Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 "Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 472 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6576 болып енгізілді
1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері 2010 жылғы № 2 Бюллетенінде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесінде:
төртінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Бюджеттік есепке алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.»;
бесінші абзацта «(бюджет профицитінің орындалуы)» деген сөздер «(бюджет профицитін пайдалану)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті үшін (әрі қарай - Қазынашылық комитеті) құрылымдық бөлімшелердің осы Ереженің 12, 13, 14, 15, 16, 17, 23, 24-қосымшаларына сәйкес есептері республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын есепке алудың бастапқы құжаттары болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтарымен толықтырылсын:
7-1. Жергілікті бюджеттің атқарылуын күнделікті есепке алу үшін, аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға электрондық тасығыштарда тиісті жергілікті бюджет бойынша жиынтықта «Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ қалдықтары туралы есеп» 5-34А нысанын ұсынады.
7-2. Жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар 2-19, 5-20, 5-34, 5-34А, 5-52 есептілік нысандары бойынша бір күндегі айналымды салыстыруды іске асырады:
5-34, 5-34А нысандары бойынша есептің «Кіріс қалдық», «Дебет», «Кредит», «Шығыс қалдық» бағандары бойынша «Жиыны» жолының бір күндегі жалпы сомасы 5-20 нысаны бойынша есептің «Кіріс қалдық», «Дебет», «Кредит», «Шығыс қалдық» бағандарының «Жиыны» жолының бір күндегі жалпы сомасына тең болу керек;
5-20 нысаны бойынша есептің «Дебет» бағаны бойынша «Кірістерді бөлу» және «Кредит» бағана бойынша «Кірістерді бөлу» жолдары сомалары айырмасының бір күндегі сомасы 2-19 нысаны бойынша есептің осы бюджеттің бір күндегі түсімдерінің сомасын көрсететін бағандағы тиісті бюджет жолындағы сомаға тең болуы керек;
«Кірістерді бөлу» жолы мен «Дебет» бағанының «Шығыстарды қалпына келтіру» жолын қоспағандағы 5-20 нысаны бойынша есептің «Кредит» бағаны бойынша «Жиыны» жолы айырмасының бір күндегі сомасы «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» 5-52 нысаны бойынша есептің «Бір күндегі шығыстар» бағаны бойынша «Барлығы есеп бойынша» жолының сомасына сәйкес келуі тиіс;
5-34 нысан бойынша есептің «Кіріс қалдық» бағаны бойынша «Жиыны» жолының бір күндегі сомасы алдыңғы операциялық күннің 5-34 нысаны бойынша есептің «Шығыс қалдық» бағаны бойынша «Жиыны» жолының сомасына сәйкес келуі керек.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу мынадай есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі:
осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Бас-журнал» кітабы;
осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоты бойынша мемориалдық ордер;
осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемориалдық ордер;
осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қолма-қол ақшаны бақылау шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтерінің ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ, ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ, қаражатты тартуға арналған шоттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қордың (әрі қарай - Ұлттық қор), материалдық резервтер, соманы анықтауға дейінгі шоттарды есептеуге арналған);
осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БҚШ-тан салымдарға (депозиттерге) орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жергілікті бюджеттерден депозиттерге орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары бойынша сомалардың толық жазылуы;
осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес № 1 нысан бойынша Қазынашылық комитетінің балансы;
осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес № 1-М нысан бойынша Жергілікті бюджеттің атқарылу балансы;
осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес № 2 нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп;
осы Ереженің 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджеттік кредиттерді есепке алу кітабы;
осы Ереженің 12-қосымшасына сәйкес № 3 нысан бойынша Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлері бойынша қарыздары туралы есеп;
осы Ереженің 13-қосымшасына сәйкес № 4 нысан бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне үкіметаралық келісімдер бойынша берілген кредиттер бойынша есеп;
осы Ереженің 14-қосымшасына сәйкес № 5 нысан бойынша Мемлекеттік сыртқы қарыздар бойынша есеп;
осы Ереженің 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің жұмсалуы жөніндегі ақпарат;
осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік мекемелердің аккредитивтер сомаларын есепке алу үшін шоттарындағы қалдықтар туралы мәліметтер;
осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес № 6 нысан бойынша Шетелвалютасы шоты бойынша операциялық күннің жабылуы туралы есеп;
осы Ереженің 18-қосымшасына сәйкес № 2-М нысан бойынша Жергілікті бюджеттің ақша қозғалысы туралы есеп;
осы Ереженің 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Шетел валютасы түрлерi бойынша шоттардың толық жазылуы;
осы Ереженің 23-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚБАЖ-да операциялық күннің жабылуы туралы есеп;
осы Ереженің 24-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Инвестициялық жобалар шегінде сыртқы қарыздардың жұмсалуы жөніндегі ақпарат.»;
«күнгі» деген сөз «күндегі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бюджеттік есепке алу» деген сөздер «бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есепке алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Сыртқы қарыздар бойынша есеп операциялардың өтуіне байланысты жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Бастапқы құжаттардағы жазбалар оларда жазбалардың ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз ететін жазба құралдарымен ғана жүргізілуі тиіс.»;
үшінші абзац «қалыптастырылады» деген сөздерден кейін «және мемориалдық ордерлердің қосымшасы болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;