• Мое избранное
"Желдеткіш жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Желдеткіш жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 234 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Желдеткіш жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 2 наурыздағы
 N 234 қаулысымен
 бекітілген
"Желдеткіш жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Желдеткіш жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) өнеркәсіптік өндіріс объектілерінде қолданылатын желдету жүйелеріне және олардың құрамаларына қолданылады. 
2. Желдету жүйесінің құрама бөліктерінің (дайын өнімнің) сәйкестендірілуі қосымшада келтірілген Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының кодтарын (бұдан әрі - СЭҚ ТН) пайдалану жолымен анықтау үшін жеткілікті жиынтық ретінде таңбалау және жолдама құжаттар бойынша, белгілері, шарттары, көрсеткіштері мен талаптары бойынша жүргізіледі. 
3. Осы Техникалық регламент ұйымдардың мынадай: 
1) өндірістері А және Б өрт қауіптілігі санаттарына жатқызылған; 
2) радиоактивті заттарды өндірумен және сақтаумен байланысты; 
3) жер асты тау-кен жұмыстары; 
4) ерекше мақсаттағы желдету жүйелеріне қолданылмайды. 
4) Желдету жүйелері мен құрама бөліктерін қолданумен байланыстыжәне құрылымдық қасиеттері мен сипаттамаларына, сондай-ақ дайындау, құрастыру, сынау, баптау, өндіру үдерістерін ұйымдастыруға, пайдалануға және жөндеуге қойылатын талаптарға тәуелді тәуекелдер мыналарға: 
1) ауыр зардаптар әкелетін желдету жүйенің құрама бөліктерінің сыну; 
2) дайындау, құрастыру, сынау, баптау, пайдалану және жөндеу, сонымен қатар өндіру үдерістерін келіспей ұйымдастыру кезінде механикалық зақым алу; 
3) электрлік тоқпен зақымдану; 
4) желдету жүйенің жауаптылық аумағында ауаның жоғары немесе төменгі температурасымен байланысты аурулардың пайда болу; 
5) желдету жүйесін пайдалану және оны одан әрі пайдаға асыру кезінде қоршаған ортаны ластау тәуекелі болып бөлінеді. 
5. Келтірілген тәуекелдерді төмендетуді жобалау, дайындау, құрастыру, сынау, баптау, пайдалану, жөндеу және желдету жүйелері мен олардың құрамаларын одан әрі пайдаға асыру сатыларында жүргізіледі.
2. Терминдер мен анықтамалар
6. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңымен бекітілген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай анықтамалар мен терминдер қолданылады: 
1) ауа арнасы - таза немесе ластанған ауаны тасымалдауға арналған құбыр; 
2) дефлектор - бөлмедегі ауаны жоюға арналған ауа арнасы бітетін шетіндегі басы; 
3) жалпы алмасу желдеткіші - бүкіл бөлме көлеміндегі ауаның алмасуын қамтамасыз ететін желдету; 
4) желдету қондырғысы - жетек, желдеткіш және басқару мен бақылау аппараттарының жиынтығы; 
5) желдету жүйесі - өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндіріс бөлімдерінде және жұмыс орындарында қалыпты атмосфералық ортаны қамтамасыз ету мақсатымен бір-бірімен бір жиынтыққа байланысқан құрылғылар, жабдықтар (жетек, желдеткіш, ауа арналары, бақылау және басқару аппараттары) жиынтығы; 
6) жергілікті желдету (аспирация) - залалдарды тікелей пайда болған жерлерден жоюды қамтамасыз ететін желдету.
  • 1
3. Желдету жүйелерін жобалау, дайындау және орнату (құрастыру) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
3.1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар
7. Ауыстыру ортаның құрамына байланысты желдеткіштер: әдеттегі орындауда; жегідеге қарсы орындауда; жарылыс қауіпсіз және шаңдық орындауда дайындалады. 
8. Жарылыс қауіпсіз орындаудағы желдеткіштер дөңгелектермен, конустармен және аллюминий немесе дюраллюминийден кіреберіс келте құбырлармен дайындалады; желдеткіш арқылы өтетін жарылыс қауіпті қосындысының ағымында болатын білік учаскесі аллюминийлік қалпақшалармен және төлкемен жабылады. 
9. Жегідеге қарсы орындаудағы желдеткіштер агрессивті қоспалары бар ауа әсеріне берік материалдардан дайындалады. 
10. Желдеткіштер діріл айырғыштармен жалпы іргетас рамасында электрлік қозғағыштармен жиынтықта және тапсырыс берушінің талабы бойынша реттеу құрылғысымен жеткізіледі.
3.2. Шаңсыздандыру жабдығына қойылатын талаптар
11. Құрғақ тозаңұстағыштар шанаптарды босатуға және ұсталған материалдарды транспортқа шансыз түсіруге арналған жұмыстарды механизациялауға мүмкіндік беретін қымталған бекітпесі бар сыйымды шанаппен жабдықталады. 
12. Дымқыл тозаңұстағыштардың механизацияланған шламтұндыратын құрылғылары болады. 
13. Жанғыш материалдардың шаңдарын ұстау кезінде шаңтұтқыш камералары өртке қарсы автоматтық жаңбырлы білікті құрылғылармен немесе инертті газдарды қолданумен автоматтық қондырғыларымен жабдықталады. 
14. Барлық құйындатқыштардың шаңжинағыш - шанаптары болады. 
15. Топтап орнатуда цилиндрлік құйындатқыштарды пайдалану қажет. 
16. Электрлік тозаңұстағыштар құбырлы, кәрезді немесе пластинкалық орындауда; көлденең немесе тік; бір және көп, құрғақ немесе дымқыл (сумен жуумен). Кернеу үлкендігі шектелмейді. 
17. Ультрадыбыс тозаңұстағыштардың құрылымы олардың тек естілмейтін жиілігінің ауқымында ғана жұмыс істеуін қарастырады. 
18. Кіру және рециркуляциондық ауаны тазалау үшін сүзгілер талап ету өнімділігінің сүзгілерін құрастыруына рұқсат беретін механикаландырылған агрегаттар немесе ұяшықтар жиынтығы түрінде дайындалады.
3.3. Ауа арналарына, желдету саптамаларына, дефлекторларға, жүйелі ауа қақпақтарына қойылатын талаптар
19. Ауа арналарының материалдары тасымалданатын ортаның сипаттамасына байланысты таңдалады. 
20. Талшықты цементті ауа арналары өлшемдерінің мүмкін болатын ауытқулары ұзындығы бойынша 10 мм, ал жақтары көлемі бойынша ±5 мм құрайды. 
21. Ауа арналарының және фасонды бөліктердің кесіктері бұйымның шүлдігіне перпендикуляр, шеттері бүріктерінсіз және қабатталусыз тегіс болып келеді. 
22. Үштармақ немесе айқастырма және негізгі ауа арнасының тармақталуының арасындағы ең үлкен бұрышы: тамырдың диаметрі 440 мм - 30 o  -қа дейін, тамырдың диаметрі 440 мм аса - 45 о ; рұқсат етілетін ауытқулар 1,5 о ; ось бойымен келетін бұрудың ең кіші орташа қисаю радиусы 1,5D тең; бұрудың тікбұрышты қиылысы қисығының орташа радиусы жартылай еніне тең болады. 
23. Тікбұрышты ауа арналарының тізелерінде түзететін күрекшелері болады. 
24. Ернемектерде, металлдан жасалған жалғастырғыштарда немесе құрсауларда (пластмассадан жасалған) қосылатын ауа арналары мен фассондық бөліктердің ернемектері мен жалғастырғыштар, құрсаулар, төсеулер, бұрандамалар, тығырықтар және резеңке балдақтар жиынтығымен әкелінеді. 
25. Қара металлдан жасалған ауа арналары боялады. 
26. Мырышты металлдан жасалған ауа арналарында фальцтер мен бұрыштама косындылар жерлері олифамен боялады. 
27. Желдету саптамалары берілетін ауаның көлемін реттейтін құрылғымен жабдықталады. 
28. Ауаны шоғырлана таратуға арналған және қалқаншасы бар кесе өтетін саптамалардың ағын бағытын реттейтін реттеушісі болады. 
29. Желдету саптамалары реттеуге арналған құрылғылармен бірге жіберіледі.
3.4. Электр жабдықтарына, электрмен жабдықтауға, байланыс пен автоматтандыруға қойылатын талаптар
30. Өрт сөндіру немесе автоматты өрт дабылы автоматты қондырғылармен жабдықталған өндірістер үшін желдету жүйесінің электр қабылдағыштарды, ауа баптау мен ауалық жылыту (бір фазалы жарық жүйесіне қосылатын электр қабылдағыш жабдығынан басқа), түтінге қарсы қорғау жүйелерін автоматты түрде блоктау қарастырылады. 
31. Желдету жүйелерді жартылай немесе толық өшіру технологиялық талаптармен анықталады. 
32. Ауа параметрлерін бақылау және реттеу бергіштері қызмет ететін немесе бөлменің жұмыс істейтін жерлердің белгілі нүктелерінде орналасады, бұл жерлерде олар қыздырылған немесе аса салқындатылған беттер мен құйылмалы ауа ағысының әсерлерінен сақталуы қажет. 
33. Аспирациялық қондырғылар технологиялық жабдықтармен бұғатталады.
3.5. Желдету жүйелерін орнату (монтаждау) кезінде қойылатын талаптар
34. Желдеткіш тұғырын қатты негізге орнатқанда дыбысты оқшаулайтын төсенішке тығыз орналастырады. Серіппелі және резеңкелі тозушылықпен дірілді оқшаулайтын негіздер үлгілі тетіктер сызбаларына сәйкес жасалынады. 
35. Желдеткіштердің біліктері көлденең орналастырылады, ортаға тарту күші бар желдеткіштер қаптамаларының тік қабырғаларында еңістер мен қисаюлар болмайды. 
36. Желдеткіштердің іргетастарын орнатқан кезде ішінде анкерлі болттар үшін ұялар қалдырылады, желдеткіштер орнатылғаннан кейін ұялар цемент ерітіндісімен толтырылады. 
37. Желдету жүйелері үшін электр қозғалтқыштар шүлдіктерінің параллельдігі және шкивтердің орташа сызықтарының сәйкес келуі, бүрмелерінің параллельдігі, бекітілулердің негізге бекітілу беріктілігі, корпустың, қосатын жалғастырғыштардың қоршаулары және белдік берілістердің жерлестірілуін есепке ала отырып орнатылады. 
38. Шаңнан ауаны тазалау бойынша циклондар, скрубберлер және басқада жабдықтар салыстыра тексеріледі және постаменттерге, кронштейндерге немесе басқада тірек құрылымдарына мықтап тіркеп қойылады. Бұл жабдықтарға еркін қатынас қамтамасыз етіледі.
4. Желдету жүйелерін сынау және баптау кезінде қойылатын талаптар
4.1. Қайта жөнделген желдету жүйелері үшін
39. Желдету жүйелерін сынау мен баптауды монтаждау жұмыстарын жүргізген ұйымдар жүргізеді. Қажетті жағдайларда сынау мен баптауды өнеркәсіптік кәсіпорынның құрамына кіретін көрсетілген жұмыстар түрлерін орындауға құқығы бар арнайы баптау ұйымдары немесе бөлімшелері жүргізеді. 
40. Технологиялық жабдықпен тікелей байланысты желдету жүйелері технологиялық жабдықты құрастыру аяқталғаннан және іске қосылғаннан кейін сыналады және реттеледі. 
41. Сынақ алдында желдету жабдығын орнату, ауа арналарын, клапандарды, желдету бөлмелерін және басқа да құрылғыларды сынау және құрастыру дұрыстығын және жобаға сәйкестігін тексеру керек. 
42. Желдету жүйесін сынау және баптау жүргізілген кезде мыналар орындалады: 
1) өнімділігінің, толық қысымның және желдеткіштің айналым сандарының жобамен көрсетілгендерге сәйкестігін тексеру; 
2) ауа арнасының басты учаскесінде берілетін ауа температурасын өлшеумен калориферлік қондырғылардың жұмысын тексеру; 
3) жекелеген бөлмелер бойынша жалпы ауыстырмалы желдету қондырғылармен берілетін және (немесе) сорылатын ауа көлемдерінің жобаға сәйкестігін тексеру; 
4) жекелеген ауа алатын және ауа шығаратын құрылғылар арқылы жүретін ауа көлемін жекелеген өндіріс орындарға және технологиялық жабдыққа қызмет көрсететін жергілікті желдету қондырғылармен сәйкестігін тексеру; 
5) ылғалдылық құрылғылармен жабдықталған қондырғылар үшін камера артында ауа арналарының басты учаскесінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу, ылғалдылық бүркігіштердің жұмыстарын тексеру, ауа шығыны бойынша жоба көрсеткіштеріне жету мақсатында құрылғыларды реттеу. 
43. Желдеткішті сынау кезінде желдеткіштен шығуда және кіруде ауа арналарында толық, статикалық және жылдамдық қысымдары, желдеткіш роторының айналу жылдамдығы өлшенеді. 
44. Сынау кедергілеу құрылғылардың толық өшірілуі кезінде жүргізіледі. 
45.Сынау кезінде: 
1) ауа шығаратын екі немесе одан да көп саңылаулары бар магистралдық ауа арналарында және тармақшалануларда әрбір кіргізілетін және шығарылатын саңылаулар бойынша; 
2) калориферлік қондырғылар мен сусепкіш камералардың тозаңұстағыш құрылғылардан шығу және кіру кезінде анықталады. 
46. Ауа арналары торабында ауаның сорылу және кеміп қалу көлемі желдеткіштің нақты өндірумен барлық кіру және сору саңылаулары арқылы өтетін ауа көлемінің сомасы арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады. Сорылу және кемудің жалпы көлемі желдеткіштің нақты өндірудің 10-15%-нан аспайды. 
47. Желдету жүйесін реттеу әрбір ауа арналары тармағының жекелеген ауа шығарылатын және ауа кіргізілетін саңылаулар бойынша, жекелеген ауа арналары тармақтары бойынша жүргізіледі. Реттеу деген нақты жүзінде және жобадағы ауа шығындары қатынастарын кедергілеу құрылғылары көмегімен бір қалыпқа келтіру болып табылады. 
48. Калориферлік қондырғыларды сынау және реттеу ауа шығыны және оның жобалық өнімділігін қамтамасыз ету бойынша желдету қондырғыларды реттегеннен кейін жүргізіледі. 
49. Калориферлік қондырғыны сынау және реттеу жылыту кезеңінде сыртқы ауа температура есебінен жоғары кез келген температурада жүзеге асырылады. 
50. Калориферлік қондырғыны реттеу жылу таратушы шығындардың өзгеруімен жүзеге асады.
4.2. Пайдаланудағы желдету жүйелері үшін
51. Пайдаланудағы желдету жүйелерді сынау және баптау жұмыс аумағындағы ауа күйінің санитарлық нормалар сәйкестігіне жету және желдету қондырғылардың жұмыс істеуі мақсатында технологиялық жабдық дұрыс салынған кезде ұйымның құрамымен жүргізіледі. 
52. Сынау және баптау. 
1) технологиялық жабдықты құрастыру және пайдалануға енгізу аяқталғаннан кейін, оның жұмыс істеуі кезінде бөлмеге өндіріс залалдары бөлінгенде; 
2) қайта құрудан кейін (ауа арналарының сұлбасы өзгергеннен кейін); 
3) жұмыс аумағындағы ауада өндірістік залалдары құрамның санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі табылған кезде желдету жүйелерді пайдалану үдерісінде жүргізіледі. 
53. Сынау мен баптаудың алдында желдету жүйесін алдын ала тексерулер болады: 
1) жылыту мен желдету қондырғыларын әбден талдап тексеру және оларды жобамен салыстыру; 
2) технологиялық үдеріспен және өндірістік залалдарды бөлетін жабдықтың күйімен танысу; 
3) желдету қондырғылар жұмысының пайдалану режимдерімен танысу және олардың жұмыс тиімділігін бағалау. 
54. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша пайдаланудағы желдету жүйелерді сынау және баптау бойынша ақаулар ведмостінде белгіленген жүйенің ақауларын жою бойынша жұмыстардың бағдарламасы дайындалып көлемі анықталады. 
55.Сынау және баптау мыналарды: 
1) жұмыс аумағындағы бөлмелердің ауа ортасының күйін тексеруді (ауаның температурасын, салыстырмалы ылғалдылығын және қозғалғыштығын, желдету жабдығымен туғызылатын жылулық сәулеленудің қарқындылығын, зиянды газдардың құрамын, булар мен шаңдарды, шудың деңгейін анықтауды); 
2) істеп тұрған желдету қондырғыны сынауды; 
3) технологиялық жабдықтың жергілікті сорғылар мен желдету жабындылары жұмыстарының тиімділігін анықтау және сынау мен баптауды; 
4) жергілікті желдету қондырғыларды баптауды; 
5) бөлмелерде ауа ауыстырылуын анықтауды, жалпы ауыстырмалы кіргізу және сору желдету қондырғыларын баптауды; 
6) желдету жүйесінің жекелеген элементтердің (тозаңұстағыш құрылғылары, калориферлер, сусепкіш камералар) жұмыстарының тиімділігін анықтауды және сынауды, баптауды; 
7) желдету жұмысының тиімділігін, оның бапталуын қайталап ауа параметрлерін өлшеу жолымен тексеруді қарастырады. 
56. Желдету жабдығының сынау және баптау нәтижелерінде жеткен негізгі жұмыс көрсеткіштері желдету қондыру паспортына кіргізіледі. 
57. Сынау кезінде: 
1) желдеткіштің тораптағы жұмысының нақты режимі (өнімділігі, дөңгелектің айналу жиілігі және толық қысымы); 
2) тораптың барлық тармақтарының негіздерінде және барлық желдету саңылауларында калориферлік қондырғылардан, тозаңұстағыш құрылғылардан және ылғалдағыш камералардан кірген және шыққан кезде ауаның нақты шығындары; 
3) калориферлік қондырғыларда, тозаңұстағыш құрылғыларда және ылғалдағыш камераларда ауаның өтуіне кедергісі анықталады. 
58. Бөлмелердегі ауа алмасуы желдету жүйелерді тексеру және сынау нәтижелері негізінде анықталады. 
59. Технологиялық жабдықтың мөлшер түрлері әртүрлі жергілікті сорғылары бар болғанда біртүрлес және бір мөлшерлес сорғылардың әрбір тобынан тек бір ғана сорғы тиімділікке сыналады. Сынау нәтижелерін бірдей өндіріс жағдайларында жұмыс істейтін барлық сорғыларға таратуға рұқсат беріледі және бүкіл желдету жүйесін баптау негізіне салынады. 
60. Бір технологиялық аппараттан немесе бөлінбейтін қымталған жабындылар жүйесімен өзара байланысты (мысалы, элеватор-шанап-қоректендіргіш және сол сияқты) бірнеше аппараттардан тұратын технологиялық тізбектен ауа шығаратын бірнеше жергілікті сорғыларды қолданған кезде сынаумен олардың жиынтық тиімділігі белгіленеді. 
61. Желдету жүйесін сынау және баптау нәтижелері қондыру паспортына кіргізіледі. 
62. Бөлмелердің жұмыс аумағындағы ауа ортасының жағдайын зерттеу пайдаланудағы желдету жүйелерді сынау басында өткізіледі. 
63. Зерттеу өндірістік қондырғылардың дұрыс жұмыс бастылығы және желдетудің қаралған жобалы режимінде жұмыс істеуі кезінде жүргізіледі. 
64. Зерттеу жүргізу барысында өндірістік зиянды заттардың шығу жағдайына қарай анықталады: 
1) бөлмелер ауасындағы газдың, будың және шаңның салмақтық құрамы; 
2) бөлмедегі метеорологиялық жағдайлар (температура, біршама ылғалдылық және ауа жылжымалылығы, жылу сәулелерінің қарқындылығы); 
3) ағынды ауадағы өндірістік залалдардың құрамы және оның параметрлері (температура, салыстырмалы ылғалдылық); 
4) бөлмеден шығатын және келетін ауаның жалпы мөлшері; 
5) бөлмеге жіберілетін және одан жойылатын ауа температурасының орташа өлшенген мәндері; 
6) жұмыс аумағындағы ауаның нақты орташа температурасы. 
65. Жұмыс істеп тұрған технологиялық жабдықтан шу деңгейі белгіленген нормадан артық болған кезде желдеткіш қондырғыларынан пайда болатын шуды төмендету шаралары қарастырылады.
5. Желдету жүйелерін пайдалану және жөндеу кезіндегі талаптар
66. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы желдету жүйелердің тоқтаусыз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларды дұрыс және үнемі пайдалану жүзеге асырылады, және келесі қарастырылады: 
1. желдету жүйелерге қызмет көрсету үшін білікті құрамның болуы; 
2. ауа ортасының жағдайын мезгіл-мезгіл тексеруді жүргізу; 
3. желдету жұмысының тиімділігін анықтау және оны баптау бойынша жұмысты жүргізу; 
4. жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы желдету жүйелердің техникалық жағдайының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету. 
67. Әр бір желдету қондырғысының жұмыс режимі әр бір жекелеген желдетілетін бөлме бойынша Технологиялық регламент мазмұнына келесілер кіреді: 
1) желдету қондырғысының және оның жекелеген құрылғылардың дұрыс жағдайының сипаттамасы; 
2) жұмыс орындарындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы және есеп температуралары; 
3) әр бір желдету қондырғысының желдеткіштің айналу сандары және өнімділігі; 
4) желдету қондырғыларын қосу және өшіру тәртібі; 
5) кіретін ауаның ылғалдылығын, температурасын және көлемін реттеу тәсілдері; 
6) жекелеген қондырғыларды күту ерекшеліктері; 
7) желдету қондырғылардың негізгі жабдығын пайдалану бойынша техникалық нұсқаулар; 
8) желдету қондырғылардың жұмыс тиімділігін анықтау бойынша жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен тәртібі; 
9) өрт және авария кезінде қызмет ету құрамның әрекеттерінің тәртібі туралы нұсқаулар. 
68. Әрбір өндіріс цехында немесе бөлімдерде желдету қондырғыларына қызмет көрсету журналы жүргізіледі, оларда: 
1) кезек кезінде табылған желдету қондырғылардың сынғандығы; 
2) авария салдарынан, электроэнергияның және жылу тасымалдағыштың болмау себептерімен жөндеуге байланысты қондырғылардың жұмыс істелуінің жұмыс уақытында тоқтатылудың барлық жағдайлары; 
3) табылған ақауларды жою және қондырғылардың жұмысын жандандыру жазылады. 
69. Әрбір желдету қондырғыларына паспорт құрастырылады. Паспорт сынау көрсетулері бойынша құрастырылады. Қондырғының күрделі жөндеуінен кейін паспорттың тиісті бағандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Желдету қондырғысының паспортында жөндеу түрі (ағымдағы, орташа, күрделі), жөндеу жұмыстарының басталу және аяқталу мерзімі, жасалған жөндеудің қысқаша мазмұны, жасалған жұмыстың сапасын бағалау көрсетіледі. 
70. Желдету жүйелердің тоқтаусыз дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұзақ жұмыс істеуі мақсатында олардың жоспарлы алдын ала және күрделі жөнделуі ұйымдастырылады. 
71. Желдету жүйелердің жоспарлы алдын ала жөндеуіне желдету қондырғыларды жоспарлы тексеру, жоспарлы ағымдағы жөндеулер, жоспарлы орташа жөндеулер кіреді. Барлық жоспарлы алдын ала жөндеу бойынша жұмыстар жөндеулер жоспарларымен анықталады. 
72. Күрделі жөндеулер жекелеген жоспарлар бойынша жүргізіледі. 
73. Жоспарлы тексерулер желдету қондырғылардың техникалық жағдайын анықтау және кезекті жөндеу кезінде жойылуға тиіс ақауларды табу үшін жүргізіледі. 
74. Ағымдағы және орташа жөндеулер желдету жүйесінің сынуларын және жекелеген ақауларын жоюды, тозған тетіктерді ауыстыруды, желдету жабдығын және ауа арналарын тазартуды, табылған ақауларды жоюды қарастырады. 
75. Күрделі жөндеу негізгі желдету жабдығын бөлшектеу, оның жөндеу шеберханаларында жөнделуі және жабдықтың немесе оның жекелеген бөліктерінің жартылай ауыстырылуы, ауа арналары және сол сияқтыларды бөлшектеу және жөндеу қарастырады. 
76. Күрделі жөндеуден кейін желдету жүйесі қайта реттеліп және тиімділікке сыналады, ал сынау нәтижелері паспортқа жазылады. 
77. Барлық қайта жөнделген желдету жүйелері пайдалануға жіберіледі. 
78. Желдету жүйелерді қабылдау олар жөнделгеннен және пайдалануға жіберілгеннен кейін техникалық құжаттарды тексеру, қондырғыларды қарау, байқаумен жүргізу және сынауды жүргізуде болып табылады. Қабылдау қатысқан тұлғалардың қолдары бар тиісті актімен толтырылады. 
79. Желдету жүйелерді пайдалану кезінде келесі талаптар сақталады: 
1) жетек белдіктер, қосатын жалғастырғыштар және басқа айналатын бөлшектер торлармен немесе қаптамалармен қоршалады; 
2) желдету жабдығы орнатылған алаңдарда оларға тұрақты баспалдақтар орнатылады, аражабындардағы ойықтар қоршалады; 
3) люктердің қалпақтары, көтерілу шатырлары және сол сияқты құрылғылар оларды ашық түрінде бекіту үшін айлабұйымдармен жабдықталады; 
4) электр қозғалтқыштарының жылжымалары жерлестіріледі; 
5) жүйелі қарау мен қызмет көрсетуді талап ететін желдету жабдық орнатылған орындарды үнемі жарықтандыруды қамтамасыз етеді; 
6) соққылар, аса қатты шулар немесе діріл табылған кезде жабдық тез арада өшіріледі; 
7) желдету қондырғыларына көрсететін белгілер (ротордың, электр қозғалтқышының, желдеткіштің қозғалуын бағыттау) салынуы тиіс; 
8) ауа арналарында ауа көлемін реттейтін жүйелердің белгілері болуы тиіс. 
80. Жөндеу жұмыстарын орындайтын жұмысшылар келесі талаптарды сақтауы тиіс: 
1) биіктікте жабдықты жөндеу кезінде осы жұмыстар жүргізілетін жерлерде адамдардың болуына рұқсат етілмейді; 
2) биіктікте жұмыс істеу үшін қолданылатын тасымалы баспалдақтар қайырмалы, мықтап бекітілген тіректері болады; 
3) төсемдер үшін тірек ретінде қыздыру құралдарын және құбыржолдарды пайдалануға, оларға арқандар мен тартқыштарды байлауға рұқсат берілмейді; 
4) жабдықты жөндеу айналатын бөлшектер толық тоқтатылғаннан кейін жүргізіледі.
6. Жою кезіндегі талаптар
81. Желдету жүйелерін жою желдету жүйелерін қайта монтаждау жоба құжаттары негізінде жүргізіледі. Жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша жобалық шешімдерді орындауды қамтамасыз ететін жоспарларға сәйкес жүргізіледі.
7. Сәйкестік презумпциясы
82. Үйлестірілген стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалып, қолданылатын желдеткіш жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте бекітіліп, осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі. 
83. Желдеткіш жүйесі стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттар бойынша, егер олардың талаптары осы Техникалық регламенттің талаптарынан төмен болмаған жағдайда дайындалуы мүмкін.
8. Сәйкестікті растау
84. Желдеткіш жүйелерінің сәйкестігін растау техникалық басқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
9. Техникалық регламентті қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары
85. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
86. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік актілер оларды техникалық регламентпен сәйкестендіргенге дейін техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Техникалық регламентке
 қосымша
Техникалық регламент әрекетіне түсетін, желдету жүйелерінің құрамдас бөліктерінің тізімі
 
Р/с
N
Атауы СЭҚ ТН кодтары
1. Ортатеппе желдеткіштер 8414 59 000 0
2. Шүлдік желдеткіштер 8414 59 200 0
3. Тартпа шкафтар 8414 60 000 0
4. Ауаны сүзу және тазалау үшін құрылғылар және жабдық 8421 39 200