015 Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелер
    016 Қазақстан Республикасының Үкіметіне үкіметаралық келісімдер бойынша берілген кредиттер
    018 Қазақстан Республикасы Үкіметі және жергілікті атқарушы органдардың резерві
    019 Аккредитивтер
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539
 бұйрығына 6-қосымша
 Бюджеттік есепке алуды жүргізу
 ережесіне 21-қосымша
БҚШ мен сыртқы қарыздардың негізгі операциялары
 бойынша қосалқы шоттардың корреспонденциясы

р/р
Операциялардың мазмұны Қосалқы шоттардың нөмірлері
Дебет бойынша Кредит бойынша
1 2 3 4
1. Ұлттық валютадағы түсімдер
1.1 Жинақтау шотына арналған түсімдерді есепке алу 390 600
1.2 РБ, ЖБ, Ұлттық қордағы ҚБШ, анықтауға дейінгі сомалар шоттарындағы түсімдерді бөлу 300, 301, 340, 360 390
1.3 Сыртқы қарыздар бойынша шоттар түсімдері 302 610
1.4 Ақылы қызметтердің ҚБШ түсімдер 310, 311 600
1.5 Демеушілік көмектің ҚБШ түсімдер 320, 321 600
1.6 Уақытша орналастыру ҚБШ түсімдер 330, 331 600
1.7 Нысаналы қаржыландыру ҚБШ түсімдер 350 600
1.9 РБ ҚБШ-на түсімдер тасымалдары 300 600
1.10 РБ ҚБШ-нан түсімдер тасымалдары 600 300
1.11 Бюджеттен қайтарымдар 390 300, 301
1.12 Анықтауға дейін сомалар шоттан түсімдерді ҚБШ арасында бөлу 300, 301, 340, 310, 311, 320, 321, 330, 331 360
1.13 Кеден одағының шотына түсетін түсімдер 303 390
1.14 Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттары бойынша түсімдер 304, 305 600
2. Ұлттық валютадағы шығыстар
2.1 РБ, ЖБ ҚБШ шығыстар 500 300, 301
2.2 Сыртқы қарыздар бойынша шоттар шығыстары 510 302
2.3 Ақылы қызметтердің ҚБШ шығыстары 500 310, 311
2.4 Демеушілік көмектің ҚБШ шығыстары 500 320, 321
2.5 Уақытша орналастыру ҚБШ шығыстары 500 330, 331
2.6 Ұлттық қордың ҚБШ Үкіметтің Ұлттық банктегі шотына аударылды 500 340
2.7 Нысаналы қаржыландырудың ҚБШ шығыстары 500 350
2.9 РБ, ЖБ ҚБШ кассалық шығыстарын қалпына келтіру 300, 301 500
2.10 Кеден одағының шоттың шығыстары 500 303
2.11 Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттары бойынша шығыстары 500 304, 305
3. Операциялық күнді аяқтау
3.1 БҚШ бойынша шығыстарды жүргізу 100 500
3.2 БҚШ бойынша түсімдерді жүргізу 510 100
4. Депозиттерге орналастыру
4.1 БҚШ депозитке орналастыру 100 210
4.2 ЖБ уақытша бос қаражаттарын депозитке орналастыру
4.2.1 ЖБ уақытша бос қаражаттарын аумақтық қазынашылық бөлімшелеріндегі транзиттік шотқа тарту 380 301
4.2.2 Ұлттық банктегі депозитке транзиттік шоттан тартылған қаражаттарды аудару 520 380
4.2.3 Ұлттық банктегі депозитке БҚШ қаражаттарды есепке алу 100 220
5. Шетел валютасындағы операциялар
5.1 Шетел валютасы түсімдері 400, 410, 420, 430 120
5.2 Оң бағамдық айырма есептелді 400, 410, 420, 430 120
5.3 Терiс бағамдық айырма есептелді 120 400, 410, 420, 430
5.4 Шетел валютасын аудару (аудару, қайта айырбастау, қолма-қол шетел валютасын беру) 120 400, 410, 420, 430
6. Сыртқы қарыздар бойынша жылдың жабылуы    
6.1 Жылдың аяғында есептен шығару    
6.1.1 Есепті қаржы жылындағы түсімдер 610 910
6.1.2 Есепті қаржы жылындағы шығыстар 910 510
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539
 бұйрығына 7-қосымша
 Бюджеттік есепке алуды жүргізу
 ережесіне 22-қосымша
Жергілікті бюджеттің негізгі операциялары бойынша
 қосалқы шоттардың корреспонденциясы

р/р
Операциялардың мазмұны Қосалқы шоттардың нөмірлері
Дебет бойынша Кредит бойынша
1 2 3 4
1. Ұлттық валютадағы түсімдер
1.1 ЖБ ҚБШ арналған түсімдер 301 600
1.2 ЖБ ақылы қызметтердің ҚБШ түсімдер 311 601
1.3 ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектен ҚБШ түсімдер 321 602
1.4 ЖБ ақшаларды уақытша орналастырудың ҚБШ түсімдері 331 603
1.5 Сыртқы қарыздар бойынша шоттар түсімдері 302 610
1.6 Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттары бойынша түсімдер 305 600
2. Ұлттық валютадағы шығыстар
2.1 ЖБ ҚБШ шығыстары 500 301
2.2 ЖБ ақылы қызметтердің ҚБШ шығыстары 501 311
2.3 ЖБ демеушілік көмектен ҚБШ шығыстары 502 321
2.4 ЖБ уақытша орналастыру ҚБШ шығыстары 503 331
2.5 Сыртқы қарыздар бойынша шоттар шығыстары 510 302
2.6 ЖБ ҚБШ кассалық шығыстарын қалпына келтіру 301, 311, 321, 331 500, 501, 502, 503
2.7 Бюджеттен қайтарымдар 600 301
2.8 Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттары бойынша шығыстары 500 305
3. Депозиттерге орналастыру
3.1 ЖБ уақытша бос қаражаттарын ҚР Ұлттық банк салымдарына (депозиттерге) орналастыру 520 301
3.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырылған қаражатты ішінара немесе толық қайтару 301 520
4. Жетіспеушіліктер
4.1 Жетіспеушілік, ұрланған ақша қаражаты 530 301, 311, 321, 331
4.2 Жетіспеушілік, ұрланған ақша қаражатын өтеу 301, 311, 321, 331 530
5. Алшақтықтар
5.1 Түсімдер бойынша алшақтықтар сомасын көрсету 510 540
5.2 Түсімдер бойынша алшақтықтар сомасын есептен шығару 540 510
5.3 Шығыстар бойынша алшақтықтар сомасын көрсету 540 500
5.4 Шығыстар бойынша алшақтықтар сомасын есептен шығару 500 540
6. Жылдың жабылуы
6.1 Жылдың аяғында есептен шығару
6.1.1 Есепті қаржы жылындағы түсімдер 600 900
6.1.2 Есепті қаржы жылындағы шығыстар 900 500
6.1.3 Есепті қаржы жылындағы түсімдер ЖБ ақылы қызметтердің 601 911
6.1.4 Есепті қаржы жылындағы шығыстар ЖБ ақылы қызметтердің 911 501
6.1.5 Есепті қаржы жылындағы түсімдер ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектен 602 921
6.1.6 Есепті қаржы жылындағы шығыстар ЖБ демеушілік, қайырымдылық көмектен 921 502
6.1.7 Есепті қаржы жылындағы түсімдер ЖБ ақшаларды уақытша орналастырудың 603 931
6.1.8 Есепті қаржы жылындағы шығыстар ЖБ ақшаларды уақытша орналастырудың 931 503
6.1.9 Есепті қаржы жылындағы түсімдер сыртқы қарыздар бойынша 610 910
6.1.10 Есепті қаржы жылындағы шығыстар сыртқы қарыздар бойынша 910 510
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539
 бұйрығына 8-қосымша
 Бюджеттік есепке алуды жүргізу
 ережесіне 23-қосымша
нысан
_______________________________________
       (уәкілетті органның атауы)
 ҚБАЖ-де операциялық күннің жабылуы туралы
 есеп
 20___жылғы «__»______________
Өлшем бірлігі: теңге, тиын
Атауы Жыл басына қалған қалдық Күн басында қалған БҚШ қалдығы Сальдо Барлық түсімдер Түсімдер Қайтарымдар Тасымалдар Барлық шығыстар Шығыстар Қалпына келтірулер Тартылғандар/ Қайтурулар Ішкі банк шоты бойынша күн соңындағы БҚШ қалдығы Сыртқы банк шоты бойынша күн соңындағы БҚШ қалдығы Ішкі және сыртқы шоттар арасындағы ауытқушылық
А 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
1 ҚБАЕО-ның банк көшірмесі                            
2 Барлығы                            
3 РБ ҚБШ                            
4 ЖБ ҚБШ – жиыны                            
5 Оның ішінде, облыстар                            
6 РБ Ақылы қызметтерінің ҚБШ                            
Демеушілік көмектің ҚБШ                            
Ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ                            
Нысаналы қаржыландыру ҚБШ                            
Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоты                            
7 ЖБ Ақылы қызметтерінің ҚБШ                            
Демеушілік көмектің ҚБШ                            
Ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ                            
Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоты                            
8 Ұлттық қордың ҚБШ                            
9 ҚР Үкімінің депозиттері                            
10 Уақытша бос бюджеттік ақшалар шоты                            
11 Есептеулердегі ақша қаражаты                            
12 Анықтауға дейінгі сомалар шоты                            
13 Кеден одағының шоты                            
Бюджетті атқару жөніндегі
 уәкілетті органның басшысы ______________ ____________________
                         (қолы)    (қолды таратып жазу)
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539
 бұйрығына 9-қосымша
 Бюджеттік есепке алуды жүргізу
 ережесіне 26-қосымша
нысан
_______________________________________
       (уәкілетті органның атауы)
 20___жылғы «__»______________
 БҚШ-тан Ұлттық банкісіне уақытша бос бюджеттік
 қаражаттарды (депозиттерді) орналастырылу бойынша
 анықтама
Өлшем бірлігі: теңге, тиын
Айы ҚР ҰБ 01.___ 20___ ж. қалдық сомасы айлық айналымы ҚР ҰБ 01.__ 20 __ ж. қалдық сомасы
БҚШ-тан орналастыру БҚШ-на қайтару
         
         
         
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
бюджеттік есепке алу бойынша құрылымдық
 бөлімшесінің басшысы __________________   _____________________
                    (қолы)          (қолды таратып жазу)