• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығы

Тақырып өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 22.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Президент пен Үкімет актілерінің жинағында" және
республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қоса берiліп отырған:
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1) бiр ай мерзiмде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия туралы yлгi ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;
2) осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жоғарыда аталған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияларды құрсын.
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығында:
аталған Жарлықтағы 1-тармақта:
"Самақова                   - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны 
Айткүл Байғазықызы            қорғау министрi - Қазақстан 
                              Республикасы Президентiнiң жанындағы 
                              Отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi 
                              ұлттық комиссияның төрайымы"
  • 1
деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрi" және "Отбасы және әйелдер iсi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi" және "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 01.02.2010 жылғы № 922 Жарлығымен (15.05.2008 ж. редакцияны қараңыз)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 08.05.2012 жылғы № 325 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4) "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығында:
3 және 4-тармақтардағы "Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясындағы 1-бөлiмнiң "Iс-қимылдар стратегиясы" деген шағын бөлiмiнiң жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссиялардың отбасы және гендерлiк саясат мәселелерiмен айналысатын хатшылары лауазымдарын енгiзу;".
6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 425-құжат);
2) "Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 наурыздағы  N 3395 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 11, 74-құжат);
3) "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның дербес құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 
4 наурыздағы N 16 өкiмi;
4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы 
N 314 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 45-құжат);
5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы 
N 527 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 117-құжат).
7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 2006 жылғы 1 ақпандағы
 N 56 Жарлығымен
 БЕКIТIЛГЕН
  • 1
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Ереженің атауы өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің тендігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
1-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 04.12.2014 жылғы № 971 Жарлығымен (18.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.01.2024 жылғы № 437 Жарлығына сәйкес (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2) мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен отбасының мүдделерiн қорғау, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын iске асыру мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау;
2-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3) әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал мәселелерiн талдау және Қазақстан Республикасындағы гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау; 
4) мыналарға: 
экономикалық салада әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге, әйелдер арасында кәсiпкерлiктi одан әрi дамытуға, еңбек нарығында әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыруға; 
еңбек қызметiн үй шаруасы мiндеттерiмен және бала тәрбиесiмен ұштастыру жөнiнде отбасы мүшелерiне жағдай жасауға; 
отбасы институтын нығайтуға, отбасы қарым-қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге; 
халықтың денсаулығын, оның iшiнде ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмiр сүру деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеуге; 
отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түбiрiмен жоюға және ерлерге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестiң халықаралық тәжiрибесiн енгізуге; 
халыққа гендерлiк бiлiм беру мен оқу-ағартуға, қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси және мәдени өмiрiндегi отбасының, әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзуге, ақпараттық базаны қалыптастыруға; 
демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу; 
5) Комиссияның құзыретiне кiретiн проблемалар бойынша мемлекеттiк органдардың, халықаралық ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын қарау, олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне тиiстi ұсынымдар дайындау; 
6) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөнiнде Мемлекет басшысы үшiн ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау; 
7) Қазақстандағы отбасы және гендерлiк теңдiк жағдайы аспектiлерiнiң неғұрлым толық көрiнiс табуы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау; 
8) отбасы мәселелерiне, жыныстар теңдігінің сақталмауына қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау; 
9) әйелдер, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi тұжырымдамаларды, мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу; 
10) отбасы және әйелдер жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға және қарауға қатысу; 
11) гендерлiк-құқықтық сараптамаға бастамашылық жасау және оны жүргiзу; 
12) мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, халықаралық бастамаларды iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау, әйелдер, отбасы және демография жағдайы мәселелерi жөнiндегi конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу болып табылады.
3. Комиссияның өкiлеттiктерi
4. Комиссия өз құзыретi шегiнде:
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1) Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын өз отырыстарында тыңдауға; 
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға; 
3) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларынан жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерiне қатысты заңдардың бұзылу фактiлерi бойынша тексерулер мен қызметтiк тергеулер жүргiзудi талап етуге; 
4) Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын Қазақстан Республикасы Президентi актілерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметi актiлерінің жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерiн қозғайтын жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге; 
5) Комиссияның құзырына жатқызылған мәселелердi қарауға мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн, сондай-ақ Комиссия отырыстарын дайындауға, бағдарламалар әзiрлеуге және тексерулер жүргiзуге қатысу үшiн штаттан тыс сарапшылар ретiнде беделдi әрi кәсiби дайындығы бар жұртшылық өкiлдерiн тартуға; 
6) Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері жанындағы комиссиялардың қызметін үйлестіруге, олардың қызметі туралы есептерді тындауға;
6-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.01.2024 жылғы № 437 Жарлығына сәйкес (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)
7) әйелдердiң кандидатураларын басшы лауазымдарға жылжытуға жәрдемдесуге хақылы.
5. Азаматтардан келiп түскен өтiнiштердi, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша Комиссия материалдарды мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн тиiстi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның қарауына жiбере алады. 
6. Комиссия мүшелерi шақыру бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, мемлекеттiк органдардың жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерi бойынша отырыстарына қатыса алады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
6-1. Сараптамалық-талдамалық зерттеулер жүргізу үшін Комиссия жанынан ғылыми мекемелер, білім беру ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен қоғамдық негізде жұмыс істейтін сараптамалық кеңес құрылады.
Ереже 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығына сәйкес
Сараптамалық кеңестің құрамы Комиссияның отырысында бекітіледі.
4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарларынан және оның мүшелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті оның дербес құрамын айқындайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.12.2014 жылғы № 971 Жарлығымен (18.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.05.2022 жылғы № 894 Жарлығымен (19.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
8. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзіледi. 
9. Комиссия отырыстарының, егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, құқықтық күшi бар болып саналады. 
10. Комиссияның отырысқа қатысушы мүшелерi санының қарапайым көпшiлiк дауысымен Комиссия шешiм қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады. 
11. Комиссияның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.
12. Комиссияның төрағасы:
12-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1) Мемлекет басшысының қарауына Комиссияның дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгiзедi; 
2) Комиссияның қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық жасайды; 
3) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн белгiлейдi; 
4) Комиссия отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Комиссия төрағасы болмағанда отырыстарға Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі төрағалық етеді;
4-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 04.12.2014 жылғы № 971 Жарлығымен (18.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия төрағасы болмағанда отырыстарға Комиссия хатшысы төрағалық етедi; 
5) Комиссия мүшелерiнiң арасынан Комиссия отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi; 
6) Мемлекет басшысының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша жүйелi түрде есеп бередi; 
7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң актілерiнде және тапсырмаларында көзделген өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
12-1. Комиссия төрағасы болмаған кезде Комиссияның қызмет құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі қол қояды.
Ереже 12-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығына сәйкес
12-1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.12.2014 жылғы № 971 Жарлығымен (18.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)
13. Комиссия қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін тиісті сектор жүзеге асырады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы № 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.05.2022 жылғы № 894 Жарлығына сәйкес (19.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
5. Комиссия қызметiн қамтамасыз ету
13. Комиссияның қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын, өз қызметiнде Комиссия төрағасына тiкелей бағынатын оның Хатшылығы жүзеге асырады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.04.2007 жылғы жылғы № 317 Жарлығымен (01.02.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 1 ақпандағы
№ 56 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ҚҰРАМЫ
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 жылғы N 593 Жарлығымен (17.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 26.07.2011 жылғы N 128 Жарлығымен (01.02.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.03.2012 жылғы N 284 Жарлығымен (26.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.11.2012 жылғы N 427 Жарлығымен (08.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 27.03.2013 жылғы № 533 Жарлығымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2014 жылғы № 795 Жарлығымен (27.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 18.11.2014 жылғы № 960 Жарлығымен (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 14.12.2014 жылғы № 971 Жарлығымен (18.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2016 жылғы № 191 Жарлығымен (04.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 10.10.2016 жылғы № 357 Жарлығымен (09.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 21.02.2018 жылғы № 642 Жарлығымен (10.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.06.2018 жылғы № 701 Жарлығымен (21.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 30.10.2018 жылғы № 782 Жарлығымен (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығымен (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 19.03.2021 жылғы № 536 Жарлығымен (04.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.05.2022 жылғы № 894 Жарлығымен (19.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.01.2024 жылғы № 437 Жарлығына сәйкес (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)

Балаева

Аида Ғалымқызы

- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға

Ысқақова

Жұлдызай Амангелдіқызы

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Рамазанова

Лаззат Керімқұлқызы

- қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Сүлеймен

Ләззат Жаңылысқызы

- Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Тарасенко

Елена Ивановна

- қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Абден

Қарақат Жақсылыққызы

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Ағыбаева

Бибігүл Шәкірбайқызы

- еңбек және кәсіподақ құқығы саласындағы сарапшы, "Academy of labour relations" бас директоры (келісім бойынша)

Адамбеков

Тілектес Серікбайұлы

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Адиева

Альфия Даулетқалиқызы

- "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры (келісім бойынша)

Әбдірахманова

Алина Бауыржанқызы

- "International Business School" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Байсақова Зульфия

Мұхамедбекқызы

- "Дағдарыс орталықтары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Гурина Марианна

- "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша)

Жанғазинова Назым

Жәнібекқызы

- медиакоммуникация саласындағы сарапшы, "NazymPR" PR-бутигінің негізін қалаушы (келісім бойынша)

Жандосова

Баян Айтбекқызы

- "Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі" қоғамдық бірлестігінің филиалы - Шымкент қалалық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Жүгінісова

Айнұр Серікқызы

- кәсіпкер, продюсер, "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Зұлқайыров

Ренат Уәзірұлы

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары

Имашева

Снежанна Валерьевна

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Каримова

Эльмира Рашитовна

- "Самұрық-Қазына" АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры (келісім бойынша)

Каринова

Шолпан Таңатқызы

- "AMANAT" партиясының хатшысы, партияның әйелдер қанатының төрағасы (келісім бойынша)

Қажыбаева

Раушан Жаңабергенқызы

- "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша)

Қалтаева

Ләззат Молдабекқызы

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Қанай Гүлмира

Әмірханқызы

- "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы - ректоры (келісім бойынша)

Қарабасова

Лаура Шапайқызы

- "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)

Қожалы Тоғжан

- қоғам қайраткері, "HAQ" қайырымдылық қорының негізін қалаушы (келісім бойынша)

Қожахметова

Ләззат Таймырқызы

- "Talbesik" көпбалалы аналар одағы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша)

Миронюк

Татьяна Александровна

- "Ұлттық волонтерлік желі" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

Молдашева

Рыиза Асанқызы

- "Семей таңы газеттері - Вести Семей" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры - бас редакторы (келісім бойынша)

Омарова Айман

Мұратқызы

- адвокат, құқық қорғаушы, "AU" онлайн-құқық мектебінің негізін қалаушы (келісім бойынша)

Омарова Гүлнар

Мансұрқызы

- "Senimen Bolashaq" республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша)

Семидоцких

Елена Александровна

- кәсіпкер, "Қазақстанның орыс, славян және қазақ ұйымдары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы Аналар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

Тасбергенова

Гаухар Қошқарбекқызы

- "Рухани қазына" қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша)

Хасенов

Муслим Ханатұлы

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі, құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық сарапшы (келісім бойынша)

Шанаи

Нәзипа Ыдырысқызы

- Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Шөжеева

Әзиза Тимурқызы

- кәсіпкер, "Techno Woman" коммерциялық емес ұйымының президенті, "Цифрлық трансформация" қоғамдық қорының жетекшісі (келісім бойынша)