Bestprofi Logo

Жарлық № 857 от 2002-04-29г./Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 29 сәуір N 857.

Республикалық баспасөзде жариялануға тиіс

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі құрылсын.

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің құрамы бекітілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі N 857 Жарлығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесі туралы Ереже

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Ұлттық кеңес қызметінің басты мақсаты мемлекеттік өмірдің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, барлық билік тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін көтеруді қамтамасыз етуде, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындауда Мемлекет басшысына жәрдем көрсету болып табылады.

3. Ұлттық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері:

мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қозғайтын проблемалар жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет жағдайында аймақтардың пікірлерін ескере отырып, мемлекеттік саясат, қоғам мен мемлекеттің тіршілік қызметінің негізгі бағыттары мәселелерін талқылауға барлық билік бұтақтарының қатысуын қамтамасыз ету;

ел дамуының қорытындылары мен болашағын қарау, қоғам мен мемлекеттің жұмыс істеуін жақсарту жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныстар енгізу;

Республика Президентінің тапсырмасы бойынша тұжырымдамалар және Қазақстан Республикасының неғұрлым маңызды заңдары мен Мемлекет басшысының актілері жобаларын қарау;

Республика Президентінің ұсынысы бойынша мемлекеттік өмірдің өзге де маңызды мәселелерін талқылау болып табылады.

5. Ұлттық кеңес Ұлттық кеңестің Төрағасы, оның мүшелері мен хатшысы құрамында түзіледі.

6. Ұлттық кеңестің Төрағасы (бұдан әрі - Төраға) Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.

Ұлттық кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

Ұлттық кеңес отырыстарын өткізудің орны мен уақытын айқындайды;

Ұлттық кеңестің мүшелері мен хатшысына тапсырмалар береді.

8. Ұлттық кеңестің мүшелері орталық мемлекеттік органдар басшыларының, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері мен мәслихаттары хатшыларының қатарынан тағайындалады.

Премьер-Министр, Парламент Сенатының Төрағасы, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Бас прокурор лауазымдары бойынша Ұлттық кеңестің құрамына кіреді.

Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық кеңеске басқа да адамдар енгізілуі мүмкін.

Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі мен мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;

Ұлттық кеңес отырыстарына, оның шешімдері жобасына материалдар дайындауға қатысуға;

Ұлттық кеңес отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға хақылы.

Ұлттық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.

Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

оның отырыстарының күн тәртібі жобаларын түзеді;

Ұлттық кеңес отырыстарына материалдар, сондай-ақ хаттамалық шешімдер жобаларын дайындауды ұйымдастырады;

Ұлттық кеңес мүшелерін Ұлттық кеңестің кезекті отырысының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

Ұлттық кеңес отырыстары хаттамаларынан көшірмелерді қол қойып куәландырады;

Ұлттық кеңес отырысында қаралуға тиіс мәселелерді дайындау үшін жұмыс топтары мен комиссиялар құрады;

жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен, соның ішінде шарттық негізде сараптамашыларды, ғалымдар мен мамандарды тартады.

11. Ұлттық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание