Bestprofi Logo

Жарлық № 1222 от 2003-11-05г./Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі N 857 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2012 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 сәуірдегі N 857 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 5 қарашадағы N 1222 Жарлығы

Күші жойылды ҚР Президентінің 08.05.2012 № 325 Жарлығымен. (05.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесiнiң қызметiн одан әрi жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 сәуiрдегi N 857 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесi туралы ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 12, 113-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізілсін:

"2. Ұлттық Кеңес қызметiнiң басты мақсаттары мемлекеттiк өмiрдiң неғұрлым маңызды мәселелерi, мемлекеттiк органдардың халық алдындағы жауапкершілігiн көтеру жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, азаматтық қоғам өкiлдерiмен кеңiнен талқылау негiзiнде iшкі және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау.";

"барлық билiк бұтақтарының қатысуын қамтамасыз ету" деген сөздер "мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары мен халықтың түрлi әлеуметтiк топтарының өкiлдерiн тарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Ұлттық кеңестiң құрамы онда мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың тең өкiлдiк етуi негiзiнде жасақталады. Кеңес мүшелерiнiң жартысы орталық мемлекеттiк органдар басшыларының, Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi мен мәслихаттары хатшыларының және ауылдық округтердiң әкiмдерi қатарынан тағайындалады.";

"Кеңес мүшелерiнiң жартысы азаматтық қоғам институттарының (саяси партиялар, үкiметтiк емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары), сондай-ақ халықтың негiзгi әлеуметтiк топтарының (кәсiпкерлер, фермерлер, мәдениет, бiлiм беру және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлерi, ғылыми, шығармашылық интеллигенция және т.б.) өкiлдерi қатарынан тағайындалады.".

2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 сәуiрдегi N 857 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесiнiң құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 5 қарашадағы N 1222 Жарлығына Қосымша

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 29 сәуiрдегі N 857 Жарлығымен Бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесiнiң Құрамы

Назарбаев - Қазақстан Республикасының

Абдрахманов - Қазақстан Республикасының

Асқар Тәжiбайұлы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры, Қарағанды облысы

Алтынбаев - Қазақстан Республикасының

Рубен Суренович Мемлекеттiк академиялық театрдың көркемдiк жетекшiсi, Алматы қаласы

Бүркiтбай Гелманұлы акционерлiк қоғамының президентi, Алматы қаласы

Жабайхан Мүбәракұлы Парламентi Сенатының Халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк жөнiндегi комитетiнiң төрағасы

Серiкболсын Әбділдаұлы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, Қазақстан Коммунистiк партиясы орталық комитетiнiң бiрiншi хатшысы

Оралбай Парламентi Сенатының Төрағасы

Нұртай Әбiқайұлы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы

Ғалияш Қуанышбекқызы және әдебиетiнiң мұғалiмi, Астана қаласы

Мұрат Мұхтарұлы кiтапхананың бас директоры, Алматы қаласы

Байгенжин - "Республикалық клиникалық аурухана"

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание