• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 24.09.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер (бұдан әрі - мамандандырылған кеңестер) құрылсын: 
1) "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес; 
2) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес; 
3) "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес; 
4) "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі"  акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес; 
5) Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері   жөніндегі мамандандырылған кеңес.
2. Қоса беріліп отырған: 
1) мамандандырылған кеңестер туралы ереже; 
2) мамандандырылған кеңестердің құрамдары; 
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір  шешімдеріне  енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 7 мамырдағы
 N 363 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі   мамандандырылған кеңестер (бұдан әрі - кеңестер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
2. Кеңестер "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару   жөніндегі қазақстандық холдингі", "Қазына" орнықты даму қоры", "ҚазАгро" ұлттық холдингі", "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамдары және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі - қоғамдар) қызметінің негіз қалаушы мақсаттары мен міндеттері жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады.
3. Кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестердің міндеттері
4. Кеңестердің міндеттері: 
1) қоғамдарды басқару мен дамытудың негіз қалаушы мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу; 
2) қоғамдардың мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткізуі жөніндегі қызметіне бағалау жүргізу болып табылады.
5. Кеңестер міндеттерді шешу үшін: 
1) коммерциялық және коммерциялық емеске бөліп, басты стратегиялық мақсаттарды, коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттар арасындағы теңгерімді айқындау; 
2) маңызды салалық бастамалар мен міндеттер; 
3) қорытылған тиімділік көрсеткіштері мен рентабельділік коэффициенттер; 
4) дивидендтер төлеу деңгейі, қоғамдардың таза кірісін бөлу және қайта инвестициялау; 
5) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бағытталатын қаржы қаражатының орта мерзімді (үш жыл) көлемі; 
6) қоғамдардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жөніндегі мәселелерді қарайды.
3. Кеңестердің құқықтары
6. Кеңестер өздеріне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға; 
2) кеңестердің отырысына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға; 
3) қажеттілігіне қарай қоғамдарды басқарудың проблемалық мәселелерін талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Кеңестердің қызметін ұйымдастыру
7. Кеңестерді төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады. Кеңестердің төрағасы: 
1) кеңестердің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 
2) кеңестер отырыстарының Жоспар-кестесін бекітеді; 
3) қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды; 
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді; 
5) кеңестер шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. 
Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
8. Кеңестердің хатшылары: 
1) кеңестер отырыстарының күн тәртібі бойынша материалдар дайындайды; 
2) ай сайын хаттамалық шешімдердің орындалуына талдау жүргізеді;